Зерттеудің ғылыми нәтижелері

Зерттеудің ғылыми нәтижелері

Зерттеудің ғылыми нәтижелері

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Зерттеу  нәтижелері және оларды сипаттау тәсілдері.

2.Зерттеудің нәтижелерінің теориялық және практикалық  құндылығы.

3.Педагогика бойынша ғылыми зерттеулердің сапасын анықтау критерийлерінің сипаттамасы.

4.Зерттеудің нәтижелерінің шынайылығы мен дәлелділігі.5.Зерттеудің нәтижелерін тәжірибеге ендіру.

6.Зерттеудің нәтижелерін жариялау.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке де ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында. Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді. Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді

В.М. Полонский педагогикалық зерттеудің нәтижелері мен тақырыбын сипаттайтын негізгі құраушыларын былайша бөледі:

Объектілік құрауыш зерттеу өнімін заттай-категориялық жағынан сипаттайды, яғни, жұмыстың нәтижесінде алынған тұжырымдаманы, әдісті, жіктеуді, қағиданы, ұсынысты, алгоритмді т. б. көрсетеді. Ғылымның бағыты мен ауқымына байланысты объектілік құрауыш  жалпы ғылыми, жалпы педагогикалық немесе түрлі білім типтерінің нақты-педагогикалық деңгейінде көрініс табуы мүмкін. Қайта қалыптастырушы құрауыш объектіге не болғанын: нақтылау, анықтау, өңдеу және т. б. көрсетеді. Нәтиженің нақтылаушы құрауышы педагогикалық зерттеу нәтижелерінің объектілік бөлігінде қайта құрулар болып жататын түрлі жағдаяттарды, факторлар мен шарттарды нақтылайды.

Зерттеу нәтижелері ретінде мыналар ұсынылады: «алгоритм», «мүмкіндік», «болжам», «доктрина», «заң», «заңдылық», «идея», «жіктеу», «тұжырымдама», «критерий», «әдіс», «модель», «бағыт», «жалпылау», «түсіндіру», «сипаттау», «анықтама», «бекіту», «көрсеткіш», «түзету», «постулат», «алғышарт», «ереже», «ұсыныс», «тәсіл», «қағида», «мәселе», «жоба», «процедура», «үрдіс», «ұсыныс», «қасиет», «жүйе», «құрал», «қарқын», «теория», «термин», «терминология», «түсіндірме», «талап ету», «мәлімет», «сипат», «эмпирикалық білім». Осы ұғымдардың ішінде «ғылыми-педагогикалық зерттеулердің сапасы» ғылым өнімін тұтыну бағасының мәнін түсіндіретін, оның қоғамға пайдалы қасиеттерін анықтайтын түрлі деңгейдегі тұтынушылар көрсеткішінің кешенін сипаттайтын ортақ ұғым болып табылады. Педагогикалық зерттеулер сапасы жаңашылдығымен, өзектілігімен, ондағы ақпараттың біліктілігі мен жұмыс жағдайларын қоса ескергендегі барлық тұтынушылар үшін теориялық және тәжірибелік мәнімен өлшенеді.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері – жұмыстың мақсаттары мен 

міндеттеріне сәйкес теориялық және тәжірибелік, жаңа идеялардың жиынтығы болып табылады. Бұл теориялық мәселелер (жаңа тұжырымдамалар, алғышарттар, бағыттар, идеялар, болжамдар, заңдылықтар, жіктеулер, оқыту мен тәрбиелеу қағидалары, педагогика ғылымы мен тәжірибенің дамуы), оларды нақтылау, дамыту, толықтыру, тексеру, бекіту, жоққа шығару; тәжірибелік ұсыныстар (жаңа

Ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңа түрлері:

•    орнықтырылған және сипатталған жаңа педагогикалық деректер.

•     бұған дейін зерттелмеген құбылыстарда кездесетін жаңа түсініктер мазмұнын ашу;

•     белгілі ғылыми түсініктерде кездесетін жаңа сипаттамалар;

•     жаңа заңдылықтар ашу;

•     анықталған педагогикалық қызметтің жаңа түрлерін негіздеу, басқару, зерттеу және т. б ;

•     теориялық негіз құратын маңызды тәжірибенің міндеттерге негізделген тұжырымдамасы;

•     білім беру жүйесіндегі дамуды болжау мен мәнін түсіндіруге мүмкіндік беретін теория.

Ал, жаңашылдықты бағалау көрсеткіштері  мыналар:

•    ғылыми жаңалық ашу;

•     тұтас ғылыми тұжырымдама;

•     жаңа ғылыми тұжырымдамаларға толы жаңа ғылыми идея;

•     белгілі ғылыми тұжырымдамалар көлеміндегі жаңа ғылыми идея;

•     қолда бар ғылыми тұжырымдамаларды жаңа дәлелдемелермен, мәліметтермен толықтыру;

•     жаңа ғылыми көзқарас, мәселені жаңаша тұрғыдан қарастыратын ерекше ғылыми болжам  ұсыну;

•     педагогика ғылымының құрылымын анықтау;

•     теориялық білімді түсіндіру;

•     жаңа жүйені қалыптастырудың тарихи-педагогикалық және басқа да анықтамалары;

•     басты ұғымды ашу және олардың түсіндірілімі (құрылымы, қызметі, мазмұны);

•     педагогикалық жүйе мазмұнының негізі;

•     ғылыми жұмыстың кіріспесіндегі қазіргі заманғы ғылыми (қайта табылған) деректемелер (мұрағат материалдары, жазбалар және т. б);

•     үдерістерді анықтау және педагогикалық феноменнің дамуындағы перспективаларды табу;

•     зерттеліп отырған мәселеге байланысты тұжырымдамалар, тұғырнамалық әдістер мен теорияларды анықтау.

Педагогикалық зерттеудегі сапаны бағалаудың келесі өлшемдері зерттеудің негізділігі мен шынайылығы, сонымен қатар, педагогикалық зерттеулердің қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары. Зерттеудің өзектілігі мен негіздемесіндегі көрсеткіштер төмендегідей:

•     мәліметтер мен фактілердің  жеткілікті тексерілген теорияларға негізделуі;

•     тұжырымдаманың  тұғырнамалық және деректемелік тұрғыдан негізделуі;

•          идеяны зерттеудің әртүрлі әдістерінде қолдануға

болатындығының мақұлдануы және нақты тұғырнамалық негізге ие болуы;

•     идея тәжірибелік талдаудан, тәжірибе қызметінен шығады (озық педагогикалық тәжірибені тарату);

•     зерттеудің кешенді әдісінің  қолданылуы, әртүрлі зерттеу әдісі нәтижесін өзара тексеру, мәліметтерді өзара салыстырудың қамтамасыз етілуі;

•     зерттеу нәтижесінде өзіндік талдау және өзіндік тексерулердің қолданылуы.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды  бақылау бойынша сұрақтар

1.Зерттеудің теориялық жане тәжірибелік маңыздылығын қандай өлшемдер арқылы анықтайды ? Жауабыңызды негіздеңіз.

2.Ғылыми-педагогкалық зерттеу жұмыстарының жаңашылдығын анықтау әдістері.

3.В.М. Полонскийдің еңбектеріндегі педагогикалық зерттеудің нәтижелерін сипаттайтын негізгі құрамдас бөліктерінің бір бірімен байланысын түсіндіріңіз.

4.Тақырыптың көкейкестілігі өлшемдеріне сәйкес өз зерттеуіңіздің өзектілігін бағалаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.

5.Өзіңіздің зерттеу тақырыбыңызды таңдаудың дұрыстығын төмендегідей матрицаның көмегімен тексеріп көріңіз: тақырыптың ғылыми бағытқа, ҒЗИ (ЖОО) бағдарына сәйкес келуі; тақырыптың әлеуметтік сұранысты жүзеге асыруға бағытталуы, яғни өзектілігі; тақырыпты таңдауда мәселелердің болуы; тақырыптағы нысана мен зерттеу пәнінің анықтығы; ерттеу тақырыбының соңғы нәтижеге көзделінуі; тақырыптың өзектілігі; тақырыптың жаңашылдығы; теориялық және практикалық маңыздылығы немесе оның орындалуының тиімділігі; тақырып бойынша зерттеу жұмысын берілген мерзімде іске асыру; зерттеудің міндеттерін шешуде жағдайдың және құралдардың болуы; зерттеу тақырыбының болашағы, оны іске асыратын әдістер немесе жаңа әдістерді дайындау мүмкіндігі болуы; мәселенің деңгейін анықтау және бұл мәселе бұрын-соңды қарастырылған ба, жоқ па, соны тауып көрсету, сондай-ақ оның жаңашылдығын дәлелдеу.