Тематический план

  • Дәріс 1. Кіріспе. Өнеркәсіп географиясы пәнінің мақсаты мен міндеті. Пәннің зерттеу әдістері мен негізгі теориялары.

    «Өнеркәсіп географиясы» пәні еліміздің жоғары оқу орындарының жаратылыстану-ғылыми бағытында кәсіби білікті географ мамандарды даярлаудағы таңдау компонентіндегі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Курстың мазмұны жоғары оқу орындарының студенттері не, география пәнінің мұғалімдері мен әдіскерлеріне өнеркәсіп саласының географиясы бойынша білімді тереңдетуге негіз болады.

    «Өнеркәсіп географиясы» пәнінің мазмұны жоғарыда аталған мамандықтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына толық сәйкестендірілген. «Өнеркәсіп географиясы» пәні білім алушылардың «Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе», «Экономикалық теория негіздері», «Қазақстан мен ТМД-нің экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқу курстарынан алған білімдеріне сүйене отырып, «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» және «Қазіргі дүние географиясы» курстарымен қатар оқытылу арқылы, олардың экономикалық білімі мен дүниетанымын кеңейте түсуге, экономикалық  және экологиялық ойлаудың негізін қалауға мүмкіндік береді.

    Бүгінгі таңда Қазақстан өз тәуелсіздігінің жиырмасыншы жылына аяқ басып отыр. 1991 жылдан бастап, өзінің стратегиялық мақсаттары етіп тұрақтылық пен табысты таңдап алып, әрі жаңа кезең үшін дамудың жаңа бағдарламаларын құра отырып, еліміз алға қарай қарыштап қадам басуда.

    Осылардың куәсі ретінде ел экономикасының жиынтық көрсеткіші табылады. 1994 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мың доллардан сәл асатын еді. Ал, Халықаралық валюталық қор есебі бойынша 2007 жылдың ортасына қарай ол 10 еседен аса өсті және  ол11,5 мың Америка Құрама Штаттары долларынан асып түсті (сатып алу қабілеті паритеті бойынша). Дәл сол кезде осы деңгейге қол жеткізу жобасы 2015 жылға ғана жоспарланған болатын.(қосымшадағы 1-кесте).

    Әлемдік тәжірибе өз тәуелсіздігінің алғашқы 20 жылы шамасында бір де бір елдің осындай нәтижеге қол жеткізбегендігін көрсетіп отыр. Мысалға, Оңтүстік Кореяның егеменді дамуының алғашқы жиырма жылдығындағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 3 есе, Малайзиянікі - 2 есе, Сингапурдікі - 4 есе, Венгриянікі - 5 есе, Польшанікі - 4 есе ғана өскен.

    Елде индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы табыспен жүзеге асырылуда. Оны жүзеге асырудың бірінші жылының нәтижесінде пайдалануға 152 кәсіпорын берілді, тұрақты жұмыспен 24 мыңға жуық қазақстандық қамтамасыз етілді. Ел бойынша барлығы шамамен сегіз жүз әртүрлі өндірістер құрылған.

    Өнеркәсіп географиясы - өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық географияның негізгі буыны бола отырып, табиғат пен қоғамды өзара тығыз байланыста қарастыратын кешенді сала. Оның әдіснамалық негізі материалистік диалектика болып табылады. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттеу барысында, ол өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық географияның құрамдас бөлігі ретінде бірқатар ғылыми әдістерді пайдаланады. Біз төменде оның негізгілеріне тоқталамыз

    Бағдарламалық-мақсаттық әдіс нарықтық қатынастар жағдайларында жұмыстың барлық кезеңдерін (нақтылы мәліметтерді жинаудан, аумақтық жүйелердің қасиеттерін бағалаудан, олардың қызмет атқаруының заңдылықтарын анықтаудан, дамуын болжаудан бастап, аумақтық жүйелердің өзгеруімен байланысты жобаларды сараптауға дейін) қамтиды,  сонымен қатар жеклеген салалар мен аумақтар бойынша кешенді бағдарламалар жасап шығару үшін маңызды мәнге ие.

    Жүйелі талдау әдісі өз кезегінде аумақтық жүйелердің әрқайсысын жан-жақты, оның сыртқы және ішкі байланыстарын зерттей отырып, бұл нарықтық қатынастар қалыптасуы барысында аймақтардың егемендігі жағдайларында, әсіресе, маңызды болып отырғанындай, елдің шаруашылық кешені жүйесінің біртұтастығын қарастырады.

    Тепе-теңдік(баланс) әдісі өндіріс көлемдерін аймақтың ресурстарының алуан түрлерімен байланыстыруға және қажетті пропорциялар орнатуға мүмкіндік беріп отырады.

    Статистикалық әдістер әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың аумақтық аспектілерін сипаттайтын алуан түрлі сандық, мөлшерлік ақпаратты өңдеу және талдау үшін қызмет атқарады.

    Картографиялық әдіс аумақтық экономикалық-географиялық процестерді және елдер мен жекелеген аймақтар қимасында шаруашылық пен халықты орналасу ерекшеліктерін танып-білу үшін қажет. Ол процестер мен құбылыстардың уақыттық кесіндісін де, олардың даму ырғағын (динамикасын) да көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

    Экономикалық-математикалық үлгілеу әдісі әртүрлі бастапқы мәліметтер жүйелерінің аясында өте ыңғайлы нұсқасын есептеп шығуға және оның ең оңтайлысын (өндірістің мол өнімі жағдайында шығындардың аз болуы) таңдап алуға мүмкіндік береді.

    Салыстырмалы-географиялық әдіс бірқатар аумақтық бірліктерді математикалық тәсілдердің көмегімен салыстырып қарауға мүмкіндік беріп отырады.

    Тарихи әдіс жалпылама және ерекше тарихи құбылыстардағы салыстырудың көмегімен олардың дамуының негізгі тенденцияларын анықтайды.

    Өнеркәсіп географиясының негізгі міндеттері:

    -өнеркәсіптің аумақтық ұйымдастырылуын жетілдіру жолдарын;

    -өнеркәсіп салаларының аса ұтымды орналастырылуын;

    -жекелеген аймақтың және жалпы бүкіл елдің дамуының тиімділігін арттырудың болашағын негіздеу болып табылады.

    Шаруашылықты орналастырудың теориялық концепцияларын қалыптастырудың басталуын әдетте 1826 жылы неміс ғалымы Й.Тюненнің «Оқшауланған мемлекеттің өзінің ауыл шаруашылығы мен ұлттық экономикаға қатысында» атты кітабының жарық көруімен байланыстырады. Осы іргелі еңбек ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырудың жалпы заңдылықтарын анықтауға арналған болатын.

    Й.Тюнен осының шеңберінде орталық қала – ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудың және елді өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз етудің жалғыз ғана нарығы бар абстрактылы, қалған әлемнен экономикалық тұрғыдан оқшауланған мемлекетті қарастырады.

    Кеңістіктің кез келген нүктесінде әрбір өнімнің бағасы оның қаладағы бағасынан жүктің салмағына және оны тасымалдау қашықтығына орай теңдестірілген күйде қабылданатын көлік шығындарының мөлшеріне байланысты өзгеше келеді. Осы қағиданың негізінде Й.Тюнен ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырудың оңтайлы сұлбасы – бұл ауыл шаруашылығының әртүрлі мамандану аймақтары болып табылатын, орталық қаланың маңындағы, әртүрлі диаметрдегі шоғырланған белгілеулер жүйесі екендігін дәлелдейді. Өнімділік неғұрлым жоғары болса, тиісті өндіріс қалаға солғұрлым жақынырақ орналасуға, ал енді қандай да бір өнім салмақ бірлігіне шаққанда неғұрлым қымбатырақ болса, оны қаладан соғұрлым алысырақ орналасту мақсатқа лайықты, ақылға сыйымды. Осыдан келіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқындылығы қаладан қашықтаған сайын төмендей беруге тиісті екендігі келіп шығады.

    Өзге неміс ғалымы В.Лаунхард жеке өнеркәсіп кәсіпорнының шикізат көздеріне және өнімді сату нарықтарына қатысты оңтайлы орналастырылуын зерттеді (1882). Й.Тюнендегі секілді, В.Лаунхардта өндірісті орналастырудың шешуші факторы болып көлік шығындары табылады. Өндірістік шығындар зерттеліп отырған аумақтың барлық нүктелері үшін тең етіп қабылданады. Кәсіпорынды оңтайлы орналастыру орны тасымалданатын жүктердің салмағына және қашықтыққа байланысты болады.

    Өндірісті орналастыру теориясына неміс экономисі А.Вебер үлкен үлес қосты. Өзінің 1909 жылы жарияланған «Өнеркәсіпті орналастыру туралы: штандорттың таза теориясы» атты жұмысында ол, одан бетер ортақ оңтайландыру міндетін: тек көлік шығындарын ғана емес, өндірістің жалпы шығындарын төмендету (азайту) міндетін қоя отырып, көлік шығындарына қосымша, теориялық талдауға өндірісті орналастырудың жаңа факторларын енгізеді. А.Вебер өндірісті орналастыру факторларының олардың әсер етуі, ортақтық дәрежесі және көрініс табуы бойынша егжей-тегжейлі жіктемесін жасап шығарды. Орналастырудың негізгі факторы деп ол шаруашылық қызмет, іс-әрекет үшін оның орналасуына байланысты анықталатын экономикалық пайданы атайды. Бұл пайда белгілі бір өнеркәсіп өнімін өндіру және сату жөніндегі шығындарды қысқартудан тұрады және оны өндіру жөніндегі ең аз шығындары бар, өнімді жасаудың оңтайлы орнын таңдап алу мүмкіндігін білдіреді. А.Вебер штандортты факторлардың (орналастыру факторларының) үш тобын: көлікті, жұмыс күшін және ғалым мұны келесі «агломерациялық әсер» (яғни олардың орналастыру орнын таңдауға бірлесе әсер етуінен келетін әсер) түсінігіне синтездеген, кәсіпорынның орналастырылуына әсер ететін барлық қалған жағдайларды айшықтап талдайды.

    В.Кристаллер елді мекендер жүйесінің (орталық орындардың) нарықтық кеңістіктегі функциялары мен орналастырылуы туралы теория жасап шығарды. Оның негізгі қағидалары 1933 жылы «Оңтүстік Германиядағы орталық орындар» кітабында жарияланды. Автор халықтың біртекті аумақта орналастырылуының бірқалыптылығы шартын негізге алды. Бұл жағдайда аумақ осында халық өнім сатып алуға келетін орталық қаланың өнім сату аймағы болып табылатын дұрыс алтыбұрыштарға бөлінеді(1-сурет). Өнім сатуды осылайша ұйымдастырған кезде сатып алушылардың сапар шегулерінің орташа қашықтықтарын минималдандыру қамтамасыз етіледі. В.Кристаллердің үлгісі орталық орындардың сатылы иерархиясын (шағын, орташа, ірі және аса ірі) қарастырады. Осыған сәйкес функциялардың әртүрлі дәрежедегі, әртүрлі шамадағы қызмет көрсету орталықтары бойынша дифференциациялануы жүріп отырады.

    Неміс ғалымы А.Лештың «Шаруашылықты кеңістікте орналастыру» атты негізгі еңбегі 1940 жылы шықты. В.Кристаллердің идеясына сүйене отырып, А.Леш фирмалар Кристаллердің (гексагональды) торының биігінде орналасуға және әр фирма «өзінің» дұрыс алтыбұрышының шеңберінде сатып алушыларға қызмет көрсетуге тиіс деген қорытындыға келді. Шағын деңгейден (жекелеген кәсіпорындар мен елді мекендерден) экономикалық аудандар құру мәселелеріне көше отырып, ол орналастыру теориясының аясын кеңейте түсті. А.Леш ілімінің шарықтау шыңы болып, кеңістіктік тепе-теңдіктің принциптік негіздерін жасап шығуы табылады.

    А.Смит және Д.Рикардо сауда негізінде халықаралық аумақтық еңбек бөлінісін зерттеді. А.Смит қандай да бір ел, қандай да бір тауар өндіру үшін осыларға ие болып отыратын абсолюттік басымдылықтар теориясын алға тартты. Абсолюттік басымдықтар емес, елдердің халықаралық  аумақтық еңбек бөлінісінде елдердің мамандануы кезінде  дәл осылар негізгі болып табылады деп сендіре отырып, Д.Рикардо бұл теорияны салыстырмалы басымдықтармен толықтырды. Ол барлық тауарлар бойынша жоғарырақ өндірістік шығындарға ие болып отырған елдердің өзінің «шығындардың айырмасына ойнаудың» арқасында, мамандану мен алмасудан ұтысқа ие бола алатындығын дәлелдеп шықты.

    Одан әрі швед ғалымдары Э.Хекшер мен Б.Олин, талдауға өндірістің негізгі өзара алмастырылатын факторларының (еңбектің, капиталдың, жердің және т.б.) арақатынасын енгізе отырып, А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларын жетілдіре түсті.

  • Дәріс 2. Өнеркәсіп географиясының салалық құрылымы және оған ҒТР-дың ықпалы.

    Постиндустриалды қоғамға өтудің басталуымен бүкіләлемдік жалпы  ішкі өнімдегі (ЖІӨ) өнеркәсіп кешендерінің үлесінің және ондағы экономикалық белсенді халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуінің азая бастағандығына қарамастан, өнеркәсіп материалдық өндірістің ең басты саласы болып орнығуда. Өнеркәсіп өндірісіне бұрынғысынша үлкен инвестициялар бағытталуда, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конcтрукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) кететін ірі шығындар да онымен тікелей байланысты болып қалуда. Өнеркәсіптік тауарлар халықаралық саудадағы өзінің сөзсіз біріншілігін сақтап отыр. Өнеркәсіп тек экономикаға ғана емес, қоғамдық өмірдің басқа жақтарына да үлкен әсерін тигізуін жалғастыру үстінде. Өнеркәсіптің аумақтық құрылымы, бүкіләлемдік шаруашылықтың қаңқасын қалыптастырушы ретінде, оның аумақтық құрылымында анықтауда. Сондықтан көбінесе,  «өнеркәсіпті» (әрине негізсіз де емес) адамдар «экономикалық дамудың моторы» деп оны балама атауменен де атауда.

    Дүниежүзілік өнеркәсіптің  бүкіләлемдік ауқымын сипаттайтын сандық көрсеткіштері де (оның өсу қарқыны ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы 6%-дан қазіргі 2%-ға дейін төмендеп кетсе де) өте жоғары болып қалуда. Жаңа ғасырымыздың басындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының және ТМД елдерінің сарапшыларының мәліметтеріне және халықаралық экономикалық ұйымдарының есептеулеріне жүгінсек, жаңа ғасырымыздың басында дүниежүзілік өнеркәсіп жасаған қосымша құн шамамен алғанда 15 трлн долларға бағаланып және оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі ауыл шаруашылығының үлесінен 7-8 есе асып түсе отырып, бүкіләлемдік жалпы ішкі өнімнің 1/3 бөлігін құраған. Бүкіләлемдік өнеркәсіп өндірісінде 500 млн. аса адам (1960 жылдардағы 180 млн адаммен салыстырғанда) жұмыс істейді. Бұған өнеркәсіптік тауарлар өзінің көлемі әрі құны бойынша да халықаралық саудадағы барлық тауарлардың 80-90%-ын құрайтындығын қоссақ, оның ауқымының аса кеңдігін байқаймыз.

    Бүкіләлемдік өнеркәсіптің салалық құрылымында да үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Мезоқұрылым деңгейінде олар ең алдымен өндіруші және өңдеуші салалар арасындағы пропорциялық тұрғыдағы өзгеруінен көрініс табуда. ХХ ғасырдың екінші жартысының бүкіл өне бойында жалпы өнеркәсіптік өндірістегі өндіруші салалардың үлесінің азаюына қарайғы тұрақты тенденция сақталып келеді. Бүгінгі күні бұл үлес 1/10 шамасын құрауда. Мұндай өзгерістер өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптегі өзінің ішкі пропорцияларына қатысты болуда.

    Өндіруші өнеркәсіп тек тау-кен өнеркәсібін ғана емес, ағаш дайындау өнеркәсібін де қамтитын, ірі және шағын салалардың тұтастай кешені болып келеді, бұған сонымен қатар теңіз кәсіпшілігі, сумен жабдықтау, аң аулау, т.б. кәсіпшіліктер шаруашылығын да жатқызылады. Бірақ осы саланың жиынтық өнім шығаруының шамамен ¾ бөлігі оның негізгі басты саласы - тау-кен өндірісі өнеркәсібіне тиесілі. Ал тау-кен өндірісі өнеркәсібінің құрылымында, оның өнімінің 3/5 бөлігін (құны бойынша) қамтитын мұнай-газ өнеркәсібі, ал қалған бөлігін шамамен бірдей үлесте – көмір және кен өндіру өнеркәсібі қамтамасыз етіп отыр.

    Өңдеуші өнеркәсіп – құрылымдық жағынан өндіруші өнеркәсіптен де бетер анағұрлым күрделі кешен. Ол өз кезегінде осылардың басын қосатын төрт ірі блокқа, яғни: 1) конструкциялық материалдар мен химиялық өнімдер өндіруге; 2) машина жасау мен металл өңдеуге; 3) жеңіл өнеркәсіпке; 4) тамақ өнеркәсібіне бөлу қабылданған 300-ден аса әртүрлі ірі және шағын салаларды қамтиды. Өңдеу өндірістерінің құрылымында сондай-ақ ауыр және жеңіл өнеркәсіп салаларын бөліп көрсетіледі: 60-жылдардың өзінде-ақ олардың арасындағы арақатынас 60:40-ты құраған болатын, бірақ 80-жылдардың өзінде-ақ бұл арақатынас 70:30% болып шықты. Әлемдік өңдеу өнеркәсібінің құрылымында бірінші орынды машина жасау алып отыр (бүкіл өнімнің 40%-ы ), екінші орында химия өнеркәсібі тұр (15%-дан көбірек). Одан әрі тамақ өнеркәсібі (14%), жеңіл өнеркәсіп (9%), металлургия (7%) және өзге салалар келе жатыр. Олардың арасындағы арақатынас уақытқа қарай өзгеріп отырады, бірақ жалпы алғанда біршама тұрақты болып қалуда. Оның есесіне, жоғарыда аталып көрсетілген салалардың әрқайсысының өз ішіндегі болып жатқан өзгерістер әдетте қарқындырақ болып келеді. Ең алдыменен, осы айтылғандар негізінен өнеркәсіптік өндірістің ең әртараптырындалған саласы ретінде машина жасауға

    Дамушы елдерде индустриялдандырудың қос стратегиясы, немесе екі – ішке бағытталған және сыртқа бағытталған үлгісі белгілі. Осылардың біріншісін, экономикалық әдебиеттерде импорт алмастыру стратегиясы деп атау қабылданған. Ол негізінен алғанда Азияның, Африканың және Латын Америкасының дамушы елдерінде индустриялдандырудың бірінші кезеңінде жүргізілді және өнеркәсіп өнімдерін импорттаудан біртіндеп бас тартудан және ішкі нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз етуден тұрды. Алдыменен, осындай импорт алмастыру тұтынушылық тауарларын – маталарды, киімді, аяқ киімді, жиһазды және т.с. өндіруде жүзеге асырылды. Одан әрі импорт алмастыру ауыр өнеркәсіп өнімдерін де қамтыды. Алайда осындай импорт алмастыратын даму жалпы алғанда жеткіліксіз тиімді болып шықты, сондықтан көптеген елдер өзгеше, осының негізінде жергілікті тауарларды бүкіләлемдік нарыққа қарай жылжыту бағдарға алынған экспортқа бағытталған даму үлгісіне көше бастады. Ең көп жағдайда бұл үлгі Азияның жаңа индустриялды елдеріне (ЖИЕ) тән.

  • Дәріс 3. Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Өнеркәсіптің географиялық орналасуына әсер етуші факторлар.

    Өнеркәсіптік өндірісті, әрбір нақтылы кәсіпорынды орналастыруға факторлардың өте көпсанды түрлері өз әсерін тигізеді, бұл ретте олардың маңыздылығы елеулі ерекшеленіп отырады. Өндірісті орналастырудың «бағытталған» терминін пайдалану қажет. Мысалға, шикізатқа, өнім өткізу нарығына, еңбек ресурстарына (олардың санына немесе олардың біліктілік деңгейіне) бағытталған салалар бар екендігі айқын.

    Шағын жеке кәсіпорындар басым болған, экономиканың дамуының алғашқы сатыларында өндіріс-ресурстар мен шикізаттары бар жерде орналастырылды. Бірақ, олардың іс-әрекетінің масштабының өсуімен, шаруашылық байланыстары күрделене түст, бұл өз кезегінде кәсіпорындарды орналастыру орындарын таңдап алу мәселесі өмірге келді. Сәтті таңдау табыстың алғышарты болды, ал сәтсіз таңдау – кәсіпкерге ойсырай кедейлену қаупін төндірді, осыған байланысты ғалымдар өндірісті «орналастыру факторлары» түсінігін ол жүзеге асырылатын орынға байланысты туындайтын, шаруашылық іс-әрекет үшін экономикалық пайда ретінде ұғынуды ұсынды.

    Көліктің дамуы өнеркәсіп салаларының көпшілігін алдымен ұлттық, ал кейініректе әлемдік нарық деңгейіне шығарды. Алғашқы монополиялардың (өнеркәсіп бірлестіктерінің, компаниялардың) пайда болуымен өнеркәсіп кәсіпорындарын аумақтық орналастыру мәселелері орасан зор практикалық қызығушылыққа ие болды.

    Табиғи-ресурстық факторлар. Ол өнеркәсіпті орналастырудың табиғи жағдайлар мен ресурстарға тәуелділігіне себепкер болады. Бұл - табиғи ерекшеліктер мен ресурстардың (аумақтың өлшемдері, табиғи-климаттық жағдайлар, оның ішінде рекреациялық потенциал, аумақтағы ресурстардың бар болуы, экономикалық-географиялық орнының ерекшеліктері және т.б.) жиынтығы.

    Қоғамдық факторлар. Қазіргі таңда өндірісті орналастыру, бұрынырақтағыға қарағанда, көбірек дәрежеде, қоғамдық даму заңдарының әсер етуімен қалыптасады және өндірістің мақсаттарымен әрі оларға қол жеткізу мүмкіндіктерімен анықталады. Нарықтық экономика жағдайларында фирманың (кәсіпкердің) негізгі мақсаты – максималды табыс алу. Осыған байланысты өнеркәсіптік өндірісті ұтымды орналастыру мәселесі ең келешегі бар (табыс алуға қатысты) шикізат көздерін, өндірісті ұйымдастыру мен өнімді сату нарықтарының орындарын және түрлерін таңдап алуға келіп тіреледі.

    Ең көп әсерді еңбек ресурстары мен капитал береді. Жұмыс күшінің құнының әсер етуі жұмыс коэффициенті (бұл жұмыс күшіне кететін шығындардың шығындалған материалдар мен дайын өнімнің қосынды салмағына ара қатынасы) арқылы анықталады. Бүгінгі таңда жұмыс күшінің санына қарағанда, оның сапасы маңызды. Қызметкердің біліктілігі білім деңгейіне, еңбек дағдыларының бар болуына, халықтың өндіріске тартылу дәрежесіне байланысты болып келеді.

    Соңғы онжылдықтарда ақпараттық ресурстардың (бір жағынан алғанда, капиталға ақпараттық техника мен коммуникация құралдары түрінде енетін, ал екінші жағынан, еңбек ресурстарының сапасын, қызметкерлердің біліктілігін және олар жасайтын техникалық құжаттаманың деңгейін сипаттайтын) маңызы қатты арта түсті.

    Салаларды орналастырудың басым факторлары бойынша жіктеу. Шығаратын өнеркәсіп салаларын орналастырудың негізгі факторы табиғи-ресурстық фактор болып қалуда. Өңдеу өнеркәсібі салаларының ішінен орналастырудың басым факторлары бойынша өндірістердің төрт тобын бөліп көрсетуімізге болады.

    1. Шикізат көздеріне көбірек тәуелді салалар (материалды немесе шикізатты көп қажет ететін өндірістер). Бұл тау-кен және металлургия жабдықтары өндірісі, қара металлургия, азот-тук, целлюлоза-қағаз, цемент өнеркәсібі және т.б.

    2. Еңбекті көп қажет ететін салаларды еңбек ресурстары шоғырланған аудандарда орналастырған бәрінен де мақсатқа лайықтырақ. Бұл станок жасау, тоқыма, тігін, аяқ киім өнеркәсібі, аспап жасау, электротехника және т.с. олар өндіріс шығындарындағы жалақының жоғары үлесімен ерекшеленеді. Бұл ретте күрделі машина жасау (электроника, электротехника және т.б.) өзінің орналасуында біліктілігі жоғары кадрлар бар аудандарға (ғылымды көп қажет ету факторы қосылады), ал бұқаралық өнім шығаратын салалар – арзан (біліктілігі төменірек) жұмыс күші бар аудандарға тартылатын болады.

    3. Арзан отын мен электр қуаты көздеріне тартылатын, энергияны көп қажет ететін салалар. Бұл- алюминий, магний, никель балқыту,химия талшықтарын, синтетикалық каучук, шайырлар және пласмасса өндіру, сонымен қатар жылу энергетикасы. Осы салалардың өндіріс шығындарындағы отынға және электр қуатына шығындардың үлесі ең жоғары. Демек, олардың кәсіпорындары арзан отын мен электр қуатының көздеріне бағыт-бағдар алады (мысалға, бастапқы алюминий өндіру жөніндегі зауыттар ірі гидроэлектр станцияларының маңында құрылатын болады және т.с.).

    4. Тұтынушылар нарығына бағдар алған салалар. Бұл – автомобиль жасау, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, мұнай өңдеу, жиҺаз, нан пісіру өнеркәсібі, кондитерлің өнімдер өндіру және т.с.

  • Дәріс 4-5. Отын-энергетикалық өнеркәсіп кешені. Электр энергиясын өндіру.

    Отын-энергетика кешені (ОЭК) - өнеркәсіптің басқа салаларының дамуын және жалпы алғанда әлем мемлекеттері экономикасының даму деңгейін анықтайтын, өнеркәсіптің «базалық» деп аталатын салаларына жатады. Бұл басқа салаларды қуат ресурстарымен жабдықтайтын салалардың жиынтығы. Энергетикаға барлық отын салалары мен, отын және электр қуатын алудың көздерін барлауды, игеруді, өндіруді, өңдеуді және тасымалдауды, сондай-ақ электр қуатын тұтынушыға беруді қоса отырып, электр энергетикасы жатады.

    Бастапқы энергетикалық ресурстар – бұл мұнай, табиғи газ, тас және қоңыр көмір, жанғыш сланецтер, шымтезек, ағаш, ауыл шаруашылық өндірісінің қалдықтары, күннің, желдің қуаты, мұхиттық және геотермальды қуат, сонымен қатар гидроқуат және атомдық ыдырау мен ядролық синтездеу қуаты.

    Бастапқы энергетикалық ресурстардың жылу түзгіш қасиеті (немесе органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығы) әртүрлі. Мысалға, 1 кг қатты «шартты отынның» (іс жүзінде 1 кг тас көмірдің) жану жылулығы 29,3 МДж (немесе 7000 ккал/кг) тең, ал бұл кезде жылулық коэффициенті 1,0-ге тең. Мұнай мен газдың тиісті көлемінің жану жылулығы жоғарырақ (жылулық коэффициенті – 1,5), отынның басқа түрлері (қоңыр көмірдің, шымның, ағаштың, жанғыш сланецтердің) жану жылулығы – төменірек. Алайда 1 кг уран отынын жаққан кезде 3 мың тонна көмір жанған кезде алынатын қуатқа эквивалентті қуат бөлініп шығады.

    Әлемдік шаруашылықта отын ресурстарын шығару көлемдерінің өзгеруі, басқаларына қарағанда, қуаттың бір көздерінің қымбаттай түсуі, оларды тасымалдау құралдарын жетілдіру, қуатты түрлендіру мен беру жүйелерінің дамуы әлем елдерінің дамуына, экономикасының құрылымына және бүкіл шаруашылық дамуына елеулі әсерін тигізеді.

    Қуат тұтынудың жалпы өсуі сөзсіз жүріп отырады. Дамушы елдер әлемдік шаруашылықта бұрынғысынша негізінен алғанда қуатты жеткізушілер, ал дамыған елдер – тұтынушылар ретінде болып отыр. Дамып келе жатқан елдердің қуат тұтынудағы үлесі артып келе жатса да, ХХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл әлемде қуатты қосынды тұтыну әрбір 18-20 жыл сайын екі еселеніп отырды, ал жүзжылдықтың екінші жартысында қуатты тұтынудың өсу қарқындары жеделдей түсті (шамамен алғанда жылына 5%-ға дейін). Қуат тасымалдаушыларды халықаралық саудалау артып келеді.

    Отын-энергетика балансының құрылымы. Ғылыми-техникалық революция қуаттың негізгі түрлерін өндіру мен тұтынудың құрылымындағы түпкілікті өзгерістерге алып келді. Мұнай мен мұнай өнімдерін тұтынудың елеулі өсуі бірінші кезекте автомобиль көлігі мен авиацияның қауырт дамуымен және теміржол мен теңіз көлігінің сұйық отанға көшуімен байланысты болды. Мұнай өнімдері өнеркәсіпте, сондай-ақ тұрмыста отын мен шикізат ретінде күн өткен сайын кең көлемде қолданыла бастады (қосымшадағы 3-кесте).

    Соңғы жылдары жер қойнауларының жуырдағы онжылдықтардағы экологиялылақ таза және болашағы зор қуат көзі ретінде газ отыны күн өткен сайын берік позицияларды алып келеді. Отын-энергетика балансының құрылымында біртіндеп атом және гидроэнергияның үлесі, сондай-ақ қуаттың баламалы көздерінің (биоотын және биоқалдықтар, геотермальды, күн, жел қуаты, судың көтерілуі мен қайтуының қуаты және т.с.) үлес салмағы артып келеді.

    Мұнай – бұл жердің шөгінді қабығында таралған, қара немесе қара-қоңыр түсті, жанатын майлы сұйықтық. Жеңіл, орташа және ауыр мұнай болып ажыратылады. Мұнайдың  сапасы өз кезегінде одан алынатын мұнай өнімдерінің сапасына әсер ететін тұтқырлық пен күкірттің мөлшері бойынша анықталады. Айдау (бастапқы өңдеу) арқылы мұнайдан бензин, реактивті отын, керосин, дизель отыны, мазут алынады.

    Мұнайды сыйымдылығы 30-50 мың м3 жер бетіндегі немесе жер астындағы резервуарларда (болат, темір-бетон) сақтайды. Тасымалдау теміржол бойынша, мұнай құятын кемелермен (танкерлермен) теңіз және өзен көлігімен және мұнай құбырлары (өзіне құбырды, насос станцияларын және қоймаларды қосатын) бойынша жүзеге асырылады.

    Мұнайдың қатты отынның алдында белгілі бір артықшылықтары бар, оның ішінде мұнайды көлем мен салмақтың бірлігіне шаққанда шығарған кездегі үлкенірек тиімділік; аққыштық қасиеті; жүк көтергіштігі үлкен мұнай құятын кемелерде тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзандығы ерекше етеді, бұл мұнайды шығаруды, тасымалдауды, тиеуді, өңдеуді механикаландыруды және автоматтандыруды жеңілдетеді.

    Мұнай өнеркәсібінің қауырт дамуының негізгі себебі осы саланың жоғарғы табыстылығында. Шаруашылықтың көптеген салаларының және қарулы күштердің тарапынан мұнай өнімдеріне деген сұраныстың жылдам өсуі, мұнайды шығару мен тасымалдауға салыстырмалы түрдегі төмен шығындар, мұнайдың аса ірі қорларының өте-мөте арзан жұмысшы күші бар, экономикалық тұрғыдан әлсіз дамыған елдерде шоғырлануы – осының барлығы мұнай өнеркәсібін әлемдік экономикадағы капитал салудың ең табысты салаларының біріне айналдырды.

    Мұнай өндірудегі техникалық прогресс кен орындарын барлау мен жасап шығару әдістерін жетілдіру, тиімді жабдық жасау және отынды шығарудың, тасымалдауға және пайдалануға дайындаудың жаңа әдістерін қолдану және т.с. мәселелерін қамтиды. Мысалға, мұнай (сонымен қатар газ) өнеркәсібінде ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізудің аса маңызды бағыттарының бірі - кен орындарында мұнай-газ шығаруды қарқынды ету әдістерінкен орындарында жасап шығару, мұнай-газ шығаратын аудандардың ескі кен орындарының қызмет ету мерзімін ұзарту, бұрынырақта адам қолының жетуі қиын аймақтарда (мысалға, Дүниежүзілік мұхиттың қайраңдық аймағында) жаңа кен орындарын ашу болып табылады.

    Дүниежүзінің электр энергетикасы

    Электр қуаты – қолданылатын қуаттың әмбебап, техникалық жағынан тиімді және үнемді түрі. Сонымен қатар электр қуатының электр беру желілері бойынша берілуі мен пайдаланылуының экологиялық қауіпсіздігі де маңызды.

    Ғылыми-техникалық революцияның әсер етуінің аса маңызды элементі электр қуатын өндірудің өсуі болып табылады. Қуаттың бастапқы көздерінің күн өткен сайын көпшілік бөлігі (экономикалық жағынан дамыған елдерде – 50%-ға дейін) электр қуатына өңделеді. Әлемде электр қуатын өндіру 1950 жылдан бастап 20 есеге жуық (1950 жылғы 965 млрд кВт/ сағаттан 2006 жылғы 19 трлн кВт/сағатқа дейін) артты.

    Бұл ретте іс жүзінде барлық болжамдарда электр қуатын өндіру мен тұтынудың өсуінің басып озатын қарқындары қарастырылады. Электр қуатын тұтынудың өсуі ғылыми-техникалық революцияның әсерімен өнеркәсіп өндірісінде қалыптасатын өзгерістермен: өндірістік процестердің автоматтандырылуымен және механикаландырылуымен, технологиялық процестерде электр қуатының кең қолданылуымен, шаруашылықтың барлық салаларының электрлендірілу дәрежесінің артуымен байланысты болып отыр. Сөз жоқ, өмір жағдайлары мен сапасының артуымен, радио- және телеаппаратураның, тұрмыстық электр аспаптарының, компьютерлердің (оның ішінде Бүкіләлемдік Интернет компьютер желісін пайдаланудың) кең таралуымен байланысты халықтың электр қуатын пайдалануы айтарлықтай өсті.

    Электр қуатын өндіру мен тұтынудың өсу көрсеткіші әлем мемлекеттері мен аймақтарының шаруашылықтарының дамуының барлық ерекшеліктерін дәл көрсетеді. Мәселен, бүкіл электр қуатының 3/5 бөлігінен артығы өнеркәсіптік дамыған елдерде жасап шығарылады. Оны өндірудің өсуі әлемнің барлық аймақтары мен елдері үшін тән. Алайда процесс бірқалыпсыз өтеді. 1965 жылдың өзінде Америка Құрама Штаттары 50 жылдардағы электр қуаты өндірісінің жалпы әлемдік деңгейінен асып түсті (КСРО осы шептен тек 1975 жылы ғана өтті). Бүгінде Америка Құрама Штаттары, бұрынғысынша әлемдік көшбасшы болып қала отырып, электр қуатын 4 трлн кВт/сағ асып түсетін деңгейде өндіреді (қосымшадағы 7-кестені қараңыз).

    Ғаламшар халқының жан басына шаққанда электр қуатын өндірудің тоқтаусыз өсуі жаҺандық электрлендірумен байланысты. Аталған көрсеткіш бойынша көшбасшылар қатарына Исландия, Норвегия, Кувейт, Канада, Финляндия, Швеция, Аустралия, Жаңа Зеландия кіреді. Бұл халқының саны шамалы (және негізінен алғанда экономикалық жағынан жоғары дамыған) елдер.

    Электр станцияларының түрлері. Электр қуаты алуан түрлі электр станцияларында – қосындысында өндірістің 99%-ын беретін жылу электр станцияларында, гидравликалық электр станцияларында, атом электр станцияларында өндіріледі. Электр қуатын алудың альтернативалық көздері (Күн қуаты, жел, су қайтуы, гейзерлер қуаты) деп аталатындардың рөлі әзірге өте шамалы. Алайда, әлемнің әртүрлі елдерінде электр қуатын алуан түрлі станцияларда өндіру үлесі айтарлықтай ерекшеленеді.

    Қуат алудың дәстүрлі емес баламалы көздері. Көмір, отын-энергетика циклындағы – ең экологиялық «ласының» бірі. Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы гидроресурстардың игерілгендік дәрежесі әртүрлі, ал гидроэлектр станциясын құру – қымбат тұратын шара, әрі ол әр өзенде мүмкін бола бермейді. Сонымен қатар атом электр станцияларын пайдаланған кезде қиындықтар бар. Сондықтан әлемнің электр энергетикасының дамуы, баяу болса да, қуат алудың «баламалы» көздерін (Күннің, желдің, геотермальды көздердің, толқын судың қайтуы мен толысуының қуатын, т.б.) пайдалануды кеңейту жағына жүріп жатыр.

    Қазіргі таңда геотермальды электр станциялары Исландияның энергетикасының негізі болып табылады. Жерасты суларының жылу қуатын Америка Құрама Штаттарыда, Ресейде және басқа елдерде де қолдануда.

    Дүниежүзінің әртүрлі елдерінде толысу, яғни толқынның көтерілу электр станциялары жұмыс істеп те жатыр. Мысалға, Канададағы Фанди шығанағы (су деңгейінің  көтерілуі 16 м), Северный өзенінің сағасы (Ұлыбритания – 14,5 м), Гранвиль айлағы (Франция – 14,7 м) судың көтерілулерінің өте жоғары деңгейлерімен ерекшеленеді.

    Біздің ғаламшарымызда жел қуатының ресурстары орасан зор. Бұл ретте жел қуаты электр қуатын алудың барлық баламалы көздерінің ішіндегі ең тиімдісі болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде (Нидерланды, Норвегия, Швеция, Дания, Америка Құрама Штаттары) жел электр станциялары жұмыс істеуде.

    Солай бола тұрса да, қуат алудың барлық дәстүрлі емес тәсілдерінің өз плюстері мен минустары бар. Баламалы энергетиканың оңды қасиеттері: оның көпшілік көздерінің кеңінен таралғандығы және салыстырмалы түрдегі экологиялық тазалығы. Алайда, негізгі минусы – төмен концентрациясы. Оның үстіне кемшіліктеріне дәстүрлі емес көздердің көпшілігін пайдаланудың уақыт бойынша өзгергіштігі. Бұл дегеніміз, дәстүрлі энергетикадан өзгешелігі, баламалы  энергетика көптеген жағдайларда қандай да бір аймақты қуатпен жабдықтайтын жалғыз ғана көз рөлін ойнап шыға алмайтындығын білдіреді.

  • Дәріс 6-7. Тау-кен өнеркәсібі және металлургия. Машина жасау өнеркәсіп кешені.

    Тау-кен өнеркәсібі бастапқы табиғи ресурстармен – пайдалы қазбалармен байланысты болатындықтан, өндіру өнеркәсібінің негізін құрайтын тау-кен өндірісі өнеркәсібін өндірістің бастапқы салаларына жатқызады. Тиісінше оның құрамына отындық, кенді және кенсіз қазбаларды шығарумен және өңдеумен, байытумен айналысатын салалар кіреді.

    Дүниежүзінде өндірілетін барлық минералды шикізаттың 9/10 бөлігі оның 20-дан аса түріне келетіндігі анықталған. Отын-энергетика шикізатынан бұл мұнай, табиғи газ, көмір, уран, қара металдар кендерінен  бұл – темір, марганец және хром кендері, түсті және қоспалы кендерден – бокситтер, мыс, қорғасын-мырыш, никель, қалайы, вольфрам, молибден, кобальт, ванадий, титан кендері, бағалы металдар мен асыл тастардан  -платина тобының металдары, алтын, күміс, алмаздар, тау кен-химия шикізатынан – калий тұздары, фосфориттер мен күкірт. Әрине, оларды Жер қойнауынан шығару ауқымдары өте әртүрлі. Тек көмірдің, мұнай мен темір кендерінің өзін жылына 1 млрд тоннадан аса шығарады. Бокситтер, фосфориттер шығару жүздеген миллион, марганец, хром кендерін, клий тұздарын, күкірт шығару – ондаған миллион, қорғасын, мырыш, мыс кендерін шығару – миллиондаған, никель, қалайы, титан шығару – жүздеген мың, уран, вольфрам, молибден, кобальт, күміс  шығару – ондаған мың тонналармен өлшенеді. Әлемдік алтын шығару шамамен алғанда, жылына 2,3 мың тонна, платина шығару – 150 тоннадан аз шаманы құрайды.

    Отын ресурстарын шығару туралы жоғарыда әңгімеленіп кеткендіктен, мұнда кенді және кенді емес пайдалы қазбаларды шығаруға тоқталамыз. Осы шағын салалардың дамуы да бірқалыпты болған жоқ. 70 жылдардың ортасында тек энергетикалық қана емес, минералды шикізатқа деген бағаның өсуіне алып келген шикізаттық та дағдарыс орын алды. Энергетикалық дағдарыс секілді, бұл дағдарыс та одан кейін жеңіп шығылғанымен, ол да әлемдік тау-кен қазу өнеркәсібінің дамуының жалпы концепциясына әсер етті. Біріншіден, Батыс елдері материал үнемдеу саясатын анағұрлым дәйектірек жүзеге асыра бастады. Екіншіден, олар тау-кен қазу өнеркәсібін техникалық қайта жарақтандыруға көбірек көңіл бөле бастады, бұл, оның ішінде, кенді және кенді емес қазбаларды шахталық шығарудан ашық түрде шығаруға көбірек көшуден көрініс тапты (Америка Құрама Штаттарында ашық тәсілмен барлық минералдық шикізаттың енді шамамен 9/10 бөлігі шығарылуда). Үшіншіден, әрі бұл ең бастысы, Батыс елдері минералдық шикізаттың өз ресурстарына қайта бағыт-бағдар ала бастады. Канаданың, Аустралияның, сондай-ақ Оңтүстік Африка Республикасының осындай шикізатты шығарудағы да, әлемдік нарыққа жеткізулердегі де рөлінің күрт арта түсуі дәл осымен түсіндіріледі. Олар, әдетте, шығарылатын пайдалы қазбалардың 80-90%-ын экспорттайды. Осындай халықаралық маманданудың тікелей әсер етуімен оларда аса ірі – мысалға, Солтүстік және Батыс Аустралия, Оңтүстік Африка Республикасындағы Витватерсранд, Канададағы Солтүстік аумақтар мен Лабрадор секілді минералды-шикізаттық аудандар қалыптасты. Солай болса да, дамып келе жатқан елдер Батыстың экономикалық жағынан дамыған елдері үшін минералды шикізатты аса ірі жеткізушілер болып қалуда. Осы елдердегі негізгі минералдық ресурстарды шығару олардың өздерінің қажеттіліктерінен шамамен үш есе асып түседі, ал түзілетін «артық өнім» экспортқа шығарылады да. Батыстың экономикалық жағынан дамыған елдері өздерінің минералды шикізатқа деген қажеттіліктерін шамамен 1/3 бөлігіне Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінен жеткізілімдердің арқасында қанағаттандырып отыр.

    Жекелеген авторлар әлемді тау кен-өнеркәсіптік аудандастыру әрекеттерін жасағанымен де, осындай аудандастырудың жалпы қабылданған сызбасы әзірге жоқ. Сонда да шарттылықтың белгілі бір үлесімен келесі тоғыз тау-кен - өнеркәсіп аймақтарын бөліп көрсетуге болады: 1) Америка Құрама Штаттары, Канада және Мексика; 2) Латын Америкасы; 3) Шетелдік Еуропа; 4) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері; 5) Қытай; 6) Солтүстік Африка және Оңтүстік-Батыс Азия; 7) Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африка; 8) Оңтүстік Африка Республикасы; 9) Аустралия. Осы аудандардың барлығында қазіргі уақытта тау-кен және тау кен-химия шикізаттарының (отынсыз) 8000-нан астам кен орындары, оның ішінде 1200-ге жуық ірі кен орындары (олардың ішінде Солтүстік Америкада 330, Африкада – 215, Латын Америкасында – 200, Батыс Еуропада – 150, Аустралияда – 120) жұмыс істеп отыр. Минералдық отын мен шикізаттың ең кең шоғырлануына бірінші және төртінші аймақтар ие. Жақындағы 15-20 жылға даму келешектеріне келер болсақ, олар бірінші, екінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы аймақтарда орасан зор.

    Біріншіден, бұл әлемдік шаруашылықтың осы бір маңызды саласындағы жағдайды ең алдымен анықтайтын сегіз,  яғни шартты түрде айтқанда, аса ірі  тау кен өндіруші державалардың бар екендігі туралы қорытынды. Шындығында да, оларды өндіру жөнінен көшбасшылық орында: Қытай тоғыз түрінен, Аустралия мен Ресей – сегіз, Америка Құрама Штаттары мен Канада – жеті, Бразилия мен Оңтүстік Африка Республикасы – алты, ал Үндістан – төрт түрінен алғашқы үштік құрамында. Осы елдердің барлығы үшін тау-кен өндіру өнеркәсібі баяғыдан-ақ халықаралық маманданудың салаларының бірі болған, оның өзі де көп салалы сипатқа ие. Екіншіден, бұл осыған Украинаны, Қазақстанды, Польшаны, Индонезияны, Венесуэланы, Перуді, Мексиканы қосуға болатын, тау-кен өндіруші елдердің өзіндік «екінші эшелонының» бар екендігі туралы қорытынды. Бұған көп салалы тау-кен өндіру өнеркәсібіне ие емес, бірақ  солай болғанда да әлемдік деңгейде оның кей салаларының бірінің даму деңгейі бойынша елеулі көзге түсетін тағы да бір тұтастай елдер қатары, бірінші кезекте дамушы елдер ішінен: мысал, Чили – мыс өндіру бойынша, Гвинея мен Ямайка – боксит шығару бойынша, Марокко – фосфор кендері бойынша және т.с бар екендігін қосуға болады.

    Жалпы алғанда кенді шикізат өндіру анағұрлым кеңірек таралған, бірақ оның жекелеген шағын салалары арасында талай айырмашылықтар бар. Мысалға, мыс кендерін шығару бүгінгі таңда әлемнің 50 елінде жүргізілуде, темір кендерін шығару – 43, бокситтер шығару – 30, қалайы және вольфрам кендерін шығару – 25, никель кендерін шығару – 22, кобальт кендерін шығару – 15, молибден кендерін шығару – 12 елде жүзеге асырылуда. Әрі бұл олардың арасындағы «салмақ дәрежелеріндегі» орасан зор айырмашылықтар туралы айтпағанның өзінде.

    Кен емес шикізат шағын тобында ең көп мәнге тау кен-химия шикізатын шығару ие. Бұл ең алдымен фосфор кендері, бүкіл шығарудың ¾ бөлігі Америка Құрама Штаттарына, Қытайға, Мароккоға және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне келгенімен, осы кендер әлемнің 30 елінде шығарылады. Бұл сонымен қатар осыларды шығару бәрінен де бұрын Батыс Еуропада, одан кейін – Америка Құрама Штаттары мен Ресейде басталған калий тұздары, бірақ соңғы кездері оның өлшемдері бойынша бірінші орынды осы тұздардың ең мол ресурстарына ие болып отырған Канада берік ұстап отыр.

    Айтылғанның барлығынан әлемдік тау-кен қазу өнеркәсібіндегі халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің сипаты туралы қорытынды тіленіп тұр. Минералдық шикізаттың барлық дерлік түрлерінің негізгі тұтынушылары Батыс Еуропа елдері, Жапония және Америка Құрама Штаттары болған және болып қалуда да. Олардың сырттан әкелінетін шикізаттан тәуелділігі қаншалықты орасан зор екендігін мектеп оқулықтарындағы кестелердің мәліметтері куәландырып отыр.

    Жапония, ал айтарлықтай дәрежеде Батыс Еуропаның да осындай тәуелділігі, жалпы алғанда, әбден түсінілетін жайт, бірақ Америка Құрама Штаттарына, әлемнің аса ірі тау-кен қазушы еліне қатысты, тым болмағанда бір қарағанда бұл жағдай әдеттен тыс болып көрінеді (минералдық шикізаттың көптеген түрлерін өндіру бойынша Америка Құрама Штаттары әлемде әлде бірінші орын, не алғашқы орындардың бірін алып отыр). Мұндай жағдайды бір жағынан стратегиялық түсініктермен және өз ресурстарын «сақтап қалуға», оларды резервтеуге деген ұмтылыспен, бір жағынан – Канададан, Аустралиядан, Оңтүстік Африка Республикасынан, дамушы  елдерден келіп түсетін минералды шикізаттың арзандығымен және сапасының жоғарырақ екендігімен түсіндіруге болады. Осы тәуелділіктің дәрежесін және оның географиялық бағытталғандығын жоғары сынып оқулығындағы кестелер көрсетіп отыр. Жеткізуші елдердің тізімінде Канада 9 рет, Бразилия – 5 рет, Оңтүстік Африка Республикасы – 4 рет, Аустралия – 2 рет еске алынатындығын атап көрсете кетейік.

    Қазақстан, Кеңестер Одағынан мирасқа бірінші кезекте өндірістік салаға бағыт-бағдар алған. өндірістің материал сыйымдылығы үлкен және экспорты шикізатқа бағытталған «шығынды экономика» алды. Барлық осы ерекшеліктерінің арқасында КСРО-ның әлемдік тау-кен қазу өнеркәсібіндегі үлесі 80 жылдары ¼ бөлікке жуық болды, ал оның әлемдік тау-кен қазу өндірісіндегі үлесі 1/5 бөлік құрады (бірінші орын). 90 жылдары бұл үлес айтарлықтай азайса да, минералдық шикізаттың өндірістік және өндірістік емес салалар арасында ұтымдырақ бөлінуін, оған деген бағаның әлемдік бағаларға жақындауын және т.б. қоса отырып, бір мезгілде саланың нарықтық экономикаға етене ену процесі басталып, ары қарай жаңғыруда.

    Қара металлургия - ауыр өнеркәсіптің маңызды бір саласы болып табылады, әсіресе, ол - машина жасау кешенінің негізгі шикізат базасы және құрылыс индустриясына қажетті конструкциялық материалдар шығарумен айналысатын сала. Бұл саланың негізгі өндіретін өнімі - шойын мен болат шаруашылықтың жекелеген салаларының бәрінде  де қолданысқа ие, осы өнімдерге деген сұраныс жалпы металдарға деген сұраныстың басым бөлігін қанағаттандырады.

    Қара металлургия -  машина жасау мен құрылыс индустриясын дамытудың негізі болып табылатын, дүниежүзілік өнеркәсіптің ең көне салаларының бірі. Қара металдарды (шойын мен болатты) өндіру технологиясында елеулі өзгерістер болып жатыр. Қорытудың жаңа әдістері қолданылуда, өндірістік шығындар, оның ішінде болатты үздіксіз құю әдісін пайдалану есебінен қысқаруда, металл сапасы артуда, оның ақырғы өнім бірлігіне есептегенде тұтынылуы қысқаруда. Бүгінгі таңда шойынның сорттары мен маркалары бірнеше ондаған, ал болат пен прокат өнімдерінің әртүрлі сорттары – бірнеше мыңға дейін  (қосымшадағы 12-кестені қараңыз).

    Сала химия өнеркәсібі (шыны талшығымен арматураланған пластмассалар), керамика мен көмір талшығының негізінде материалдар жасайтын бірқатар өндірістердің тарапынан және жеңіл металдардың қорытпаларының негізінде конструкциялық материалдардың күн өткен сайын көбірек мөлшерін беріп отырған түсті металлургия тарапынан арта түскен бәсекелестікті бастан кешіруде. Бірақ, осылардың барлығына қарамастан, қара металлургия негізгі конструкциялық материал ретіндегі өз позицияларын сақтап қалуда және өндіріс көлемдері арта түсуде.

    Қара металлургиядағы өндірістік процесс  материалды және қуатты көп қажет етеді. Сондықтан қара металлургия кәсіпорындарын орналастырған кезде ең көп маңыз шикізат пен отын көздерінің жақындығы ең маңызды орында. Дәл сол кезде көмір және темір кендері бассейндерін біріктірген алып металлургия аудандары (Лотарингия, Ағылшын, Рур, Аппалач, Урал, Донецк-Приднепр және т.б. бассейндері) қалыптасты.

    Мәселен, темір кендері мен тас көмір кен орындарының көршілестігі, мысалға, көптеген аудандарда: Ұлыбританияда (Йоркширде, Ортаңғы Шотландияда, Мидлендте, Солтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс Англияда), Францияда (Орталық массивтің шығыс бөлігінде, Лотарингияда), Герман Федеративтік республикасында (Рур және Саар көмір бассейндерінде), Испанияның оңтүстігінде (Астурияда), Америка Құрама Штаттарында (Батыс Пенсильванияда), Ресейде (Уралда) және т.б. домна өндірісі бар зауыттардың пайда болуына қолайлы жағдай жасайды

    Қара металдар бұл негізінен темірдің көміртегімен қоспасы, мұнда сонымен бірге әртүрлі элементтер: кремний, марганец, фосфор, күкірт кездеседі. Бұл металдардың қасиеті олардың кұрамындағы көміртегінің мөлшеріне тікелей байланысты, егер темірдің кұрамындағы көміртегінің мөлшері 2% төңірегінде болса, ол болатқа, ал 2-6% болса, шойынға жатқызылады.

    Таза темірдің жұмсақ болуы таза күйінде оны бөліп алудың қиындығына байланысты. Таза темір өндірісте қолданылмайды

    Жоғары механикалық төзімділігімен ерекшеленетін болат көбінесе, өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылады. Белгілі температурада қыздырылған болатты күрт суытса, ол қаттылық және морт сынғыштық қасиеттер алады. Осы морт сынғыштық қасиетінен арылу үшін оны арнаулы тәсілмен өңдейді. Осындай жолмен алынған болаттан машиналар мен механизмдердің керекті бөліктері жасалады.

    Бұрын қарапайым құрылысты пештерде болатты темір рудасынан тікелей өндіріп алатын. Металлургия өнеркәсібінің кезекті бір даму сатысында қазіргі өндірісте қолданатын негізгі жолы темір рудасынан шойын, ал шойыннан болат алу ойлап табылды.

    Металлургиялык кәсіпорындардың өзін ең алдымен, толық циклді комбинаттар (шойын, болат, прокат өндіретін) және қайта өңдеу зауыттары (болат және прокат өндіретін) деп бөледі. Сонымен бірге тек қана шойын немесе прокат өндіретін зауыттарда болады.

    Түсті металлургия - әртүрлі металдардың рудаларын өндірумен, олардың құймалары мен қоспаларын өңдеумен және одан әртүрлі бұйымдар жасаумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіретін өнеркәсіп саласы. Бұларға жоғарыда аталған қара металдардан басқа барлық металдар мен олардың қоспалары кіреді. Қара металлургия секілді, түсті металлургия да әлем өнеркәсібінің көне салаларының бірі болып табылады. Түсті металдар мен олардың қорытпаларын пайдалану салалары көп және алуан түрлі. Технологиялық процестің сатылары бойынша бұл сала шикізатты шығару мен байытуды, сонымен қатар түсті металдарды, олардың қорытпаларын қорытуды, прокат пен жартылай фабрикаттарды өндіруді біріктіреді

    Қазіргі кезде дүниежүзінде жылына 40 млн т – дан (2000 ж) астам түсті металл түрлері өндіріледі.Оның ішінде жеңіл металдар тобындағы алюминий (жылына 17 млн т) шаруашылық пен техниканың барлық салаларында  пайдаланылады. Алюминий өнеркәсібі екі негізгі өндірістік құрылымнан тұрады. Біріншісі – глинозем кенін өндіру болса, екіншісі – энергияны көп қажет ететін, нағыз алюминийдің өзін өндіретін құрылым. Алдыңғысы негізінен боксит өндіретін елдерде (Аустралия, Гвинея, Ямайка, Ресей, Бразилия) шоғырланса, соңғысы арзан электр энергиясы көздеріне жақын орналасқан. Бұл елдердің барлығында ірі СЭС-тер мен ЖЭС-тер салынған.

    XX ғасырдың ортасынан бастап түсті металлургиядағы жеңіл металдарды (алюминий, титан, магний) өндіру қарқынды түрде жүруде.

     Әдетте түсті металдар кенінде металдың мөлшері өте аз болып келеді. Сондықтан оларды өндіру де өте қымбатқа түседі.

    Аталмыш кешен - әртүрлі металдардың рудаларын өндірумен, олардың құймалары мен қоспаларын өңдеумен және одан әртүрлі бұйымдар жасаумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіретін өнеркәсіп саласы.

    Түсті металлургия өндірісі – көлемі жөнінен қара металлургиядан 20-есе кем. Мұнда ауыр түсті, легирленген және асыл металдар металлургиясы әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда дамытылады. Бұл металдар кенінде, әдетте пайдалы құрамды бөліктерінің мөлшері аз болады.

    Түсті  металлургия өнеркәсіптің ескі және  жетекші саласы бола отырып, оның дамуы өте мол пайдалы қазбалар ресурстарына бағдарланып отыр.

    Әлемнің әртүрлі елдерінде түсті металдарды өндірудің өзіндік ерекшеліктері бар. Дамыған елдерде өндірістік шикізатты өндірумен қамтамасыз ету шикізатты қайтадан пайдаланудың үлесі жоғары.Өндірістік циклдың құрылымында, сирек және стратегиялық маңызды металдарды – титанды, кобальтты, танталды, германийді өндіруді қоса отырып, өндірістің орта және жоғары сатыларының басым болуымен, саланың толығырақ құрылымымен сипатталады. Осында кәсіпорындарды орналастыру үшін шикізатың факторы азырақ маңызға ие, көлік-энергетика және тұтыну факторлары басым болып келеді. Жалпы алғанда, көптеген дамыған елдердің түсті металлургиясы импорттық шикізатта жұмыс істейді.

    Өнеркәсібі дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдерде шикізаттың мол қоры, өндірістік құрылымда өнімдері шығару, өңделмеген металды байыту және өндіру басым болады.

    Машина жасау өнеркәсіп кешені 

    Машина жасау және металл өңдеу – қазіргі кезде  бұл дүниежүзі өнеркәсібінің  ғылыми-техникалық прогресі мен қорғанысқа қабілеттілігінің деңгейін сипаттайтын өңдеу өнеркәсібінің негізгі саласы. Машина жасау кешенінің кәсіпорындары өнеркәсіптік, тұрмыстық және әскери мақсаттағы машиналар мен станоктар, аспаптар мен агрегаттар, алуан түрлі жабдық пен механизмдер шығарады. Қазіргі машина жасау шағын салалар мен өндірістердің көптеген салаларынан тұрады.

    Жоғары дамыған елдерде аталған саланың өніміне өнеркәсіп өндірісінің құнының 35-40%-ына жуығы келеді. Дамушы елдердің көпшілігінде («жаңа индустриялды елдер» тобын қоспағанда) машина жасау өндірісінің үлесі төмен.

    Машина жасау кешені салаларының жіктемесі (классификациясы)

    Сала кәсіпорындарын орналастыру факторларына қойылатын негізгі айырмашылықтарды анықтайтын, өндірістің техникалық-экономикалық ерекшеліктері бойынша металды, еңбекті және ғылымды көп қажет ететін машина жасау саласы ерекшеленеді. Сонымен қатар қолданылатын технологиялар бойынша  аз шығынды (төмен технологиялы) және шағын шығынды (яғни орташа және жоғары технологиялы) салалары бар.

    Машина жасау өндірісі шағын салалардың жіктемесі дүниежүзінің әртүрлі елдерінде ерекшеленіп отырады. Кейбір елдерде машина жасау тікелей осы сала үшін және шаруашылықтың басқа салалары үшін өндірістік жабдық шығаруға маманданатын жалпы машина өндірісі болса, ал біздің елімізде машина жасау кешенінің құрамына әдетте: жабдық өндіру (станок жасау, энергетикалық жабдық өндіру және т.б.), көліктік машина жасау (кеме жасау, автомобиль жасау, авиақұрылыс, теміржол машиналарын жасау), электротехникалық және электронды сала, трактор жасау және ауылшаруашылық машиналарын жасау, қару- жарақ пен әскери техника жасау және металл өнімдерінің алуан түрлерін өндіруді қоса отырып, бірқатар өзге салалар еді. Сондықтан  «машина жасау және металл өңдеу» ұғымдарын қатар қолданылуда.

    Машина жасау кәсіпорындарын орналастырудың ерекшеліктері

    Машина жасау кәсіпорындарын орналастыруға көптеген факторлар әсер етеді.Оның ішіндегі ең бастылары: өндірістің, еңбек ресурстары, көлік факторы (инфрақұрылымның дамыған деңгейі), тұтынушылық факторлары (сұраныс сипаты және өнім өткізу нарықтарының сыйымдылығы), сонымен қатар ғылымды қажет ететін технологияларды қолдану  (ғылымды көп қажет ететін салалар, мысалға электроника үшін персоналдың біліктілік деңгейі) әсер етеді. Машина жасау өндірісінде металды көп қажет ететін салалар үшін шикізат факторы (шикізат – металл, яғни қара металлургия орталықтарына жақындық ) маңызды рөл атқарады.

    Қазіргі машина жасау өндірісіне кооперация тән. Ақырғы өнім шығаратын кәсіпорындардың жекелеген елдің ішінде де, шетелде де көптеген зауыттары бар. Өнеркәсіптегі маманданудың және халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдетілген үрдісі жағдайларында машина жасау кешенінің көптеген салаларының бұқаралық өнім шығаруы жинақтаушы бөлшектерді, агрегаттарды, тораптарды жеткізушілердің ел шегінде де, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде де құрастыру кәсіпорындарымен өзара байланыстарының өсуіне себепкер болады. Бұл тенденция жаҺандық деңгейде өндірісті ұйымдастыру тәсілдерінің (фордизм, постфордизм, «икемді» өндіріс) өзгеруімен, «дәл мерзімінде» жабдықтау жүйесін, әсіресе автомобиль жасау, тұрмыстық электроника шығару секілді салалары (әсіресе, құрастыру өндірісінің соңғы сатыларында)  енгізумен күшейе түседі.

    Машина жасаудағы маманданудың қандай да бір түрі (заттық, технологиялық, шығарылатын өнімнің сипатымен анықталады. Халықаралық еңбек бөлінісімен үйлесе отырып, сала кәсіпорындарының мамандануы жеке маманданған өнеркәсіп орталықтарының және тіптен аудандардың қалыптасуына алып келеді. Бұл процес орасан зор дәрежеде бүгінгі таңда өздерінің жоғары дәрежеде дамып отырған трансұлттық корпорациялардың қызметіне ықпал етеді.

    Сонымен қатар машина жасаудың көптеген салаларында өндірістің жоғары еңбек сыйымдылығы сақталған. Кей салаларда (мысалға, аспап жасауда, электроникада, электротехникада, авиация және аэроғарыш салаларында) жұмыс күшінің біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан соңғы жылдары жұмысшы күші арзан елдер машина жасаудың еңбекті көп қажет ететін салаларын дамыту үшін қолайлырақ жағдайда болып отыр.

    Ғылымның ең жаңа жетістіктерін пайдалануға негізделетін, ғылымды көп қажет ететін салаларды дамыту, сонымен қатар қолданылатын техниканың күрделене түсуі өндірістердің (әсіресе, тәжірибелі-өнеркәсіп) білікті кадрлары, зерттеу мен конструкторлық зерделеулердің ғылыми орталықтары, дамыған ақпараттық және көлік қарым-қатынасы ең жоғары болатын елдерде немесе аудандарда шоғырландырылуын ынталандырады. Осыған ұқсас өндірістер негізінен алғанда Батыс Еуропаның, Солтүстік Американың дамыған елдерінде және Жапонияда шоғырланған. Ал дамушы елдерде (арзан жұмысшы күші бар және балалар мен әйелдер еңбегін кең қолданатын мемлекеттерде) әдетте жинақтаушы бөлшектерді әлемнің өзге елдерінен алатын және жаппай өнім шығаратын құрастыру зауыттары орналастырылады. Бұл ретте мамандану және еларалық кооперациялану процестері дамиды.

    Қазiргi заманғы өнеркәсiптiк қатынастарды көп жағдайда машина өнеркәсiбiмен байланыстырудың бүгiнгi өмiр талабынан туындап отыр. Табиғи ортаны көркейту, өзгерту бағытында iстелiп жатқан  жұмыстар, адамдардың тұрмыс-жағдайларының жақсаруы алуан түрлi машиналар көмегiнсiз жүзеге аспайды. Халық шаруашылығы жеке салаларының дамуы да машиналар өндiрiсiмен тығыз байланысты.

  • Дәріс 8. Химия өнеркәсіп кешені.

    Химия өнеркәсiбi. Бұл сала ХIХ ғасырдың соңында Германияда пайда болды. Химия өнеркәсiбiнiң “Алтын ғасыры” 50-жылдар мен 70-жылдардың басына келедi. Осы кезеңде мұнай-газ шикiзаты өндiрiсiнiң өсуi және оны пайдалануға байланысты сала жоғары қарқынмен дамыды. Машина жасау саласы сияқты химия өнеркәсiбi де бiрнеше негiзгi iшкi салалардан тұрады. Оның iшiнде жетекшi орынды мұнай-газ шикiзаты және мұнай-химияға негiзделген органикалық синтез өнеркәсiбi алады. Осыған дейiнгi дәстүрлi бейорганикалық химия екiншi орында қалды. Оның үлес салмағы кейбiр елдерде химия өнiмдерiнiң 10—25%-ын ғана құрайды.

    Химия өнеркәсiбi бiздiң заманымыздың индикаторы болып саналады. Себебi ол әр елдiң экономикасының қаншалықты жаңғырғанын және ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiнiң пайдаланылу деңгейiн көрсетедi.

    Химия өнімдерінің өнеркәсіп өнімдерінің үлесі тек машина жасауға ғана жол береді. Әлемнің химия өнеркәсібінде өте елеулі өзгерістер жүріп жатыр. Шикізат базасы өзгеруде, қолданылатын техника мен технологияда елеулі өзгерістер бар, бұл ретте осының барлығы химия өнеркәсібі кәсіпорындарының елдер деңгейінде де, әлем аймақтары деңгейінде де орналасуындағы өзгерістерге ықпалын тигізуде.

    Химия өнеркәсібінің құрамына: тау кен-химия өнеркәсібі (шикізат шығару, байыту және бастапқы өңдеу); негізгі химия (тұздар, қышқылдар, сілтілер, минералды тыңайтқыштар өндіру); полимер материалдарды негізгі органикалық синтездеу (синтетикалық шайырлар мен пластикалық массаларды, химиялық талшықтарды, синтетикалық каучукты және т.б. өндіру) және оларды дайын өнімге қайта өңдеу; сонымен қатар химиялық реактивтер мен ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, лактар, тұрмыстық химия, резина-техникалық өнімдер шығару; фармацевтика өнеркәсібі және т.с. кіреді.

    Саланың спецификасына қолданылатын шикізаттың, пайдаланылатын техника мен технологияның үлкен алуан түрлілігі жатады. Химия өнеркәсібінің салалары үшін шикізат базасы болып жанатын пайдалы қазбалардың барлық түрлері (мұнай, газ, сланецтер), минералды шикізат (калий және басқа да тұздар, фосфориттер, апатиттер, күкірт), сонымен қатар қара және түсті металдар өндірісінің және химия өнеркәсібі өзінің қалдықтарының көптеген түрлері қызмет етеді.

    Республиканың химия өнеркәсiбiнiң салалық құрылымы — тау-кен химиясынан, негiзгi химиядан және химия өнеркәсiбiнiң маңызды саласы органикалық синтезден және полимерден тұрады.

    Елiмiз химия  өнеркәсiбiнiң  орасан зор шикiзат кендерiне бай. Олар: мұнай  өңдеу және мұнай айырудан қалған қалдықтар, кокс-химия, фосфорит, күкiрттi колчедан, бром, ас тұзы, калий тұздары, борат және натрий сульфаты. Қазақстан аумағында 40-тан астам химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу кәсiпорындары жұмыс iстейдi.

    Қазiргi кезде машина жасау сияқты химия өнеркәсiбi дүниежүзiнде негiзгi 4 аймаққа бөлiнедi. Олар: АҚШ, Шетелдiк Еуропа, Шығыс және Оңтүстiк-Шығыс Азия, ТМД елдерi. Осы елдердiң барлығында химия өнеркәсiбiнiң кен химиясы, минерал тыңайтқыштарды өндiру, негiзгi химия өнiмдерi, әсiресе органикалық синтез және полимер материал­дарын шығару ерекше орын алады.

    90-жылдардың ортасында дүниежүзi бойынша өндiрiлген химия өнiмдерiнiң 20%-ы АҚШ-тың үлесiнде болды және ол экспортқа шығарылатын өнiмдердiң 15%-ын құрады. Бүкiл Батыс Еуропа елдерiне химия өнiмдерiнiң 24%-ы, Жапонияға 15%-ы тиедi.

    Ал 90-жылдардың соңында АҚШ пен Жапонияда химия өнеркәсiбi өнiмдерi төмендей бастады. Алдыңғы орынға Батыс Еуропа елдерi (бүкiл химия өнеркәсiбi өнiмдерiнiң 40%-ы тиесiлi) шықты. АҚШ екiншi орында қалды. Маңызы жағынан үшiншi аймақ саналатын Шығыс, Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi, негiзiнен, синтетикалық өнiмдер мен жартылай шикiзаттар өндiрдi.

    Химия өнеркәсiбiнiң тағы бiр аймағы — Парсы шығанағындағы елдер. Бұларға дүниежүзiндегi химия өнiмдерiнiң 5-7%-ы тиесiлi. Химия өнiмдерiнiң дүниежүзiлiк өндiрiсiндегi экспорттық үлесi 2000 жылы 27% болды.

    Химия өнеркәсібі – қазіргі кезде мұнай өндіру саласының дамуына байланысты  жедел дамып отырған салалардың бірі. Оған осы сала өнімдеріне деген сұраныстың артуы және мұнай мен газдың тас көмірді ығыстыра бастауы әсер етті. Қазіргі кезде химия өнеркәсібі өнімдерінің көлемі жөнінен Франция дүниежүзінде төртінші орын алады. Негізгі химияның кәсіпорындары көбінесе, шикізат көзінде (Эльзаста – калий тыңайтқыштары,  Лотарингияда – тұздар және т.б.), ал сырттан әкелінетін шикізатты пайдаланатындары портты қалаларда орналасады. Мұнай химиясындағы аса ірі компанияла “КФП-Тоталь” және “Эль-Акитен”. Табиғи газды өнеркәсіптік өңдеу саласында дүниежүзінде алдыңғы орын алатын “Эр ликит” компаниясының 50 шақты елде өз кәсіпорындары бар. Өнеркәсіптің жаңа салаларының дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Олардың қатарына аэрокосмостық, электр техникасы мен электроника салалары жатады. Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығынды азайту және халықаралық нарықтағы бәсекеге төтеп беру мақсатында Еуропалық Одақ аясындағы ынтымақтастық артып келеді. Оның айқын мысалы ретінде Франция, Ұлыбритания, ГФР қатынасқан “Аэробус” бағдарламасын айтуға болады. Сыйымдылығы 500 адамға жететін ең жаңа А300 аэробусы осы ынтымақтастықтың нәтижесі деуге болады.

    Химия өнеркәсібі сырттан әкелінетін (мұнай, табиғи газ, фосфорит, күкірт, целлюлоза) және жергілікті шикізатқа негізделген. Мұнай химиясының ірі кәсіпорындары солтүстікте шоғырланған. Елдің оңтүстігіндегі Приоло, Неаполь, Кальяри қалаларында да ірі комбинаттар салынған. Мұнай химиясының өнімдері де алуан түрлі. Әсіресе пластмасса, химиялық талшықтар жасаудан Италия дүниежүзілік нарықта елеулі орын алады. Резеңке бұйымдарын шығаратын “Пирелли” бірлестігінің өнімдері дүниежүзіне әйгілі, оларды Қазақстаннан да кездестіруге болады. Италияның лак-бояу өндірісі мен фармацевтика өнеркәсібі де Еуропа елдері арасында айрықша көзге түседі. Сондай ақ, байырғы салалардың бірі – гүлдер мен жемістерден табиғи эссенциялар мен эфирлі майлар алу сақталып қалған.

    Химия өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 15%-ын береді. Бұл саланың 350 компаниясында (аса ірілері – “Шелл Кеми”, “АКЗО-Нобель”) 90 мың жұмысшы істейді. Тыңайтқыштар мен фармацевтика шикізатын өндіру, дәрі-дәрмек, бояулар мен сабын, пластмассалар өндірісін және т.б. қамтитын химия өнеркәсібі 50 мыңнан аса өнім түрін шығарады. Өнімнің ¾-і экспортқа жөнелтіледі.

  • Дәріс 9-10. Орман және ағаш өнеркәсібі.

    Ғаламшардағы орман қорлары. Дамыған елдерде орман алқаптары алып жатқан аудан – 1,5 млрд га, дамып келе жатқан елдерде – 2 млрд га жуық. Әлемнің ірі аймақтарының ішінен орман ресурстарына Латын Америкасы ие. Ауқымды орман массивтері бар елдердің тропикалық ормандары мен ортаңғы белдік ормандары табиғи аймағында орналасады. Солтүстік және оңтүстік орман белдіктері арасында орналасқан мемлекеттерде, әсіресе аридтік (құрғақ) климатпен және шөл ландшафттарымен сипатталатын елдерде орман ресурстары бәрінен де аз.

    Іс жүзінде ормансыз мемлекет Бахрейн, Катар, Ливия, Чад, Мысыр, БАӘ және т.б.. Ірі орман массивтері бар елдер қатарында (2004 жылға) Ресей (851,4 млн га), Бразилия (543,9 млн га), Канада (244 млн га), Америка Құрама Штаттары (226,0 млн га), Қытай (163,5 млн га), Австралия (154,6 млн га) және өзге кейбір мемлекеттер жатады. Бұл сандар халықаралық экологиялық ұйымдардың Ресей мен Бразилияның орман ресурстарына аса жоғары көңіл бөлуінің себебін түсіндіреді. Ормандарды жою бүкіл әлем үшін апаттық зардаптарға ұрындырады, өйткені оттегінің атмосфераға келіп түсуі қысқарады, «парник әсері» күшейе түседі, ғаламшардағы климат өзгереді.

    Қазіргі уақытта ағаштың (ормандардағы) қорлары бойынша әлемде жетекші орындарды: Ресей (80 млрд м3 аса), Бразилия (70 млрд м3 жуық), Америка Құрама Штаттары (30 млрд м3 жуық), Канада (30 млрд м3 жуық), Швеция (3 млрд м3 жуық) алып отыр. Ең елеулі орманды аудандар оңтүстік Америка мен Азияда, ең аз орманды аудандар – Австралияда сақталып қалған. Алайда құрлықтардың өлшемдері бірдей емес, сондықтан орман массивтері туралы мәліметтерді салыстырып көру үшін орманмен жамылған аудандар мен ормандылық (қандай да бір аймақтың орманмен жамылған ауданының және жалпы ауданының арақатынасы) көрсеткіштерін, сонымен қатар ағаш қорларының өлшемдерін және бір тұрғынға есептегендегі орманмен жамылған беткейдің ауданын ескерген маңызды.

    Орманмен жамылған аудандардың өлшемі бойынша Ресей, Бразилия, Канада, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Индонезия, Колумбия, Үндістан көзге түседі. Ормандылықтың ең жоғары көрсеткіші Француз Гвианасы, Суринам (ормандар ел аумағының 90%-ынан астамын алып жатыр), Гайана, Габон (80%-ынан астамы), сонымен қатар Малайзия, Жапония, Мьянма, Индонезия, Эквадор, Лаос (60%-ынан астамы), Финляндия, Швеция секілді елдерде байқалады. Бразилиядағы ормандылық көрсеткіші ел аумағының 60% - ына жуығын, Ресейде 45%-ына жуығын құрайды.

    Әлемнің орман байлығы орасан зор, бірақ шексіз емес. Саланың дайын өнімін өндіру үшін ағашты импорттау көлемдері арта түсуде (тропикалық ағаш шамамен алғанда, әлемдік экспорттың 1/3 бөлігін құрайды). Кей елдер (мысалға, Скандинавия елдері) бұрынырақта орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін экспорттаушылар ретінде болды. Бүгінгі күні олар ағаш-қағаз өнеркәсібі үшін ағашты импорттай да бастады.

    Дамушы елдерде орман өскен жерлер егістіктер мен жайылымдарға шабылуда. Оның үстіне ең құнды ағаштар дамыған елдерге экспортталады. Онымен де қоймай, ағаш отыны осы мемлекеттер үшін негізгі қуат таратқыштар болып қалуда (дамып келе жатқан елдердің халқының 70%-ынан астамы ағашты тамақ дайындаған және үйлерін жылытқан кезде отын ретінде пайдаланады. Бұл ретте осы елдердегі орман ресурстарымен қамтамасыз етілу әртүрлі және көбіне көп тым көп бола бермейді.

    Орман өнеркәсібі дегеніміз ағаш өндірісі және басқа да ағаш материалдарын өңдеумен айналысатын шаруашылық түрі. Ол орман шаруашылығының құрамындағы маңызды әрі салыстырмалы дербес шаруашылық болып табылады. Орман өнеркәсібі халық шаруашылығының көптеген салаларымен тікелей және жанамалай түрде байланысқа ие. Олардың қатарына көлік қатынасы, кен байыту, қағаз жасау, тоқыма және құрылыс индустриясы сияқты салаларды жатқызуға болады.

    Қазақстанның орман қорына ормандар, сондай-ақ орман өсімдігі қамтылған, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша орман қорына жалпы ауданы, уақытша пайдалануға берілген ормандарды қоса есептегенде 28419,4 мың га. (Қазақстан аумағының 9,8 %), оның ішінде орманмен қамтылған аудан 12293,8 мың га. (1-кесте) бұл республиканың жер көлемінің 4, 5 % - ы ғана. 1993 – 2010 жылдар аралығында орманмен қамтылған аудандар біртіндеп өскен. Мысалы, 1993 – жылы – 42, 7 % болса, 2010 жылы – 46,0 % болған. Орман қорының 18782,2 мың га-сы, ( жалпы орман корының 70,2 %) орманды алқап болса, 7988,3 мың га-сы (29,8 %) ормансыз алқаптан тұрады.

    Әлемнің ағаш өңдеу өнеркәсібі. Ағашты әлемдік дайындау (шығару) арта түсуде. 1965 жылмен салыстырғанда, оның көлемі екі еселенді. Ағаш шығару бойынша көшбасшы болып Америка Құрама Штаттары, Қытай, Үндістан, Бразилия, Индонезия, Канада табылады. Бұрынырақта көшбасшылар тобына Ресей де кірген. Алайда 90-ы жылдары бұрынғы КСРО шаруашылығының бұл саласында да өндірістің өте елеулі құлдырауы байқалды (салыстыру үшін: 1990 ж. – тығыз ағаштың 304 млн м3 және әлемдегі Америка Құрама Штаттарынан кейінгі екінші орын; 2000 ж. – 90 млн м3; 2004 ж.- 154,7 млн м3 (әлемдегі 6-орын)).

    Ағаш жоғары сапалы құрылыс материалы болып табылады, одан жиҺаз, ойыншықтар, қағаз, қарындаш, сіріңке және өзге де өнімдер шығарылады. Келешекте ағаш өнеркәсібін дамытуда негізгі көңіл химиялық тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы ағашты кешенді өңдеуге, қуатты ағаш өңдейтін кәсіпорындарын құруға, ғаламшардың орман ресурстарын қорғауға және қалпына келтіруге бөлінуге тиіс.

    Ағаш өнеркәсібі салалары және ағаш өнімдері: тілінген ағаш материалдары, құрылысқа керекті тетіктер, фанера, мебель, целлюлоза, қағаз, картон, спирт, сірке қышқылы, скипидар, канифоль және басқалармен қамтамасыз етеді. Ағаш өте құнды және пайдалануы әртүрлі материал.

    Ағаш өнеркәсібінің әсіресе ТМД елдерінде маңызы өте зор. Сондықтан ағаш өнеркәсібі өркендетумен бірге ағаш қорларын кешенді тиімді пайдалану және оны  қорғаудың маңызы ерекше арта түседі. Ағаш өнеркәсібінің ағашты дайындау мен тасымалдау және оны өңдеу сияқты бірнеше салалары бар. Ағаш механикалық және химиялық       әдістермен өңделеді. Ағашты механикалық  өңдеу салаларына ағаш тілу, құрылыс тетіктерін өңдеу,  фанера, мебель, ағаш массаларын өндіру кіреді.

    Ағашты химиялық әдіспен өңдеуге целлюлоза , гидролиз өндірісі, ағашты термикалық өңдеуге негізделген өндірістер кешені және басқа да ағаш-химия өндірістері жатады. Негізгі ағаш қорлары шоғырланған аудандарда ағашты тиімді пайдалануға бағытталған ағаш өнеркәсіп кешендері құрылуда. Ағашты кешенді пайдалануды одан сайын жақсартады, ағаш өнеркәсібін өнеркәсіптің индустриялды саласына айналдырады.

    ТМД елдеріндегі ағаш қорларының бір артықшылығы – ормандардың 85 % қылқан жапырақты ормандардың алып жатуы.

    Қағаз бен целлюлоза өндірудің шикізаты

    Қағаз алу технологиясының мәні өсімдік талшықтарын химиялық – механикалық өңдеудің нәтижесінде жаңа материал – қағаз алу.

    Қағаз алу шикізатына целлюлоза, ағаш (сабан) массалары, қағаз макулатурасы, ескі мақта – мата  және зығыр маталарының қалдықтары жатады.

    Бірақ қағаз алудың негізгі шикізаты – ағаш массасы мен целлюлоза. Оларды негізінен қылқан жапырақты ағаштар – шырша, самырсын, қарағай және балқарағайды белгілі өңдеу жолымен алады. Жапырақты ағаштар – қайың, көктал, терек және басқалар аз пайдаланылады.

    Ағаш орнына қағаз және картон алуға шикізат ретінде ТМД елдерінде әсіресе  оның оңтүстік ормансыз аудандарында көп кездесетін біржылдық өсімдіктер – құрақ, қамыс, сабанды (негізінен күріш сабаны) пайдаланудың халық шаруашылық маңызы зор.

    Целлюлоза алу үшін өсімдік торқасының барлығы емес, оның клетчатка не целлюлозадан тұратын өсімдік клеткасының қабығы пайдаланылады. Өсімдік клетчаткасында сондай-ақ лигнин, әртүрлі смолалар, пигменттер басқа да заттар пайдаланылады. Олар – клетка мен өсімдік тор.

    Осындай целлюлоза, қағаз, картон шығарылатын целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде химиялық технология ағашты механикалық өңдеумен үйлесіп отырады. Қағаз өнеркәсібі қазіргі уақытта қағаз бен картонның композициясы, түсі, шығару тәсілдері бойынша ерекшеленетін 3 мыңға жуық түрін өндіреді. Қағаз бен картонның айтарлықтай бөлігі әртүрлі өнімдер шығарған кезде одан арғы өңдеу мен модификациялаудан өтеді (бояулар, балауыздар, крахмал жағы және т.с.). Оының нәтижесінде, қағазды, картондарды және олардан жасалған бұйымдарды ақырғы тұтыну саласында талшық қасиеттерінің елеулі өзгеруі жүреді, бұл одан әрі оларды қайталама шикізат (қағаз қалдығы) ретінде пайдалану мүмкіндіктеріне әсер ететін болады. Қағаз қалдығын жинаудың негізгі көлемі пайдаланылған гофротараға (гофрланған картонға) – 40%, газеттерге – 20%-дан аса және басқа қағаз қалдығына келеді.

    Целлюлоза – ұсақталған және химиялық өңделген ағаш массасы. Ол қағаз, жасанды талшық алу үшін шикізат болып қызмет атқарады. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өндірістерін орналастырған кезде, өзімізге белгілі болып отырғанындай, шикізат факторының рөлі орасан зор. Алайда, өнеркәсіптің бұл саласы, жоғары материал сыйымдылығынан өзге, сонымен бірге су сыйымдылығымен де ерекшеленеді, яғни ол өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету көздеріне (өзендер мен көлдер) және өнімді тасымалдау жолдарына бағдар алады.

    Әлемдегі қағаз бен картон өндіру жарты ғасыр ішінде 10 еседен аса артты. Орман жамылғысының жалпы ауданы тұрақты азайып бара жатса да,орман кешенінің өнімдеріне деген сұраныс тұрақты өсе түсуде.

  • Дәріс 11. Құрылыс индустриясы.

    Қазіргі уақытта құрылыс материалдарын өндіру жеке сала болып келеді және әлемнің әртүрлі елдеріндегі құрылыс және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының орасан зор қанат жаюының нәтижесінде дербес маңызға ие. Құрылыс материалдарына құрылыс-монтаж жұмыстарымен байланысты шығындардың 50%-ынан астамы келеді. Сондықтан өнеркәсіптің осы бір саласының кез келген елдің экономикасындағы рөлі зор.

    Оның құрамына енетін шағын салалар мен өндірістердің үлкен алуан түрлілігі құрылыс материалдарының өнеркәсібі шығарылатын өнімнің мақсатының бірлігімен сипатталады. Осылайша, іс жүзінде экономиканың әртүрлі салалары бола отырып, құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарының өнеркәсібі өндірістердің индустриалдық-құрылыстық үйлесімін қалыптастырады, өте тығыз өзара әрекеттесіп отырады.

    Бастапқы шикізат  ретінде құрылыс материалдары өнеркәсібінде кен емес пайдалы қазбалар пайдаланылады. Құрылыстың нақтылы қажеттіліктеріне және технологиялық процестің сатыларына байланысты қарастырылып отырған саланың өндірістерінің келесі топтарын бөліп көрсетуге болады: а) шикізатты (құм, қиыршық тас, балшық, саз топырақ, малта тас және т.с.с.) шығару және бастапқы өңдеу; ә) тұтқыр материалдар (цемент, ізбес, гипс) өндіру; б) ғимараттар мен құрылыстар көтеру үшін әртүрлі қабырғалық материалдар, өнімдер және конструкциялар (әсіресе, бетон және темір бетон) өндіру.

    Соғыстан кейінгі онжылдықтарда Қазақстан экономикасының жедел қарқынмен өсуі құрылыс индустриясының ауқымын кеңейтуге септігін тигізді. Қалалар өсіп, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Дүниежүзінде құрылыс материалдарына деген сұраныс жыл өткен сайын өсе түсуде. Күрделі құрылыстан өзге жөндеу-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның үстіне өндіріс құрылыс индустриясы үшін шикізат базасын кеңейтудің қажеттілігі артып отыр.

    Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК). Биотехникалық революция қоғамдық өндірістегі құрылымдық өзгерістермен және қоғамдағы жаңа әлеуметтік құбылыстармен байланысты жүріп отырады. Осылардың арасында себепті-салдарлы байланыс болады: бір үрдіс  келесінің дамуын ынталандырады және керісінше. Осы байланыстағы ең маңыздысы – азық-түлік өндірісінде жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы. Ұзақ мерзім бойы  азық-түлікпен қамтамасыз ету аграрлық еңбектің қызметі болып келеді. Ал бүгінгі  заманда осы қызметті өнеркәсіптік  кешен атқарады.

    Ауылшаруашылығы шикізаттарынан азық және басқа тауарлар өндірісінің жаңа жүйесі бойынша бастапқы өнім өндіру тек аграрлық өндіріс қызметіне тән болып отыр. Ал осы өнімнің ¼ бөлігі тұтынушыға таза өнім  түрінде, ¾ бөлігі техникалық өңдеуден өткеннен кейін жеткізіледі. Ауыл шаруашылық өндірісі  онашаланған, өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің буынына айналған.

    Сонымен, жаңа қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады.

    Осымен қатар, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, өндіріс құралдарын (шикізат өңдейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.

    Азық және ауылшаруашылық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталады.

    Жалпы әлемдік экономиканың ауылшаруашылық секторында дүниежүзі халқының 40%-ы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы өз құрамына, ауылшаруашылығының негізгі құрал-жабдықтарын шығаратын өңдеуші өнеркәсіп салаларын және ауылшаруашылық шикізаттарын соңғы дайын өнімдерге айналдыратын өндірістерді біріктіретін агроөнеркәсіптік кешен құрамына кіреді. Дамыған елдердегі АӨК шаруашылығының қарқындылығы аудан бірлігіне жұмсалатын капитал салымдарымен есептеледі. Мысалы, Жапония, Нидерланды 1 га жерге 10000 АҚШ долларын салады және ғылым жетістіктері кеңінен пайдаланылады. Көптеген дамушы елдерде бұл сала «натуралды»  ішкі рынокқа бағытталған.

    Тұтас алғанда ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалатын капитал салымының көлемі әдетте 10%-дан аспайды.

    Агроөнеркәсіптік кешеннің табиғи өнімі болып жер саналады.

    БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының деректері бойынша, жер бетінің 78% жері өңдеуге келмейді, 13%-ының өнімділігі өте төмен, 6%-ы орташа жарамды, тек 3%-ы ғана жоғары өнімді саналады.

    Нарықтық қатынастар – халықтың әл-ауқатын көтеруге қажетті құралдың бір түрі. АӨК-ді мемлекеттік басқаруға беру үлгісін жасау қажеттілігі өтпелі кезеңдегі түпкілікті ерекшелігімен байланысты.

    Агроөндірістік құрылымдар көп формалы болып келеді. Оларды 4 бағытта: интеграцияланған құрылымдар жұмысының сипаты, салалық құрамы, меншік пен басқаруды ұйымдастыру формасы бойынша жіктеп-топтауға болады. Агроөндірістік құрылымдар жұмысының сипаты бойынша өзара байланысты кезеңдермен өндіріс-өнеркәсіптік өңдеу, агроөндірістік-сауда, өндірістік-өнеркәсіптік өңдеу-өткізу, ғылыми-өндірістік агроөндірістік байланысы бойынша жіктеледі.

    Агроөндірістік құрылымдар салалық құрамы бойынша салалық және салааралық деп бөлінеді.

    Салалық агроөндірістік құрылымдар қандай да бір ауылшаруашылық дақылдарын өндіру және өңдеумен айналысады. Бір салаға қатысты агроөндірістік құрылымдар: шығаратын өнімінің сипаты мен пайдалану мақсатының бірлігі, өңделетін шикізатының бірыңғайлылығы, технологиялық процестері мен өндірістік-техникалық базасының ортақтығы, еңбек жағдайы мен кадрлар құрамы сияқты ортақ белгіге ие.

    Салааралық агроөндірістік құрылымдар бір аймақ аумағындағы әртүрлі маманданған өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру және кешенді дамыту үшін құрылады. Бұлар әдетте,  басқару бірліктері (аудандық, облыстық агроөнеркәсіп) болып табылады.

    Дамыған елдердегі АӨК құрылымда фермерлік шаруашылық, ұсақ, орташа және ірі кооперативтер, акционерлік агроөндірістік бірлестіктер жұмыс істейді. Сонымен бірге осы фермерлік шаруашылықтар, өздерінің өндірістік мамандануына (жылыжайлық, астық дақылдарын өсіру, мал өсіретін шаруашылықтар, т.б.) сай әртүрлі көлемді ауылшаруашылық жерлерді иемдене алады (біреулерінде 1,5 га жер болса, екіншілерінде 1 мың га жер болуы мүмкін). Ал аса ірі акционерлік қоғамдардың жері бірнеше ондаған мың гектарды қамтиды. Бұл жерлер әдетте, фермерлердің меншігі немесе жал түріндегі қолданысқа болады.

    Аграрлық сектор құрылымы үнемі өзгерістермен ерекшеленеді, яғни фермерлік шаруашылықтар күйзеліске түсіп, оның орнына басқа құрылымдар келуі немесе бір ұйымдастырушылық формадан екіншісіне көшірілуі ұдайы болып тұратын құбылыс.

    Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою, оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау, нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.


  • Дәріс 12. Агроөнеркәсіптік кешен.

    Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК). Биотехникалық революция қоғамдық өндірістегі құрылымдық өзгерістермен және қоғамдағы жаңа әлеуметтік құбылыстармен байланысты жүріп отырады. Осылардың арасында себепті-салдарлы байланыс болады: бір үрдіс  келесінің дамуын ынталандырады және керісінше. Осы байланыстағы ең маңыздысы – азық-түлік өндірісінде жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы. Ұзақ мерзім бойы  азық-түлікпен қамтамасыз ету аграрлық еңбектің қызметі болып келеді. Ал бүгінгі  заманда осы қызметті өнеркәсіптік  кешен атқарады.

    Ауылшаруашылығы шикізаттарынан азық және басқа тауарлар өндірісінің жаңа жүйесі бойынша бастапқы өнім өндіру тек аграрлық өндіріс қызметіне тән болып отыр. Ал осы өнімнің ¼ бөлігі тұтынушыға таза өнім  түрінде, ¾ бөлігі техникалық өңдеуден өткеннен кейін жеткізіледі. Ауыл шаруашылық өндірісі  онашаланған, өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің буынына айналған.

    Сонымен, жаңа қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады.

    Осымен қатар, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, өндіріс құралдарын (шикізат өңдейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.

    Азық және ауылшаруашылық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталады.

    Жалпы әлемдік экономиканың ауылшаруашылық секторында дүниежүзі халқының 40%-ы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы өз құрамына, ауылшаруашылығының негізгі құрал-жабдықтарын шығаратын өңдеуші өнеркәсіп салаларын және ауылшаруашылық шикізаттарын соңғы дайын өнімдерге айналдыратын өндірістерді біріктіретін агроөнеркәсіптік кешен құрамына кіреді. Дамыған елдердегі АӨК шаруашылығының қарқындылығы аудан бірлігіне жұмсалатын капитал салымдарымен есептеледі. Мысалы, Жапония, Нидерланды 1 га жерге 10000 АҚШ долларын салады және ғылым жетістіктері кеңінен пайдаланылады. Көптеген дамушы елдерде бұл сала «натуралды»  ішкі рынокқа бағытталған.

    Тұтас алғанда ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалатын капитал салымының көлемі әдетте 10%-дан аспайды.

    Агроөнеркәсіптік кешеннің табиғи өнімі болып жер саналады.

    БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының деректері бойынша, жер бетінің 78% жері өңдеуге келмейді, 13%-ының өнімділігі өте төмен, 6%-ы орташа жарамды, тек 3%-ы ғана жоғары өнімді саналады.

    Нарықтық қатынастар – халықтың әл-ауқатын көтеруге қажетті құралдың бір түрі. АӨК-ді мемлекеттік басқаруға беру үлгісін жасау қажеттілігі өтпелі кезеңдегі түпкілікті ерекшелігімен байланысты.

    Агроөндірістік құрылымдар көп формалы болып келеді. Оларды 4 бағытта: интеграцияланған құрылымдар жұмысының сипаты, салалық құрамы, меншік пен басқаруды ұйымдастыру формасы бойынша жіктеп-топтауға болады. Агроөндірістік құрылымдар жұмысының сипаты бойынша өзара байланысты кезеңдермен өндіріс-өнеркәсіптік өңдеу, агроөндірістік-сауда, өндірістік-өнеркәсіптік өңдеу-өткізу, ғылыми-өндірістік агроөндірістік байланысы бойынша жіктеледі.

    Агроөндірістік құрылымдар салалық құрамы бойынша салалық және салааралық деп бөлінеді.

    Салалық агроөндірістік құрылымдар қандай да бір ауылшаруашылық дақылдарын өндіру және өңдеумен айналысады. Бір салаға қатысты агроөндірістік құрылымдар: шығаратын өнімінің сипаты мен пайдалану мақсатының бірлігі, өңделетін шикізатының бірыңғайлылығы, технологиялық процестері мен өндірістік-техникалық базасының ортақтығы, еңбек жағдайы мен кадрлар құрамы сияқты ортақ белгіге ие.

    Салааралық агроөндірістік құрылымдар бір аймақ аумағындағы әртүрлі маманданған өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру және кешенді дамыту үшін құрылады. Бұлар әдетте,  басқару бірліктері (аудандық, облыстық агроөнеркәсіп) болып табылады.

    Дамыған елдердегі АӨК құрылымда фермерлік шаруашылық, ұсақ, орташа және ірі кооперативтер, акционерлік агроөндірістік бірлестіктер жұмыс істейді. Сонымен бірге осы фермерлік шаруашылықтар, өздерінің өндірістік мамандануына (жылыжайлық, астық дақылдарын өсіру, мал өсіретін шаруашылықтар, т.б.) сай әртүрлі көлемді ауылшаруашылық жерлерді иемдене алады (біреулерінде 1,5 га жер болса, екіншілерінде 1 мың га жер болуы мүмкін). Ал аса ірі акционерлік қоғамдардың жері бірнеше ондаған мың гектарды қамтиды. Бұл жерлер әдетте, фермерлердің меншігі немесе жал түріндегі қолданысқа болады.

    Аграрлық сектор құрылымы үнемі өзгерістермен ерекшеленеді, яғни фермерлік шаруашылықтар күйзеліске түсіп, оның орнына басқа құрылымдар келуі немесе бір ұйымдастырушылық формадан екіншісіне көшірілуі ұдайы болып тұратын құбылыс.

    Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою, оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау, нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.

  • Дәріс 13. Тамақ өнеркәсібінің географиясы.

    Тамақ өнеркәсібі – халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандыратын саланың бірі. Тамақ өнеркәсібі халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін өндірістерді біріктіреді. Ол агроөнеркәсіптік кешен құрамына кіре отырып, ауыл шаруашылығымен тығыз байланысқан. Себебі, одан шикізат алады. Тамақ өнеркәсібі машина жасау, энергетика сияқты өнеркәсіп салаларымен салааралық байланыс жасайды.

    Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібінің дамуына аумақтық алшақтықтар тән. Жоғары қарқынды дамыған елдерде азық-түлік жергілікті тұрғындар қажеттілігінен әлденеше есе көп шығарылса, мешеу елдерде оның ұдайы жетіспеуінен аштық жиі болып тұрады. Тамақ өнеркәсібін дамыту кез келген ел үшін экономикалық жағынан тиімді болы табылады. Дайын өнім әрқашан да өңделмеген шикізаттан қымбат тұрады. Дамыған елдерде тағамның сапасын және эстетикалық тартымдылығын арттыру үшін арнайы өңдеу технологиялары қолданылады.

    Дүниежүзінің тамақ өнеркәсібі алуан түрлі салаларды біріктіреді. Экономикалық жағынан дамыған елдерде де, дамушы елдерде де халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіп отыратын осы саланың өнім өндіруі үнемі өсіп келеді. Тамақ өнеркәсібінің бір салалары көптеп өндіруде, бірақ бұл ретте жаңа өндірістер мен салалар пайда болуда. Мысалға, экономикалық жағынан дамыған елдерде денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында тамақтану құрылымының өзгеруіне байланысты («Салауатты өмір салты үшін», «Экологиялық таза өнімдер үшін», «Диеталық тамақтану» қозғалыстары) тамақ өнеркәсібінің «арнайы» тауарлар, «экологиялық таза» өнімдер өндіретін жаңа өндірістері пайда болуда.

    Экологиялық таза тамақ өнімдері тұтынушылар үшін маңыздылығы жоғары болып отыр. Ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері түпкілікті жаңа ресурстарды – өсімдік шаруашылығындағы генетикалық модификацияланған өнімдерді және мал шаруашылығындағы ақырғы өнімнің сипаттамаларын өзгертудің потенциалды мүмкіндігінен көрінісін тапты. Бұл тамақ өнеркәсібінде экологиялық таза өнімдер жасауға (оларды органикалық немесе биологиялық өнімдер деп атайды) және азық-түліктің әлемдік саудасында жеке сектордың пайда болуына ықпалын тигізді.

    Тамақ өнімдерін өндіру адамзаттың жаҺандық мәселелерінің бірімен – азық-түлік мәселесімен тікелей байланысты. Жалпы алғанда, осы әлемдік мәселені шешу тек азық-түлік өнімдерін өндірудің артуымен және азық-түлік нарығын кеңейтумен ғана емес, сонымен қатар азық-түлік ресурстарын ұтымды пайдалану стратегиясын жасап шығарумен де байланысты келеді. Олардың негізінде адамның тамаққа деген қажеттілігінің сандық және сапалық жақтарын, сонымен қатар азық-түліктің дүниежүзі елдеріндегі халықтың әртүрлі топтары және әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан біркелкі емес мемлекеттер («бай» және «кедей») арасында ұтымды бөлінуін қамтамасыз ету болып отыр. Ал қазіргі таңда, әлемнің бір елдерінде халық аштық пен жарытып тамақ ішпеуден жапа шегіп отырған кезде, басқа бір елдерде тамақтың үйлесімді рационына қол жеткізуге ұмтылуда, ал кей кездері тіптен, тамақ өнімдерінің артығымен және оларды шамадан тыс тұтынумен «күресуге» мәжбүр.

    Қазіргі кезде ғылымның басты мақсаты әлемде азық-түлік өндірісін, оның ішінде топырақ құнарлылығын арттыру, Әлемдік мұхиттың биологиялық ресурстарын пайдалану, күн қуатын және генетика мен селекцияның жетістіктерін ауылшаруашылық дақылдарының сорттарын жақсарту және мал шаруашылығында малдың жаңа тұқымдарын шығару, тауарлар ассортиментін кеңейту, тамақ өнімдерін өндірген кезде ауылшаруашылық шикізатын халық денсаулығы үшін сапасы мен қауіпсізділігін ескеруі керек.

    Тамақ өнеркәсібі – көптеген салалар мен өндірістік-технологиялық сатылардан тұратын күрделі жүйе (23-кесте.). Оның құрамына:

    1 .бастапқы өндіріс (мал сою, балық аулау);

    2.жартылай дайын өнімдер (ұн тарту, қан, сүт алғашқы өңдеу) өндірісі;

    3.дайын өнімдер (ірімшік, сарымай, басқа сүт өнімдері, ет өнімдері, нан, кондитерлік өнімдер),  өндірісі кіреді

    Тамақ өнеркәсібінің жеке салалары дәм-татымдық өнімдерді (темекі, сусындар, минералды сулар мен шырындар, тағамдық қоспалар) де өндіреді. Соңғы жылдары ҒТР жетістіктері негізінде агроөнеркәсіптік кешен ауқымында өндірістік желілерді іске қосуға мүмкіндік туды. Бұл экономикалық тиімді болумен қатар, сапалы өнімге деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

    Тамақ өнеркәсібі салаларының дамуына аймақтық (аудандық) ерекшеліктер тән, олар:

    жергілікті шикізат көзіне;

    елдің даму деңгейіне орай азық-түлік түрлеріне сұраныстың әркелкілігіне;

    жергілікті ұлттық (діни) әдеп-ғұрыптарға байланысты болады.

    Саланың кез келген дерлік өнімін ғаламшардың кез келген нүктесіне жеткізу мүмкін болғандықтан, тамақ өнеркәсібіндегі (және көліктегі) қазіргі техникалық прогресс жағдайларында жаппай тұтыну аудандарында жуық кезде міндетті деп саналған тағам өндірістерінің барлық жинағын құрудың еш қажеттігі жоқ.

     Қорытындылай келе, экономикалық жағынан дамыған елдерде әдетте тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының барлық түрлерінің көрсетілгендігін және тауарлардың өте көп санының өндірілетіндігін, ал дамушы елдерде тамақ өнеркәсібінің экспорттық салаларының ең көп мәнге ие екендігін және шығарылатын өнім ассортиментінің айтарлықтай азырақ екендігін атай кеткеніміз жөн.

  • Дәріс 14-15. Жеңіл өнеркәсіп географиясы.

    Жеңіл өнеркәсіп – халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын өнім түрлерін шығаратын сала. Бұл жеңіл өнеркәсіп индустрияның ең қарқынды дамыған саласы.

    Жеңіл өнеркәсіп халықтың матаға, киімге, аяқ киімге деген сұранысын және басқа да салаларды материалдармен қамтамасыз етеді.

    Жеңіл өнеркәсіптің құрамына 30 ірі салалар кіреді және олар:

    1.     шикізатты алғашқы өңдеу;

    2.     тоқыма өнеркәсібі;

    3.     тігін өнеркәсібі;

    4.     аяқкиім өнеркәсібі топтарына біріктірілген

    Өндірісті орналастыру факторлары. Жеңіл өнеркәсіптің шағын салалары,әсіресешикізатты өңдеу сатысында ауыл шаруашлығымен байланысты болып келеді.

    Кәсіпорындардың орналастырылуына тұтынушылық және шикізат факторлары, сонымен қатар еңбек ресурстары басты фактор болып табылады. Ауыл шаруашылығынан өзге, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат базасы болып химия (органикалық синтез) – жасанды және синтетикалық материалдар (жасанды жібек және тері, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук және т.б.) өндірісі қызмет атқарады.

    Экономикалық жағынан дамыған елдерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жер жерде ірі қалаларда да, сондай-ақ шағын және тіптен ауылдық елді мекендерде орналастырылады. Дамушы елдер үшін ауылдық өндіріс, оның ішінде үйде өндіру ерекше маңызды мәнге ие. Бұл ретте өндірілетін өнім тіптен экспортталады да (кілемдер, зергерлік бұйымдар және т.с.с.).

    Соңғы жылдары әлемнің жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының орналастырылуына шешуші рөлді, әсіресе,  кең тұтынылатын бұқаралық өнім шығаратын салаларда өндіріс технологиясының деңгейі емес, жұмысшы күшінің құны (еңбектің арзандығы) басты фактор саналып отыр. Өндірістердің «жаңа индустриалды елдерінде» және басқа да дамушы елдерде  күн өткен сайын көбірек шоғырлануы дәл осымен түсіндіріледі. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі дамушы елдердің үлесі жалпы алғанда айтарлықтай (40-45%-ға дейін) өсті.

    Бірақ жеңіл өнеркәсіптің осында қымбат, ерекше сәнді тауарлары шығарылатын шағын салалары және өндірістері бар. Осыған ұқсас кәсіпорындар экономикалық жағынан дамыған елдердің («сәнді заңдастырушылардың») мамандануы болып табылады. Солай бола тұрса да, бұл салада да өндірістердің дамушы елдерге орын ауыстыруы (әсіресе,  зергерлік, тері, кілем, фарфор өнеркәсібі саласында) байқалуда.

    Аймақтық тұрғыда жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі бойынша Еуропа көш бастап келеді, одан кейін Азия мен Америка келе жатыр. Дүниежүзі  елдері арасында өнім шығару бойынша алдыңғы орындарды Америка Құрама Штаттары мен Жапония, сонымен қатар Қытай иеленіп келсе, одан кейін, айтарлықтай артта қала отырып, тығыз топпен дамыған елдер де, дамушы елдер  (Италия, Бразилия, Франция, Таиланд, Ұлыбритания, Аргентина, Тайвань аралы) иеленуде.

    Жеңіл өнеркәсіптің құрамында көшбасшы болып бұрынғысынша үш сала: тоқыма, тігін және аяқ киім салалары қалуда.

    Ең бірінші орында мақта-мата өндірісі (Қытай, Үндістан, Ресей), екінші орында – химиялық талшық маталар өндірісі (АҚШ, Жапония, Үндістан)  тұр. Жібек мата өндірісі бойынша – АҚШ, Жапония, Қытай болса, жүн маталары бойынша – Ресей мен Италия мемлекеттері алдыңғы орында.

    Арзан жұмыс күші бар  Гонконг, Пәкістан, Үндістан, Египет, Бразилия мемлекеттері  бас жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын экспорттаушы мемлекеттер болып табылады.

    Жеңіл өнеркәсіптің дамуында:

    1.    химиялық талшықтардан өндірілетін маталар өндірісін төмендету;

    2.    дамушы елдер  тігін өнеркәсібінің даму үлесінің кең етек алуы;

    3.    өндірілетін өнімдердің ассортиментін кеңейту сияқты белгілі тенденциялар қалыптасқан

    Жеңіл өнеркәсіп – өнеркәсіптің ірі саласы. Жеңіл өнеркәсіп халық тұтыну тауарларын өндіретін бірнеше өңдеуші салалардың жиынтығы болып табылады. Басқа өндіріс салаларына  қарағанда жеңіл өнеркәсіп ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуші салалармен тығыз байланысты.

    Жеңіл өнеркәсіп өнімдері  көптеген қосымша өнеркәсіп салаларында қолданылады. Жеңіл өнеркәсіптің жартылай фабрикаттары басқадай өнеркәсіп өнімдерін  шығаруда негіз болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері жиһаз, авиация және автомобиль өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, көлік, денсаулық сақтау саласында қолданылады.

    Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп  әр мемлекет экономикасының ірі құрамдас бөлігі болып табылады. Эксперттердің пайымдауынша дүниежүзінде жеңіл өнеркәсіпті  әрі қарай дамытуда басты назар өнімнің сапасын және ассортиментін кеңейту, оның жаңа түрлерін игеру және халықтың сұранысына орай өнім шығарылымын арттыру болып отыр.

    Жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы басты тенденция – өнімнің сапасын жақсарту және  шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту. Ол – өз кезегінде жаңа мата түрлерін, аяқ киімдердің замануи  моделдері мен фасондарын, тігін және тоқыма бұйымдарын шығару, сапалы және ашық реңкі бояғыштар, жоғары сапалы химиялық сіңіргіштерді  қолдану.

    Жеңіл өнеркәсіптің басты ерекшелігі  салынған капиталдың жылдам қайтарымдылығы. Өндірістің технологиялық ерекшелігі аз шығын жұмсау арқылы шығарылатын өнім ассортиментінің тез алмастырылымдылығы. Ол өз кезегінде өндірістің мобильділігі қамтамассыз етеді.

    Шикізатты алғашқы өңдеу сатысында жеңіл өнеркәсіп ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста болады. Жеңіл өнеркәсіп  базасын ауыл шаруашылығы тауарларымен бірге химия өнеркәсібінің жасанды және синтетикалық материалдары (жасанды жібек және былғары, химиялық талшық, синтетикалық каучук) құрайды.

    Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының орналасуына тұтынушылық (аяқкиім, тігін) және шикізаттық, еңбек ресурсының болуы әсер етеді.

    Өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда  әлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі бір аймақтағы немесе елдегі тұрғын халықтың сұранысын қамтамассыз ету мақсатында дамиды. Оның дамуындағы басты факторлардың бірі – сапалы жұмыс күшінің болуы. Соңғы онжылдықтарда өндіріске ҒТР жетістіктері кеңінен енгізіле бастады.

    Жеңіл өнеркәсіптің орналасуы XX ғасырдың  екінші жартысында күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұл сала бойынша дүниежүзі бойынша жетекші орынға Азия елдері шықты. Бұған жергілікті шикізат базасы, салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші, азиялықтардың дәстүрлі кәсіби мамандануы себепші болды. Дүниежүзінде өндірілетін табиғи жібек пен джуттың (табиғи талшық алынатын өсімдік) барлығы дерлік, ал ірі қара мал терісінің 30%-дан астамы Азияның үлесіне тиесілі, мақтаның жартысынан астамы осында жиналады. Химиялық талшықтар өндірісінің 2/3 бөлігін Азия елдері өндіреді. Тек жоғары сапалы аустралиялық жүнді сатып алуға мәжбүр болады.

    Ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропаның меншігінде болған зығыр өндірісінен Қытай алдыңғы орынға шықты. Батыс Еуропа мен АҚШ неғұрлым күрделі технология мен сапалы шикізатты қажет ететін қымбат өнімдер (былғары елтірі бұйымдары, сәнді киім-кешек, қымбат аяқкиім және т.б.) өндірісінде жетекші рөлін сақтап отыр.

    Жеңіл өнеркәсіптің табысты дамуы үшін Қазақстанда қолайлы факторлар мен алғышарттар бар – Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 400 – 450 мың тонна мақта-шикізат жинайды, елімізде табиғи шикізат – мақта талшықтарын өндіру (жылына 130-170 мың теңге), жүн (жылына 15-20 мың теңге) және былғары шикізатының 7,5 млн. Данасынан астамын өндіру, әлемдік тауар нарығына мата мен иірілген жіпті экспорттау мүмкіндігі бар.

    Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі алдындағы негізгі міндет – шикізатты өңдеу, жоғары қосымша құны бар өнімді өндіру және оның сыртқы нарыққа шығуының болашағы есебінен ішкі нарықты жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен қамтамассыз ету.

    Сала дамуының негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібін жетілдіру және диверсификациялау үшін ынталандыруды құрумен байланысты.

    Жеңіл өнеркәсіп  - тоқыма (мақта, мата), тігі, былғары аяқкиім, мех, фарфор-фаянс, т.б салаларға бөлінед. Жеңіл өнеркәсіптің ішінде шығарылатын өнім көлемі мен жұмысшы саны жөнінен басты орынды тоқыма өнеркәсібі алады.

    Дүниежүзі бойынша жеңіл өнеркәсіптің көптеген салаларында өндірістік қуаттылықтардың орналасуындағы өзгерістердің келесі ортақ тенденциясы: Батыс Еуропа елдері мен Солтүстік Америка елдерінде өндіріс көлемінің қысқаруы және дамушы елдерде, әсіресе Азия елдерінде – өндіріс көлемінің арта түсуі тенденциясы байқалып отырғандығын атай кетейік .

    Дүниежүзі индустриясының басқа өзге салаларының дамуына секілді, жеңіл өнеркәсіптің барлық салаларының дамуына ең жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізу әсерін тигізді. Дүниежүзінің көптеген елдерінде кәсіпорындар өнімділігі жоғары жабдықпен жабдықталған, микропроцессорлар, робототехника кеңінен қолданылуда.