Глоссарий
Халықаралық қатынастар – әлемдік аренада әрекет ететін субъектілер арасындағы экономикалық, саяси, құқықтық, идеологиялық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа байланыстардың және өзара қарым-қатынастардың жиынтығы.
Халықаралық қатынастар – әлем қауымдастығының субъектілері арасындағы саяси, экономикалық және т.б. адамзат өмірі мен әрекеттерінің негізгі салалары бойынша байланыстар мен өзара әрекеттесулердің кешенді жүйесі.
Халықаралық қатынастар – мемлекеттердің, халықтардың, мемлекетаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, бірлестіктердің, партиялар мен қозғалыстардың, жекелеген тұлғалар мен олардың топтарының саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, әскери, және басқа салалардағы тұрақты өзара байланыстары мен әрекеттесуінің жүйесі.
Әлемдік саясат - әлем қауымдастығының өмірлік мәселелерін, оның бүгіні
мен болашағына қатысты аса маңызды шешімдерді қабылдау және жүзеге асыруды
қамтитын жүйені атайды.