Глоссарий
- Сыртқы экономикалық байланыстар - елдер мен аймақтардың өзара шаруашылық байланыстарының жүйесін атайды.
- Әлемдік несие нарығы - елдер арасындағы өзара қарыз бен несие беру және төлем жасау жөніндегі қарым-қатынастардың жүйесі.
- Мемлекетаралық өндіріс кооперациясы – еңбек бөлінісі мен өндірістің мамандануы негізінде өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану, жаппай өндірісті жолға қою, еңбек өнімділігін арттыру және өндіріс шығындарын азайту мақсатында әртүрлі елдердің фирмалары арасында өндірістік байланыстарды орнату және дамыту процесі.