Талқылау форумы

Бағалау жүйесінің оқу үдерісіне әсері

 
Picture of Ақерке Джайшилик
Бағалау жүйесінің оқу үдерісіне әсері
by Ақерке Джайшилик - Wednesday, 23 April 2025, 3:43 PM
 

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының жетістігін бағалауда критериалды бағалау жүйесі дәстүрлі бағалауға қарағанда тиімдірек деп есептеймін. Себебі бұл жүйе нақты критерийлер арқылы бағалауға мүмкіндік береді және оқушы өзінің қай тұстан қате жібергенін, қандай жетістікке жеткенін анық көре алады. Мұндай тәсіл оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, өз бетінше талдау жасауына, бағалау қабілетінің дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ашық, әділ болады, бағаға деген сенім күшейеді. Ал дәстүрлі жүйеде бағаның нақты негізі әрдайым түсінікті бола бермейді, бұл оқушының ішкі уәжін төмендетуі мүмкін. Критериалды бағалау оқушыны тек нәтижеге емес, үдеріс пен даму бағытына қарай бағыттайды.