«Картография және топография негіздері» пәні

Пәннің басты мақсаты – болашақ ғылыми-педагогикалық сала мамандарын картография ғылымының даму тенденцияларымен, географиялық ақпараттарды картографиялауға арналған бағдарламалармен таныстыру, басты әдіс-тәсілдерін үйрету, оларда картографиялық, топографиялық және геоақпараттық зерттеу әдістері жайлы түпкілікті білім қалыптастыру.

Пәннің негізгі міндеті «География педагогтерін даярлау» білім бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
- әлемдік және отандық картография ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдерімен таныстыру, картографиялық туындылардың саяси, оқу, ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешудегі рөлімен таныстыру;
- картография және географиялық ақпараттарды жүйелеу бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыру;
- географиялық талдауда қолданылатын картографиялық әдістер мен тәсілдердің қазіргі даму тенденцияларымен таныстыру;
- студенттерді географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ), олардың даму тарихы, оларды әртүрлі салаларда қолдану туралы теориялық біліммен таныстыру;
- карталар құрастыру үшін қажетті мәліметтерді жинауға, талдауға, сақтауға және басқаруға арналған бағдарламалық өнімдермен таныстыру және жұмыс істеуге үйрету.

ОбсуждениеНачатоОтветыПоследнее сообщение
«Картография және топография негіздері» пәні Изображение пользователя Думан АлиаскаровДуман Алиаскаров 0 Думан Алиаскаров
Вс, 5 ноя 2023, 13:13