«Картография және топография негіздері» пәні

«Картография және топография негіздері» пәні

 
Изображение пользователя Думан Алиаскаров
«Картография және топография негіздері» пәні
от Думан Алиаскаров - Воскресенье, 5 ноября 2023, 13:13
 

«Картография және топография негіздері» пәнінің басты мақсатыболашақ ғылыми-педагогикалық сала мамандарын картография ғылымының даму тенденцияларымен, географиялық ақпараттарды картографиялауға арналған бағдарламалармен таныстыру, басты әдіс-тәсілдерін үйрету, оларда картографиялық, топографиялық және геоақпараттық зерттеу әдістері жайлы түпкілікті білім қалыптастыру.

Пәннің негізгі міндеті «География педагогтерін даярлау» білім бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:

-      әлемдік және отандық картография ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдерімен таныстыру, картографиялық туындылардың саяси, оқу, ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешудегі рөлімен таныстыру;

-      картография және географиялық ақпараттарды жүйелеу бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыру;

-      географиялық талдауда қолданылатын картографиялық әдістер мен тәсілдердің қазіргі даму тенденцияларымен таныстыру;

-      студенттерді географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ), олардың даму тарихы, оларды әртүрлі салаларда қолдану туралы теориялық біліммен таныстыру;

-      карталар құрастыру үшін қажетті мәліметтерді жинауға, талдауға, сақтауға және басқаруға арналған бағдарламалық өнімдермен таныстыру және жұмыс істеуге үйрету.