ҚР Қылмыстық құқық (жалпы бөлім)
Пән оқытушысы: Рахимова Г.Н.,
PhD, аға оқытушы Контактілік
ақпарат : 87028038873, gakku_almatycity@mail.ru
Пәннің мақсаты:
"Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім) пәнінің мақсаты
- Қазақстан Республикасының құқықтық
жүйесіне жататын қылмыстық құқықтың жағдайымен және дамуымен таныстыру, қажеті
тәжірибелік машықтарды жинауға көмектесу болып табылады. Студенттерді қылмыстық құқықтың жалпы
бөлігінің жүйесімен таныстырып, толықтай оқыту.
Қылмыстық құқықтың ерекшеліктерімен, қылмыстық заңның қылмыстылықпен
күресудегі міндеттері мен мақсатын, қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық құқық
бұзушылық құрамдарын, қылмыстық құқық бұзушылықтың обьективтік және
субьективтік белгілерін, жазаның мақсаты мен түсінігін, жаза жүйесін, жаза
тағайындаудың жалпы негіздерін, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың
ерекшеліктерін және шет ел қылмыстық құқығын салыстырмалы тұрғыда танып білу
болып табылады.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу
орындарында қылмыстык құқықты оқыту сот және кұқық қорғау органдарына жүктелген
міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті терең теориялық білім беруді және осы
негізде қалыптасқан мықты дағды мен біліктілікті студент бойына қалыптастыруды
мақсат етеді.
Пәннің негізгі міндеттері «Қазақстан
Республикасы Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлігі)» оқу пәнінің міндеттері: қылмыстық
құқық ғылымының принциптері, категориялары мен ережелері туралы жүйелендірілген
теориялық білім алу; қолданыстағы қылмыстық заңнамада бағыт-бағдар таба білу;
қылмыстық заң нормасын қолдану және талқылау қабілеттіліктерін дамыту;
қылмыстылыққа қарсы ісқимылдың және адам құқықтары мен бостандықтарын, қоғам
мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық құқықтық қорғаудың тиімді құралы ретінде
қылмыстық
заңға деген құрметпен
қарауды қалыптастыру.
«Қазақстан Республикасының
еңбек құқығы» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар,
төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
Білім: қылмыстық құқық Жалпы
бөлігінің негізгі принциптері мен санаттарын біледі, қылмыстық құқықтың қорғаушылық және алдын
алушылық функцияларының мағынасын үсінеді; қылмыстық жауаптылықтың құқықтық жауаптылықтың
бір түрі ретіндегі ерекшеліктерін біледі, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған
адамдарға жаза мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларын қолдану
негіздерін қатаң сақтаудың мағынасын түсінеді.
Дағды: қылмыстық құқық Жалпы
бөлігінің нормаларын сөзбе-сөз және оның мағынасына қарай қолдана алады;
қылмыстық жауаптылық негіздерінің 6 бар/жоғы, қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босату негіздерінің бар/жоғы сұрақтары бойынша құқықтық білікті қорытынды бере
алады.
Қоғамдық құзырлылық:
қылмыстық заң нормаларын қолданудың құқықтық және әлеуметтік-экономикалық
салдарын түсіне отырып әрекет етеді; қылмыстық құқық пен заңға құрметпен
қарайды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне шыдамсыздық танытады