Талқылау форумы

Менің ойым

 
Изображение пользователя Ару Арыстан
Менің ойым
от Ару Арыстан - Пятница, 11 апреля 2025, 14:27
 

XXI ғасырда білім алушының қажеттілігі мен қызығушылығы айтарлықтай өзгерді. Ақпаратты жаттап алу емес, оны тиімді қолдану, талдау, бағалау, жаңа идея жасау – басты мақсатқа айналды. Осыған байланысты менің ойымша, заманауи білім алушы үшін зертханалық сабақтар мен семинарлар XXI ғасыр талабына көбірек сай келеді.

Зертханалық сабақтар – теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін тиімді формат. Оқушы белгілі бір тақырыпты жай ғана тыңдап қоймай, оны өз қолымен жасап көреді. Бұл оқушының зерттеу, бақылау және қорытынды шығару қабілетін дамытады. Мысалы, химия сабағында оқушы қышқыл мен негіздің әрекеттесуін тәжірибе арқылы көрсе, бұл оның есте сақтауына ғана емес, түсінуіне де көмектеседі.