"Химияны оқыту әдістемесі"
Курс туралы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Химияны оқыту әдістемесі" пәні бойынша жаппай ашық онлайн курсы.Бұл курс педагогикалық жоғары оқу орнының студенттеріне (болашақ химия мұғалімдеріне), химия пәнін оқытуға қызығушылық танытатын кез келген тұлғаларға арналған. Мұнда химияны оқыту әдістемесі мен оның педагогикалық аспектілерін меңгеру арқылы бұл пәнді тиімді оқыту үшін қажетті дағдыларды дамыту мүмкіндігіне ие болады. Болашақ химик мамандарына арналған.
Тілі: қазақша
Форматы: Онлайн ( бейнедәрістер, интерактивті тапсырмалар, тесттер, форумдар)
Ұзақтығы: 15 апта
Курстың мақсаты: Бұл Жаппай Ашық Онлайн Курс (ЖАОК) химия пәнін оқытудың заманауи әдістері мен тиімді педагогикалық тәсілдерін үйретуге бағытталған. Курсты аяқтағаннан кейін қатысушылар:
-
Химияны оқыту әдістемесі бойынша терең білім алады.
-
Жаңа оқу технологияларын, цифрлық құралдарды және инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға дағдыланады.
-
Оқушыларды зерттеу жұмыстарымен, тәжірибелік эксперименттермен таныстыру арқылы ғылыми ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған әдістерді меңгереді.
-
Химия пәні бойынша көрнекі және интерактивті оқу құралдарын қолдану әдістерін үйренеді.
Курстың күтілетін нәтижелері:
-
Педагогикалық дағдыларды дамыту: Курс тыңдаушылары химияны оқытуда инновациялық әдістерді қолдануды, оқушылардың белсенділігін арттыруды және пәнді терең меңгерту үшін заманауи құралдарды пайдалануды үйренеді.
-
Тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: ЖАОК форматының арқасында қатысушылар өз уақытында курс мазмұны бойынша нақты тәжірибелер мен тапсырмалар орындап, білімдерін практикада қолдана алады.
-
Химияны оқыту әдістемесін меңгеру: Қатысушылар химия пәні бойынша күрделі мәселелерді тиімді түсіндіру және оқушыларды қызықтыру үшін қажетті педагогикалық және әдістемелік дағдыларды алатын болады.
Құрметті білім алушылар! Жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) білім беру саласында үлкен өзгерістер мен мүмкіндіктер тудырды, әсіресе химия пәнін оқыту әдістемесіне қатысты. Осы курс барысында сіз химияны оқытудың қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдерімен танысып, оларды оқыту үдерісіне енгізу мүмкіндігін аласыз. Бұл курс, сіздің химия пәнін оқытудағы кәсіби дағдыларыңызды жетілдіруде маңызды қадам болып табылады. ЖАОК форматындағы оқу сізге өз біліміңізді тереңдетіп, өз уақытында және ыңғайлы жағдайда оқу мүмкіндігін береді.
Курс авторлары:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 7М01510-Химия мамандығының магистранты Маханбетнаби Ақниет Налибайқызы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Унербаева Зульфия Оралбаевна