"Химияны оқыту әдістемесі"
Курс туралы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Химияны оқыту әдістемесі" пәні бойынша жаппай ашық онлайн курсы.Бұл курс педагогикалық жоғары оқу орнының студенттеріне (болашақ химия мұғалімдеріне), химия пәнін оқытуға қызығушылық танытатын кез келген тұлғаларға арналған.
Тілі: қазақша
Форматы: Онлайн ( бейне-дәрістер, интерактивті тапсырмалар, тесттер, форумдар)
Ұзақтығы: 15 апта
Курстың мақсаты
Химияны оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын, пәндік және әдістемелік құзіреттіліктерін дамыту.
Курстың күтілетін нәтижелері
1) Химияны оқытудың заманауи әдістемелерін меңгереді;
2) АКТ құралдарын тиімді қолдана отырып, сабақтарды қызықты және нәтижелі өткізуді үйренеді;
3)Білімалушылардың логикалық, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар әзірленді;
4) Сабақ жоспарын құру, бағалау және рефлексия жасау дағдыларын дамытады.