Педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеу әдістері
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Ғылыми таным әдістерінің классификациясы.
2.Зерттеудің эмпирикалық әдістері.
3.Зерттеудің теориялық әдістерінің мәні, олардың зерттеу пәнін сипаттайтын тұжырымдамалар мен теорияларды құрастырудағы ролі.
4.Зерттеудің социологиялық және басқа әдістері және олардың деректер жинактау мен өңдеудегі орны мен ролі.
5.Зерттеу әдістерінің ізденушілік мақсаттарына сәйкестігі. Математикалық және статистикалық әдістер. Эксперимент.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогикалық зерттеу әдістері- педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық жөне эмпирикалық деп бөлінеді.
Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру.
Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу;
математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады:
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын , белгілерін ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстанымдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мән жайына енеміз.
Индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректекдің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар;
- мектеп, тәрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік қолданбалар.
Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес немесе қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұләдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады.Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеталау – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет әңгімелесумен жүргізіледі , ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;
2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс;
4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысуәдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жұніндегі ақпараттармен қаруланады.
Педагогикадағы математикалық және статистикалық әдістер сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін сондай – ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нәтижесін бағалауға, қорытындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жәрдемдеседі. Математикалық әдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу ( регистрация), тәртіпке келтіру ( ранжирование), өлшемге түсіру( декодирование). Статистикалық әдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық ( салыстырып бақылау және эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш ( топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дәрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы – медиана); таралу дәрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытку, баламалар коэффициенті және т.б.
Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар қабылданған. Осы әдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандық тәуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар
1. Зерттеу әдістерін таңдау ұстанымдарын Өз диссертацияңыздағы зерттеуәдістерін іріктегенде қолдана алдыңыз ба?
2. Педагогикалық зерттеудегі эмпирикалық әдістерге сипаттама беріңіз.
1.
Педагогикалық зерттеудегі теориялық әдістерге
сипаттама беріңіз.