Глоссарий


Қалалардың тұрақты дамуы – бұл даму, біріншіден, сөзсіз экологиялық тепе-теңдікті сақтай отырып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету; екіншіден, адами өлшемде қабылданған экономикалық және әлеуметтік салалардың теңгерімділігі; үшіншіден, қазіргі жағдайда ғана емес, болашақты ескере отырып қалалық қоғамдастық пен болашақ ұрпақтың үйлесімділігін қамтамасыз ету.

Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы кәсіпорыны бар, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қала. Яғни, экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсіпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20%-дан астамы) шоғырландырылған қала


Депрессивті өңір - өндірістің ұзақ (бес және одан да көп жыл) құлдырауы, төмен инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (жолдар, байланыс желілері, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау т.т.) салдарынан жұмыспен қамту, экология, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер саласында жағымсыз үрдістердің болуымен сипатталатын әкімшілік-аумақтық бірлік.

Инновациялық қала - инновациялар есебінен әлеуметтік және экономикалық өзгерген, көптеген жаңашылдықтардың интеграциясы нәтижесінде туындаған, жаңа әлеуметтік пішіндегі қала

Browse the glossary using this index

Special | A | B | C | D | E | F | G | H | I | J | K | L | M | N | O | P | Q | R | S | T | U | V | W | X | Y | Z | ALL
No entries found in this section