Аймақтану
Пәннің мақсаты: Дүниежүзі аймақтарының қалыптасып дамуының табиғи- географиялық алғышарттары негізінде аймақтардың қазіргі экономикалық-әлеуметтік, саяси және тарихи-мәдени ерекшеліктерін зерттеу.
Пәннің негізгі міндеті: «Аймақтану» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
- аймақтық даму теориясына талдау жасау;
- «аймақтық география» ұғымының мәнін географиялық ілім әдістері ретінде ашу;
- қазіргі дүниенің алуан түрлігін, оны құраушы ірі бөліктерінің ерекшеліктерін аймақтық көзқарас тұрғысынан қарастыру;
- қазіргі дүниені аймақтарға бөлудің біртұтас ұстанымдарына талдау жасау;
- аймақтық географияның аймақтық экономика және аймақтық саясатпен байланысын зерделеу;
- пәнаралық ғылыми бағыттағы теориялық білімді практикада қолдана алу;