№9 практикалық сабақ. ГАЖ-технологиялар мен веб-картографиялық порталдармен жұмыс Help with Workshop planner

Setup phase

Workshop timeline with 5 phasesSkip to current tasks
Setup phase
Current phase
  • Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
Submission phase
Assessment phase
Grading evaluation phase
Closed
Description

Мақсаты – студенттерді географиялық ақпараттарды жүйелеуге арналған веб-картографиялық сервистер қызметімен таныстыру және таңдалып алынған өңір бойынша географиялық, экологиялық сипаттамасын беру. Студенттердің геоақпараттық зерттеушілік дағдыларын дамыту.

Тапсырма:

1.      «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК-ның (республикалық мемлекеттік кәсіпорны) ресми интернет-ресурсын (https://www.kazhydromet.kz/)  пайдалана отырып, өзің тұратын өңірдің  географиялық, экологиялық жағдайына кешенді сипаттама беру:

-        маңызды ауа райы құбылыстарына болжам;

-        өзің тұратын өңір бойынша ұзақ мерзімді ауа райы болжамы;

-        өзің тұратын өңір бойынша қысқа мерзімді ауа райы болжамы;

-        ауа райы болжамының терминологиясы бойынша глоссарий құрастыру;

-        экологиялық ақпараттардың интерактивті картасын пайдалану;

-        сайттағы қосымша ақпараттар мен бюллетендерді, инфографикаларды пайдалана отырып кешенді геоэкологиялық сипаттаманы толықтыру.

2.      Әлемдегі ауаның ластануы: нақты уақыттағы ауа сапасының индексі   көрсеткіші жарияланатын интернет-ресурсты пайдалана отырып (https://waqi.info/ru/#/c/50.38/73.233/8.2z), еліміздің 3 қаласын таңдап алып, атмосфералық ауа сапасына салыстырмалы талдау жасау.

Жүргізу  түрі: Ашық ғаламтор желілерімен, веб-картографиялық сервистермен жұмыс.

Көмекші құралдар мен жабдықтар:

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК (республикалық мемлекеттік кәсіпорны) интернет-ресурсы:

https://www.kazhydromet.kz/

Тапсырманы орындауға қажетті интернет-ресурстардан скриншоттар төменде берілді.

Жұмысты орындау жөнінде нұсқаулық

Тексеру формасы: Тапсырмалар дәптерге жазылып, слайд құрастырылады, слайдта веб-картографиялық сервистерден скриншоттар алынып беріледі. Тапсырманы ауызша сұрау арқылы тексеріледі.