№6 практикалық сабақ. Тақырыбы: Карта түрлері және элементтері. Географиядағы картографиялық үлгілеудің мәні.
Setup phase
- Setup phaseCurrent phase
- Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
- Submission phase
- Assessment phase
- Grading evaluation phase
- Closed
Мақсаты – Алматы қаласы
мысалында үй нарығын бағамдар бойынша рангтерге бөліп, үлгілер құрастыруды
үйрену.
Тапсырма:
1) карта түрлері және элементтері бойынша мысалдар негізінде талдау жасау (слайд түрінде). Мысалы, картодиаграмма, картограмма, анаморфоз карталар, т.т.
2) Ақпарат құралдарынан алынған деректер негізінде Алматы қаласындағы үй нарығының картографиялық үлгісін жасау.
Жүргізу түрі: 1. карта-сызба жасау; 2. жазбаша түсінік беру.
Керекті құралдар мен жабдықтар: Алматы қаласындағы үй нарығы бойынша басылған ақпарат материалдары; Алматы қаласының аудандарға бөліну сызбасы, калькулятор т.т.
Жұмысты орындау жөнінде нұсқаулық
· ақпарат көздерінен Алматы қаласының үй нарығына қатысты мәліметтер іріктеліп алынады (Алматы қаласының 8 ауданы бойынша «Крыша» газетінен);
· әр ауданнан ең төменгі және ең жоғарғы көрсеткіштер аралығындағы 10 мәлімет алынады;
· мәліметтер дәптерге кесте күйінде түсіріліп, әр аудан бойынша орташа көрсеткіші анықталады;
· рангтерді анықтау әдістемесі бойынша есептеулер жүргізіліп, нарықтағы үйлердің бағасы 3 рангке бөлінеді;
· карта-сызба бетіне әр аудан бойынша анықталған орташа көрсеткіш жазылады.
· анықталған үй бағамының рангтері өзіне тиесілі түспен боялады.
· сызбаға жазбаша түсінік беріледі.
Тексеру формасы - Тапсырмалар картаны басып шығару арқылы тексеріледі.
Алматы қаласы бойынша 1-бөлмелі пәтердің орташа бағасы
Алматы қаласы бойынша 2-бөлмелі пәтердің орташа бағасы
Алматы қаласы бойынша 3-бөлмелі пәтердің орташа бағасы