Талқылау форумы

Бағалау

 
Изображение пользователя Қалдыгүл Берік
Бағалау
от Қалдыгүл Берік - Среда, 23 апреля 2025, 15:43
 

Қазіргі білім беру жүйесінде критериалды бағалау жүйесі оқушының жеке білім траекториясын дәлірек әрі әділ көрсетуге қабілетті деп ойлаймын. Себебі бұл жүйе нақты критерийлерге сүйене отырып, оқушының білім деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау оқу мотивациясын арттырады, өйткені оқушы өзіне қойылған мақсаттар мен бағалау өлшемдерін алдын ала біледі. Бұл өз кезегінде оқушының өзіндік бағалау дағдысын дамытады. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас ашық әрі сенімді бола түседі, себебі бағалау түсінікті және әділ болады.