Болжам және жетекші идея – зерттеудің ғылыми аппаратының компоненттері

Болжам және жетекші идея – зерттеудің ғылыми аппаратының компоненттері

Болжам және жетекші идея – зерттеудің ғылыми аппаратының компоненттері

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Зерттеудің ғылыми болжамы: типтері мен түрлері.

2.Ғылыми болжамды тұжырымдауға қойылатын талаптар.

3.Ғылыми болжамды тексерудің жолдары мен стратегиялары.4.Зерттеудің жетекші идеясы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.

Зерттеудің ғылыми болжамы -  басқа зерттеулер әлі аңғармаған нысандағы дәлелдерді қажет ететін педагогикалық ақиқат. Бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Зерттеудің ғылыми болжамы «Егер, онда, өйткені» деген үш тірек сөз арқылы құралып, бір нәрсені өзгерткенде, жетілдіргенде оның тиімділігі артады, ол үшін белгілі шарттар орындалуы қажеттігі тұжырымдалады.

Болжам зерттеу пәніне сәйкес болып, тілі түсінікті, дұрыс болуы тиіс. Зерттеу жұмысы барысында ол толықтырылып, нақтыланып, өзгеріп отырады. Болжам ғылыми зерттеу жұмысының басты шарты болып табылып, нақты жағдай мен болашақ арасын жалғастыру қызметін атқарады.

Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Зерттеудің жетекші идеясы – ғылыми зерттеу үшін бұл өте маңызды категория болып табылады. Жетекші идеяда ғылыми болжамның тұжырымдалуына негіз болатын зерттеудің қай бағытта дамитындығы, қандай мәселе қарастырылатындығы көрсетіледі.      

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды  бақылау бойынша сұрақтар

1.  Педагогикалық зерттеудің болжамы мен тұжырымдамасының айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

2. Ғылыми болжамның құрылымы, оларды алға шығу жолдары және тексерудің әдістері туралы  Е. Я. Режабек, Г. И. Рузавин, В. А. Штофф секілді ғалымдардың еңбектеріне қысқаша шолу жасаңыз.