ХІ-ХV ғасырлар кезіндегі Италия
ХІ-ХV ғасырлар кезіндегі Италия
1. Италияның саяси-әлеуметтік жағдайы.
2. XII ғасырдың екінші жартсында Италияға шетелдік басқыншылардың агрессиясы.
3. Дольчино көтерілісі және Тукиндер қозғалысы.
4. Цехтық құрылымның ыдырауы және мануфактураның пайда болуы.
Әдебиеттер:
1. Қ.Т. Жұмағұлов, Р.С. Мырзабекова. Орта ғасырлар тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2020.
3. Б.Боранбаева. Орта ғасырлар тарихы. Оқу құралы. Астана-2013.
4. Орта ғасырлар тарихы. І-том. А.,1976.
5. История средних веков. Хрестоматия. М.,1988, с.13-26.
6. История Европы.т.ІІ. Средневековая Европа. М.,1992.
7. История средних веков./под ред. З.В. Удальцовой и С.П. Карпова/ М.,1990.
8. Практикум по истории средних веков. Выпуск І. М.,1981.
10. А.К. Қапышев, Е.А. Шайхыгалиев. Дүние жүзі тарихы. Ежелгі және орта ғасырлар тарихы. Оқу құралы. 3 томдық. 1-том. Алматы, 2017.
11. Қожабергенова Х.И. Орта ғасырлар тарихы. Оқу құралы. Орал, 2004.
12. История средних веков. Учебник для академического бакалавриата. Под ред. И.Н. Осиновского, Г.А. Ртищевой, Н.В. Симоновой. – Москва, 2018.
Ұлы Карл империясы ыдырағаннан кейін де Италия бытыраңқы ел ретінде қала берді. Верден келісімі бойынша ол тәуелсіз корольдік статусын алды.
Италиядағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы VIII-IX ғасырларда жүрді. Лангобард корольдығында феодалдану процесі барынша баяу жүрді.
Италия тарихының өзге Еуропа елдерімен салыстырғандағы ерекшелігі – қалалардың санының өте көп болуы. VIII-IX ғасырларда жаңа қалалар пайда бола бастады. Елде ішкі-сыртқы сауда жақсы дамыды. Еуропамен, Африкамен, Таяу Шығыспен сауда қатынастары жолға қойывлды. Тиррен теңізінің жағалауында ірі порттар – Генуя, Пиза, Амальфи пайда болды. Порттардың испаниямен, Туниспен, Египетпен, Византиямен сауда байланысы өркендеді. IX-XI ғасырларда олар феодализмнің алғашқы сатысында тұрды. Солтүстік және орталық Италияда товар-ақша қатынастары ерте туып қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліенуіне алып келді. Осының нәтижесінде ортағасырдағы жаңа экономикалық оталықтар – қалалар пайда болды.
IX-XI ғасырлардағы Италия батыс пен шығыс елдері арасындағы делдалдық сауда орталығы болды.
Италия біртұтас ел болмады. IX-XI ғасырларда Италияның феодалдық бөлшектену бейнесін феодалдық князьдіктер, герцогтіктер, графтықтар, марграфтықтар, епископтықтар, қала мемлекеттер толықтыра түсті. XI ғасырлардың дейін қалалық республикалар шықты. Мысалы, Милан, Пьяченца, Верона, Падуя, Парма, Венеция, Генуя, Пиза, Флоренция, Лукка және т.б.
Италиядағы саяси бытыраңқылық пен итальян феодалдары арасындағы алауыздықты пайдаланған герман императоры Оттон I 951 жылы әскерімен Италияға аттанып Павиа қаласын алады, 961 жылы жорығын тағы қайталады. 962 жылы папа Оттон I ді императорлық тәж кигізді. Сөйтіп құрамына Италия мен Германияның көп бөлігі кірген «Қасиетті Рим империясының» құрылуын жариялады.
XII ғасырдың екінші жартсында Италияға шетелдік басқыншылардың агрессиялық қаупі күшейді. I Фридрих Барбаросса бастаған неміс феодалдрының италия жерлерінің біраз бөлігі X ғасырлардағы бұрынғы Рим империясының жеріболған деген желеумен шапқыншылық соғысты өршітіп отырды.
I Фридрих Барбаросса Италияға бес рет жорық жасаған екен. Шетелдік жаулап алушылар ең алдымен көркейіп, дамып келе жатқан солтүстік итальяндық қалаларға қауіп төндірді.
Өздерің білесіңдер, енді қалалардың жергілікті сеньорлармен жүргізген күресі нәтижесінде қол жеткізген экономикалық және саяси тәуелсіздігіне сыртқы жау тарапынан үлкен қауіп төндірілді. Фридрих Барбаросса 1158 жылы Ронкальск сеймінде солтүстік итальяндық қалалардың тәуелсіздігін жою туралы шешімі, оның қала еркіндігіне қарсы екендігінің көрінісі еді. Бұл шешімге алғашқы болып бағынудан бас тартқан миландықтарды қатыгездікпен жазалаған Фридрих Ронкальск шешімін жүзеге асыра алмады.
Герман басқыншыларының Миланды талқандап, елді тонаушылыққа ұшыратуы бүкіл Италия қалаларының рухын көтеріп, олардың қатты қарсылығын туғызды. 1167 жылы қайта көтеріліп жаңарған Милан мен Мантуя, Феррара, Кремона, Брешия және т.б. қалалардың Ломбардия лигасы құрылды. Императорға қарсы құрылған бұл одаққа Солтүстік Италиядағы империя позициясының күшеюінен қауіптенген Сицилия корольдығы мен Венеция да тартылды. Бұл кезеңде феодалдық Еуропадағы үстемдік үшін империямен күрес жүргізіп отырған папа да қалалардың Ломбардия лигасына қолдау көрсетті. Осылайша герман феодалдарының басқыншылығына қарсы күрес жалпы итальяндық сипат алып, нәтижесінде елдің тағдырын шешуші күреске айналды. Леньяно (1176) жанындағы шайқаста Ломбардия лигасынан толық талқандалып жеңілген Фридрих папаның алдында тізе бүгуге мәжбүр болды. 1183 жылы Констанцадағы папа мен император арасындағы бейбіт келісімнен кейін Ронкальск шешімінің күші жойылып, солтүстік итальяндық қалалар коммуналдық еркіндіктерін қалпына келтірді. Императордың жеңілісі папаның саяси билігін анағұрлым күшейте түсті.
XIII ғасырда Солтүстік-Батыс Италияда шаруалар наразылығының өсуіне діннен безген (еретик) вальденстер және катарлар тағы басқа да секталардың кең таралуының идеологиялық әсері болды. XIII ғасырдың соңғы он жылдығында Парма ауданында монах Сегарелли басқарған жаңа секта пайда болады. Папа олардың әрекетіне қарсы болып, тиым салады. 1300 жылы Сегареллиді ұстап алып, еретик ретінде Пармада отқа өртеді. Сегареллидің шәкірті Дольчино олардың идеясын жалғастырушы болды. Дольчино (итал. Fra Dolcino; т.ж.б. -1.06.1307) - Италияның солтүстік-батыс бөлігіндегі феодалдарға қарсы шаруалар көтерілісінің (1304-1307) көсемі. Дольчино дүние-мүліктен бас тартуға шақырды және сонымен бірге өз байлығымен өздерін қорлаған католик шіркеуін жоюды талап етті.
Көтерісшілер феодалдардың иеліктері мен монастырларын қиратты, мүлік ортақтығына негізделген шаруа қауымдарын құрмақшы болды. Рим папасы көтерісшілерге қарсы крест жорығын жариялады. 1307 жылы көтеріліс басып-шаншылды. Дольчино азаптап өлтірілді.
Дольчино көтерілісі XIV ғасырда Батыс Еуропада болған ең алғашқы ірі шаруалар көтерілісі болды. Бұдан кейін де шаруалар көтерілістері болды, бірақ олардың барлығын феодалдар аяусыз басып-жаныштап отырды.
Шаруалардың «Тукиндер» көтерілісі деген атпен белгілі болған ірі қозғалысы Солтүстік Италияда 1382-1387 жылдары өтті. Бұл жолы да әлі де сениорьолдық режим мен крепостниктік жағдай үстемдік етіп отырған Савойяның шаруалары көтеріліс жасады. «Тукиндер» сеньорлардың ақшалай алым-салықтар төлеуді ұлғайтуына қарсы шықты. Өздерінің монархиялық иллюзияға сену салдарынан «қайырымды билеуші» герцог Амадей Савойскийді өздерінің жалпы патшасы ретінде тани тұрғанымен де, шаруалар крепостнойлық тәуелділік пен сеньорлардың үкіметін жоюды талап етті. Герцогтың әскері өздеріне қарсы шабуыл жасаған кезде шаруалар оларға қарсы аттанып «азғындаған қатал билеушіге айналған қожаларға, қызмететкілері келмейтіндігі» туралы мәлімдеді.
Сонымен «Тукиндер» көтерілісі, феодалдардың кейбір праволарын әлсіретіп, крепостниктік правоны жұмсартуға және барщинаны ішінара ақшалы рентамен алмастыруға әкеліп жеткізді.
XIV-XV ғасырларда Оңтүстік Италия мен Сицилия экономикалық жағынан құлдырауды басынан кешірді. Жергілікті қолөнер мен сауда барған сайын жүдеп, қалалардың маңызы жоғалуға айналды. Бұларға Солтүстік пен Орта Италияның бай қалаларынан шыққан көпестер мен өсімқорлар қожалық етті. Олар Сицилия үшін Арагондық әулетпен ұзаққа созылған және сәтсіз соғыстар жүргізіп жатқан оңтүстік корольдерге жәрдем ақша беріп тұрды.
Сонымен, XV ғасырдағы папа аймағында Оңтүстік Италия мен Сицилияда феодалдық қатынастар бүтіндей үстемдік жасай берді. Алайда Солтүстік Италия мен Орта Италияның алдыңғы қатарлы мемлекет–қалаларында осы және келесі жүз жылдықтың нақ аяғына шейін алғашқы капиталистік қатынастар дамумен болды. XV ғасырдың аяқ кезінде Солтүстік Италия мен Орта Италия қалаларының экономикасында тоқыраудың алғашқы белгілер пайда болды. Бұл ең алдымен сол қалалардыңэкономикалық өмірінің өзгешеліктеріне қарай, Италияда бірыңғай ұлттық рыноктың қалыптаса алмауымен байланыста болды. Белгілі бір кезеңде бұл жағдай капиталистік қатынастардың одан әрі дамуына бөгет бола да бастады. Басқа салаларда цехтық құрылыс бұрынғысынша сақталып қалды, ал формальдық жағынан алып қарағанда, мануфактура жақсылап дамыған жерлерде де цехтар жойылмай істей берді. Селолық жерлерде мануфактура шамалы ғана болды.
XIV-XV ғасырларда Солтүстік пен Орта Италия қалаларының саяси құрылысында болған елеулі өзгерістерімен белгіленді. XV ғасыр қарсаңында Флоренция мен Миланда, Болонья мен Феррарда, Урбинода және Италияның басқа қалаларында саяси құрылыстың тираниялық формасы орнады. Флоренциядағы тиранияның тарихы аса өзгешелеу болды. 1434 жылы Флоренциядағы бірнеше аса дәулетті отбасылардың ұзаққа созылған бәсеке күресінен кейін осы мемлекет-қаланың іс жүзіндегі билеушісі банкир Козимо Медичи болды және 1468 жылға дейін билік жүргізді. Оның тұсында басқарудың республикалық формасы тек жұртқа көз қылу үшін ған болатын, бірақ саяси және алым-салық өніндегі аппараттың барлық желісі соның қолында шоғырланды.
ХVІ- ғасырдан бастап Италияның экономикалық құлдырауы басталды. ХV ғасырдың соңында-ақ италиян өнеркәсібінде құлдыраушылық элементтер байқалған еді. Тіпті, Италияның өзінде флоренция шұғасы (мауыты) ағылшын шұғасымен алмастырыла бастады. Ағылшындардан бөлек Франция мен Германияда да өнеркәсіп өрледі. Нидерланды ХVІ ғасырдың өн бойында сауда жағынан ғана емес, өнеркәсіптік жағынан дамып отырды.
Ұлы географиялық ашулар Италия қала-республикаларының экономикасына үлкен нұқсан келтірді. Венеция аса бай көпестік республика болып қала берді, бірақ оның мұхиттық саудадағы ролі жоқтың қасы болды. Италиян қалаларының саудасы Таяу Шығыспен шектелді. Сауда мен өнеркәсіптен ығыстырыла бастаған италиян буржуазиясы көбіне көп банкілік - өсімқорлық операцияларға назар аудара бастады. Капиталды жұмсаудың басқа формасы жер сатып алу болды. Буржуазия жерлерді сатып алып дворяндарға айнала бастады. Өнеркәсіптің құлдырауы мануфактура жұмысшыларына да әсер етті. Олардың көпшілігі қайтадан қаладан деревньяларға қоныс аударды. Ірі жер иелеріне айналған Италияның буржуазиясы өндірісті дамытуды қолға алған жоқ. Олар да, дворяндар сияқты жерді ұсақ шаруаларға і шартпен пайдалануға берді (испольщина). Осылайша, дамудың белгілі бір кезеңіңде Италияда кері процесстер, яғни феодалдық қатынастардың орнығуы жүрді.
ХVI- ғасырда Италия саяси жағынан бұрынғысынша бытыраңқы ел болып қала берді. Солтүстіктегі ең ірі мемлекеттер: Венеция, Генуя, Милан, Савойя және Пьемонт герцогтықтары; Орталық Италияда – Флоренция республикасы (1531 жылдан Тоскана герцогтығына айналды) мен папа мемлекеті; Оңтүстіктегі неаполитан корольдығы (Сицилия құрамында) болды. Бұлардан бөлек ондаған ұсақ тәуелсіз иеліктер сақталынды. Барлық республикалық құрылыстар монархиялық институттармен алмасып жатты.