№7 практикалық сабақ. Microsoft Excel бағдарламасын немесе Pixel Map веб-картографиялық құралын пайдаланып қарапайым картографиялық туындылар құрастыру Help with Workshop planner

Setup phase

Workshop timeline with 5 phasesSkip to current tasks
Setup phase
Current phase
  • Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
Submission phase
Assessment phase
Grading evaluation phase
Closed
Description

Мақсаты – курс қатысушыларын сандық-статистикалық материалдарды жинақтау, өңдеу және талдауға үйрету және  картографиялық жұмыстарды жобалау және құрастыру туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру.

Орындалатын тапсырма:

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Ұлттық Статистика бюросы келтірген деректер негізінде Қазақстан Республикасы халық санының картасын құрастыру (төменде үлгі ретінде ҚР-ның халық саны картасы берілді). Карта мазмұнына қойылатын талаптар:

1)ҚР халқы санының соңғы 5 жылдықтағы динамикалық өзгерісіне гистограмма құру;

2)Облыс халқы санының республика халқы санындағы үлесін (%-пен) анықтау. Алынған нәтижелерді максимум және минимум көрсеткіштеріне байланысты рангтерге жіктеу (рангтерге жіктеу әдістемесі төменде берілді);

3)Облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша халық санына гистограмма құру;

4)  Алынған нәтижелер бойынша жазбаша талдау жасау.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистика бюросының интернет-ресурсы:

https://stat.gov.kz/

Рангтерге жіктеу бойынша әдістемелік нұсқау:

Нысандарды сандық деректері бойынша топтастыру үшін рангтерге жіктеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс дүниежүзі елдерінің және жекелеген аумақтардың әртүрлі көрсеткіштер жиынтығы бойынша жасалатын рейтингтерін құрастыруда қолданылады. Әдетте рейтинг бойынша топтастыру кезінде жоғары, орташа және төмен рангтер анықталады. Мысалы, әлем елдерінің туу коэффициенті бойынша топтарын анықтап көрейік. Туу коэффициентінің ең жоғары (46 ‰) және ең төмен (8‰) көрсеткіштерін табамыз. Ендігі кезекте формула бойынша топтардың айырмасын көрсетіп тұратын интервал анықталады: мұндағы max — көрсеткіштің максимум шамасы; min — көрсеткіштің минимум шамасы, х — интервал.

х=max-min/3

Осы формула негізінде анықталған интервал шамамен 12,6 тең болады. Енді интервалды қосу арқылы топтардың көрсеткіштерін анықтайық.

8 — 20,6 (туу деңгейі төмен елдер);

20,7 — 33,2 (туу деңгейі орташа елдер);

33,3 — 46 (туу деңгейі жоғары елдер).