Қазіргі білім беру үдерісінде химия пәнін оқытуда дәстүрлі әдістер мен заманауи цифрлық құралдар өзара толықтырады. Дәстүрлі әдістер (дәріс, тәжірибелік жұмыс, сұрақ-жауап) білімнің негіздерін қалыптастыруда маңызды, бірақ олар оқушылардың қызығушылығын әрдайым арттыра алмайды. Ал заманауи цифрлық құралдар (виртуалды зертханалар, симуляциялар, геймификация) оқушыларды белсенді түрде қатыстыруға, түсінікті әрі тұрақты білім қалыптастыруға көбірек ықпал етеді. Дегенмен, технологиялар барлық мектептерде бірдей қолжетімді емес, бұл мәселе шешуді талап етеді. Мұғалім үшін тиімді әдіс – дәстүрлі мен заманауи тәсілдердің үйлесімі. Болашақта химияны оқытуда цифрлық құралдар мен жобалық оқыту әдістерінің көбірек қолданылуы тиіс деп ойлаймын.