Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары
Қарастырылатын сұрақтар:
1.«Әдіснамалық тұғыр» мен «әдіснамалық ұстанымдар» түсініктері және олардың арақатынасы.
2.Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдіснамалық амалдарының сипаттамалары: (жүйелілік, тұлғалық, іс әрекеттік, мәдениеттанымдық, құзыреттілік, акмеологиялық, синергетикалық,т.б.).
3.Педагогикалық зерттеулердің ұстанымдарының сипаттамалары: (теория мен практиканың бірлігі, объективтілік, жан - жақтылық, кешенділік т.б.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық ақиқат шындықты қайта құру және танымның атқару тәртібі, формасы, әдіс-қағидалары туралы ілім деп анықтайды П.И.Пидкасистый. Ол қолданыста жүрген әдістер және құралдарды жүйеге келтіру мен салыстырудың жалпы ерекшелігі арқылы ғалымдардың ғылыми әрекеттерін талдау негізінде қалыптасады. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн. Педагогиканың әдіснамасы дамып келе жатқан қоғам жағдайында, шындығында үнемі өзгеріс үстіндегі педагогикалық шындық көрініс табатын педагогиканың теориялық құрылымы негізіндегі білімдер жүйесін көрсетеді.
Қазіргі кездегі педагогика ғылымдарының деңгейі кейбір көкейкесті сұрақтарды шешіп қана қоймай, педагогиканың әдіснамасын және арнайы білімдер жүйесін құру қажеттігі көзделген. Бұл педагогика теориясының тиімділігін арттыру жолы. Көбінесе ғылыми зерттеудің фактілері теориялық жағдайлардың негізінде қалыптасып жатады. Бұл жердегі негізгісі, бастапқы ғылымның теориялық көзқарасы болып табылады, өйткені оның дүниетанымының қалыптасуы, зерттеудің мақсаты және міндеті, фактілерді қалай алып, қандай қорытындылар жасағандығы. Сондықтан әдіснама қазіргі ғылымдағы дүниетаным тұжырымдамасын оқытады. Педагогиканың әдіснамасының астарында жалпы қағидалық бастапқы жағдай кез-келген педагогикалық проблеманы зерттеу негізіне жатады.
Педагогикалық зерттеулерде негізінен теориялық және тәжірибелік идеялар өзара тығыз байланыста жүзеге асады. Педагогикалық теорияны жасау тек тәжірибеде дәлелденсе ғана жаңалық ретінде мойындалады. Сондықтан зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы мәселе болып есептеледі. Бұл педагогиканың педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін арттыруды талап етеді.
Педагогика әдіснамасына берілген анықтамаларға қатыстыкөзқарастарға тоқталып өтейік. М.А. Данилов педагогика әдіснамасы деп педагогикалық теорияның бастапқы жағдайлары, негізі мен құрылысы, дамымалы қоғам жағдайында үздіксіз өзгеріп тұратын педагогикалық ақиқатты дұрыс көрсететін көзқарастар ұстанымдары мен білімді табу тәсілдері туралы білім жүйесін атайды. Бұл түсіндірмеде ғылымның екі пәні аталған: 1) педагогикалық теория туралы білім жүйесі; 2) көзқарастар ұстанымдары мен білімді табу тәсілдері. Бұл ғалымның педагогиканың дамуына қосқан үлесі өте зор екенін атап өте отырып, оның педагогика әдіснамасы бойынша еңбектері алғашқылардың бірі болғандығына тоқталамыз.
В.И. Загвязинский педагогикалық әдіснама – ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы ережелері, құрылысы, қызметі мен әдістері туралы ілім» дей келе, оның 1) педагогикалық білімнің құрылысы мен қызметі туралы, соның ішінде педагогикалық мәселе туралы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық, жалпы ғылыми және педагогикалық ережелер; 3) педагогикалық таным әдістері туралы ілім деп тарқатады.
Педагогика әдіснамасы туралы еңбектердің ішіндегі аса танымал автордың бірі В.В. Краевский. Ол жоғарыда айтылған М.А. Даниловтың әдіснамаға берген анықтамасына толықтай қосылып, педагогика әдіснамасының пәні педагогикалық шынайылық пен оның педагогикалық ғылымдағы көрінісі арасындағы арақатынасы болып табылатындығына назар аударады. Оның құрамына: педагогикалық білім түрлері, оның басқа ғылымдармен байланысы, бірінші кезекте психологиямен байланысы туралы, дидактикалық білімді мектеп тәжірибесінде қолдану туралы педагогика теориясының мәселелерін де қосып, әдіснама пәнін бірнеше тармаққа таратады.
Теория-ғылыми танымның әсер етуші күші. Десекте ұстаным тек, ғылыми ізденістер мен практикада кең қолданыс тапқан ғана осындай сипатқа ие болуы мүмкін. Ұстаным ізденушіге, практика алға тартпайтын нақтылы жаңа ғылыми міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді.
Ұстаным ізденушіге, алға қойған мақсатқа жету жолын, алға тартқан нәтиже сипатын және қолданатын тәсілдер мен құралдарды тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Осы себепті, ұстаным практика үшін реттеуші, бағыттаушы, болжаушылық күшке ие.
Ұстанымның гнесеологиялық мәні-оның шындықтың мәнін объективті бейнелеуге мүмкіндігі, оның өзіне тән сипаттық ерекшелігі даму заңдылығын ашуында.
Десекте ұстанымның дүниенің, табиғаттың адамдар арасындағы қатынастардың ұдайы даму заңдылықтарын толық қанды шеше алады деуге болмайды. Дүниені теориялық тұрғыдан меңгеру – оның даму барысында алатын ерекше сипаттарын абстрактілік түрде түсіндіру, олардың арасындаға байланыстар мен тәелділіктерді, бұл құбылыстарды басты ерекшеліктердің анықтау және оларды тарихи жинақталған танымдақ тәжрибелер негізінді жүйелеу – деп түсінген дұрыс.
Жүйелілік амал – танымдық әрекеттегі ең әмбебап құрал. Олай болатын себебі, кезкелген құбылыс жүйе ретінде қарастырылады. «Жүйе» ұғымының грек тілінен аудармасы «құрастыру» ретінде түсіндіріліп, заттардың аморфты еместігін, бөлінбейтіндей болмайтындығын, оларды жақын барып талдағанда бөліктерден тұратындығын білдіреді. Демек жүйені өзгерту үшін оның ішкіқұрамаларына әсер ету қажет. Бұл үшін жүйелі білім қажет. Жүйелі білім объектінің құраушыларын зерттеп тану нәтижесінде жинақталады. Бұл ретте жүйелілік әдіснаманың біртұтастық амалымен астасады.
Практикалық тұрғыдан қарағанда адамның өзімен бірге жасап келе жатқан бұл түсінік кез келген әрекет жүйелі, белгілі бір ретпен атқарылады дегенге саяды. Жүйелілік және әрекеттік амалдардың ара қатынасын қарастырсақ, соңғысының адамның іс қимылымен байланыстылығы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым қатынасы арқылы оны өзгертуге ат салысуын білдіреді. Демек бұл амалдардың өзара тығыз байланыстылығын көрсетеді.Әрекеттік амал жүйенің дамуы заңдылықтарын түсіндіру қажет болған жағдайда қолданылады. Дамудың заңдарын білу негізінде объектіні жетілдіру, өзгерту, жаңғырту операциялары іске қосылады, әрекет жасалады. Педагогикалық жүйелерді жаңалауда жүйелілік, біртұтастық, әрекеттік амалдардың ролі аса маңызды. Жоғары оқу орыны білімгерінің әлеуетінің артып, шығармашылыққа ұласуының басты әдіснамалық амалдары болып табылады.
Педагогикалық зерттеу жұмыстарында әдiснаманың мәдениеттанымдық, аксиологиялық, гуманистiк, синергетикалық, акмеологиялық амалдарын басшылыққа алу арқылы мәселенің теориялық тұғыры айқындалады.
“Мәдениет” ұғымының астарларыМәдениет – адамның әрекетінің сапалық жағдайы; Мәдениет – адамның рухани-адамгершілік дамуының маңызды факторы;
Адамның өз шығармашылық әлеуетін ашып, өзін-өзі іске қосуы;
Мәдениет – қауымның өмір сүру үлгілері (дәстүрлері, салттары, мінез- құлық ерекшеліктері).«Мәдениет» ұғымы латын тілінен аударғанда «жерді өңдеу, күту, баптау» дегенді білдірсе, өз кезiнде Рим философы Цицерон бұл терминді «жанды жетілдіру» мағынасында қолдана отырып, жан-жүйені өңдеу де жерді өңдеу сияқты таза, құнды өнім береді деген ой қалдырған. Адам қандай еңбекпен айналыспасын үнемі әрекеттің «сыртқы» нәтижелерімен қатар «ішкі» нәтижелері де, яғни адамның өзінің өзгеруі, оның қабілеттерінің, білік, дағдыларының дамуы орын алады. Зат, дүние-мүліктер әлемін жасау барысында ол өзінің ішкі мүмкіндіктерін де жетілдіреді.
Синергетика немесе өзін-өзі дамыту теориясы педагогика үшін эвристикалық мәні бар өзін-өзі дамытудың әмбебап үлгілерін іздеуге бағытталған күрделі жүйе. Синергетика өзін-өзі ұйымдастыратын үрдістердің жүзеге асуының нақты тәсілдеріне көңіл бөледі, үрдістің интерсубъектілік коммуникативті ұйымдастырылуын тірек етеді. Сондықтан да оның грек тілінен аудармасы «синергейя» – бірлесіп әрекеттесу, ынтымақтасу дегенді білдіреді.
Акмеологиялық амал.Кәсіби шеберліктің шыңына шығу туралы ғылымның «акмеология» деген атауы грек тілінен аударғанда «шың», «биiктiк» деген мағынаны береді.Акмеологияда адам өзін-өзі дамыту мен шығармашылыққа қабілетті, өзінің өмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра алатын өз әрекетінің субъектісі ретінде танылады.
Адамның индивид ретіндегі прогрессивті дамуындағы шығар «шыңы»; тұлға ретіндегі дамуындағы жетістіктері;еңбектегі жоғарғы жетістіктері (тұлғаның әрекет субъектісі ретіндегі дамуымен байланысты);адамның даралық дамуындағыжетістіктерінің шыңы.
Әр адамда бұл бағыттардың байқалуы әрқалай болады. Олар бір-бірімен тығыз байланыса отырып, олардың түйісулері нәтижесінде адамның әрекеттің «жоғарғы баспалдағында» болуы орын алады.
Аксиологиялық амал (құндылықтар) Философияда құндылық деп адам және қоғам үшін мәні бар айналаны қоршаған өмірдің әлеуметтік объектілер, қоғамдық өмір мен табиғат адам тіршілігіне қатысуы танылады. Әлемдегі бар нәрсенің барлығы құндылық қарым-қатынастардың объектісі бола алады
Гуманистік амал. Гуманизм (ізгілік) – дүниетанымдық амал болғандықтан, оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігін, өзін-өзі дамыту қабілеттілігіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар
1. «Әдіснамалық тұғыр», «әдіснамалық ұстаным» «әдіснамалық қағида» ұғымдарының анықтамаларын нақтылаңыз.
2. Педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар жүйесін негіздеңіз.
3. Келесі зерттеулердегі әдіснамалық тұғырлардың зерттеу пәніне сәйкестігін дәлелдеңіз:
«Жоғары оқу орнында болашақ еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімін даярлаудың теориясы мен практикасы» (С.А. Жолдасбекова);
«Бастауыш білім беру мазмұнын құзыреттілік тұрғыдан жобалаудың теориялық-әдіснамалық негіздері» (А.У. Мухамбетжанова);