Шетелдер географиясы
Пәннің мақсаты: Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын экономикалық аудандастыру және қоғамның өндіргіш күштерін аумақ тұрғысынан тиімді ұйымдастырудың мәселесін кешенді түрде оқыту. Сонымен бірге, дүниежүзі елдерінің аймақтық экономикалық және әлеуметтік саясатын, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны корғау және әртүрлі типтегі, масштабтағы аумақтық-шаруашылықтық кешендерді қалыптастыратын интеграциялық процесстерді, дүниежүзі елдерінің әлемдік шаруашылықтарының байланыстарын зерттеу және географиялық ойлау тұрғысынан баға берудің негізін қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеті: «География» білім бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
– білім алушыларды қазіргі дүниеде болып жатқан экономикалық-географиялық құбылыстар мен процестердің арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ажырата білуге үйрету;
– өндіргіш күштерді орналастыруда, халық қоныстануы мен экономикалық ынтымақтасу, ғаламдану жағдайындағы қазіргі заманғы географиялық заңдылықтарды анықтап, олардың ерекшеліктерін айқындай білуге үйрету;
– халықаралық экономикалық, мәдени және саяси қатынастардың ғаламдану жағдайындағы жаңа сипатымен таныстыру;
– дүниежүзілік шаруашылықтың ғаламдану сипаты мен оның қазіргі дүние географиясындағы рөлін білуі қажет.