Педагог – зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті

Педагог – зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті

Педагог – зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Педагогтың әдіснамалық мәдениеті - оның кәсібилігінің жоғары деңгейі ретінде.

2.Педагог- зерттеушінің әдіснамалық мәдениетінің белгілері. 3.Зерттеушінің кәсіби-мәнді сапалары.

4.Педагог- зерттеушінің әлеуметтік  перцепциясы.

5.Педагог- зерттеушінің ғылыми рефлексиясы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

әдіснамалық мәдениеті.Бүгінгі қоғам жағдайында терең білімді, ой-өрісі, рухани-адамгершілігі, танымдық қабілеті жетілген, ұдайы шығармашылық ізденісте жүретін жастарды тәрбиелеу – білім беру жүйесінің негізгі проблемасы. Бұл ғасырлар бойы адамзат жинаған тәжірибені жастарға жеткізетін педагогтардың алдына қойылатын талап деңгейлерін айқындап алуды қажет етеді.

Соңғы жылдардағы білім саласындағы өзгерістер педагогика ғылымында қордаланған тәжірибені зерттеп-зерделеп, практикада тиімді пайдалануды талап етіп отыр.

Осыны ескере отырып біз болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын, оның әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру  

мақсатында қарастырамыз, маманның кәсіби білігін айқындайтын негіздері қараймыз. Философтардың зерттеулерінде көрініс алған әдіснамалық білім деңгейлерін (философиялық, жалпығылыми, нақты ғылыми) бағыт-бағдарына қарай негіздейміз.

Бүгінгі шындыққа бағдарланған практика әдіснамалық білім философиялық деңгейінің негізінде ерекше категориялар мен философиялық заңдылықтар қалыптасқанын (қарама-қарсылықтың бірлігі және күресі, терістеуді терістеу, сандық көрсеткіштердің сапалыққа ауысуы), олардың  объективті сипатқа негізделгенін көрсетеді.

Ғалымдардың әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру проблемасына байланысты ұсынған көзқарасына жасаған талдау былайша ой тұжырымдауға мүмкіндік береді: әдіснамалық мәдениет екі салада көрініс табады (оқуға үйретуде, жаңа білімді іздестіруге үйретуде); философиялық, жалпы-ғылыми және нақты-ғылыми деңгейге сәйкес қалыптасқан әдіснамалық білім болмай, біртұтас әдіснамалық мәдениет болмайды; мұғалімнің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру технологиясы оны даярлаудағы ерекшеліктерді ескеруі қажет, өйткені бұл болашақ кәсіптік оқыту мұғалімін даярлауда проблемалық тапсырманың ерекше түрін болжайды, ал бұл болса осы технологияның материалдық негізін құрайды

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды  бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің құрамдас бөліктерін өзара байланысын негіздеңіз.

2. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің инварианттық құрамдас бөліктерін сипаттаңыз.

3. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің вариативтік құрамдас бөліктерін сипаттаңыз.