Глоссарий
Туудың жалпы коэффициентi — бала туу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткiш. Жыл бойына тiрi туғандардың жалпы санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетедi. Әдетте 1 000 адамға шаққанда есептеледi.
Туудың жиынтық коэффициентi — тууға қабiлеттi кезеңi бойынша (яғни 15–49 жас аралығында) әрбiр жасында көрсеткiш есептелетiн жылғы туу деңгейi сақталғанда бiр әйелдiң орта есеппен қанша бала туатындығын көрсетедi. Оның шамасы халықтың жас құрамына байланысты емес және сол күнтiзбелiк кезеңде бала туудың орташа деңгейiн сипаттайды.
Халықтың демографиялық қартаюы — халықтың жалпы санындағы қарт және егде жастағы адамдар санының өсуi. Дүниежүзiлiк тәжiрибеде кеңiнен қолданып жүрген шкала бойынша 60 жас және одан да жоғарғы -дан көп болған жағдайда халықты қарт санатына қосады.жастағы адам санының 12
Халықтың жылдық орташа саны — тиiстi жылдың басындағы және соңындағы сандардың арифметикалық ортасы ретiнде есептеледi.
Халықтың көшi-қон өсiмi — белгiлi бiр кезеңде осы аймаққа келгендер саны мен сыртқа кеткендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Көшi-қон оң шамада (егер келгендер саны кеткендер санынан көп болса) немесе терiс болуы мүмкiн (егер келгендер саны кеткендер санынан аз болса).