Глоссарий
қоғамның өзiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн шектеулi қорларды тарату әдiстерiн зерттейдi.
Экономикалық әлеует — қоғамдық өндiрiстi дамыту, шығарылатын өнiмнiң көлемiн ұлғайтып, сапасын жақсарту, күрделi құрылысты еселей түсу және жүктердi экономикалық тұрғыда тиiмдi ауқымда тасымалдау, халыққа қызмет көрсету үшiн қажеттi құралдар мен жағдайлардың жиынтығы.
Экономикалық-географиялық сипаттама — экономикалық нысандар (елдi мекендер, аймақтар) туралы ғылыми бiлiмдi белгiлi бiр жоспар бойынша, олардың орналасу және даму ерекшелiктерiн түсiндiре отырып, жүйелеу, баяндау.
Экономикалық әлеует — қоғамдық өндiрiстi дамыту, шығарылатын өнiмнiң көлемiн ұлғайтып, сапасын жақсарту, күрделi құрылысты еселей түсу және жүктердi экономикалық тұрғыда тиiмдi ауқымда тасымалдау, халыққа қызмет көрсету үшiн қажеттi құралдар мен жағдайлардың жиынтығы.
Аймақ – оның құрамын қанықтыратын элементтер жиынтығынан құрылатын, құрамдас элементтердің біртұтастығымен, өзара байланыста болуымен, бірлігімен сипатталатын аумақ; біртұтастық берілген аумақтың объективтік шарты жəне дамуының заңды нəтижесі.