№1 практикалық сабақ. «Картография», «геоақпараттық картография» және «топография» ұғымының тұжырымдық-түсіндірмелік негіздері. Даму эволюциясына талдау жасау
Setup phase
- Setup phaseCurrent phase
- Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
- Submission phase
- Assessment phase
- Grading evaluation phase
- Closed
Тақырыбы: «Картография», «геоақпараттық картография» және «топография» ұғымының тұжырымдық-түсіндірмелік негіздері. Даму эволюциясына талдау жасау
Мақсаты – ғылыми теориялық әдебиеттердіі және географиялық сайттарды пайдалана отырып, география ғылымында жетекші рөл атқарып отырған «картография», «геоинформатика», «интернет картографиясы» ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру.
Тапсырма:
Теориялық ғылыми әдебиеттер мен ғаламтор желілеріндегі ресми ұйымдар сайттарын пайдалана отырып, төмендегі ұғымдардың тұжырымдық-түсіндірмелік негіздемесін жасау:
- Картография (даму кезеңдерінің хронологиясы, ғылым дамуындағы рөлі);
- «Геоақпараттық картография» ұғымы: факторлар тұрғысынан талдау;
- Топографиялық карталар: мазмұны мен шартты белгілері бойынша ерекшеліктері;
- ГАЖ-технологиялар мен интернет үйлесімді дамуына баға беру.
Жүргізу түрі: Ғылыми әдебиеттермен, ашық ғаламтор желілерімен және дәптермен жұмыс.
Көмекші құралдар мен жабдықтар:
1. Силлабуста берілген негізгі және қосымша әдебиеттер, ғаламтор сайттары.
Жұмысты орындау жөнінде нұсқаулық
1. Картографияның ғылым ретінде қалыптасуы мен даму кезеңдерінің хронологиясына ғылым дамуындағы рөліне талдау жасап, дәптерге жазу.
2. Заманауи картография, ГАЖ-технологиялар және геоинформатиканың қоғам дамуындағы рөліне сипаттама беру.
3. Геоинформатика және ГАЖ саласы бойынша глоссарий даярлау (10-15 термин).
Тексеру формасы: Тапсырмалар дәптерді тексеру және ауызша сұрау арқылы тексеріледі.