Оқу пәні: Мектеп пәндерін оқытудағы АКТ
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты - болашақ мұғалімдердің мектеп пәндерін оқытуда АКТ қолдану практикумын меңгерту.
Пәннің негізгі міндеттері:
– АКТ ерекшеліктерін, тиімді қолдану жолдарын игерту;
– болашақ маманды цифрлық ресурстарды қолдануға дағдыландыру;
- мектеп пәндерін оқытуда АКТ құралдарын қолдануды тиімді ету формаларын зерттеу.
Пән мазмұны тақырыптық ұстаным бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу үдерісінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық ресурстар:
1. Быстрякова Н.В. Информационные технологии в образовании: создание интерактивных средств обучения в среде SMART Notebook : лаб. практикум / Н. В. Быстрякова, И. А. Турченко ; Белорус. гос. пед. ун-т. – Минск : БГПУ, 2018. – 48 с.
2. Миняйлова Е.Л. Информационные технологии в обеспечении процедур научной деятельности : [монография] / Е. Л. Миняйлова ; М-во транспорта и коммуникации Респ. Беларусь, Белорус. гос. Ун -т транспорта. – Гомель : БелГУТ, 2017. – 217 с.
3. Вабищевич С.В. УМК по учебной дисциплине «Информационные технологии в образовании». – БГПУ, 2019