Әдіснаманың деңгейлері және олардың жалпы сипаттамасы
Әдіснаманың деңгейлері және олардың жалпы сипаттамасы
Педагогика әдіснамасы
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Педагогика әдіснамасының мәні. Педагогика әдіснамасының қызметі.
2.Педагогика әдіснамасының деңгейлерін түсіну амалдары. 3.Педагогика әдіснамасының философиялық, жалпығылыми, нақты, ғылыми технологиялық деңгейлері.
4.Әдіснамалық білім құрылымы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер.
Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. Қазіргі педагогика әдіснамасының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған. Әдіснамалықбілімдер жүйесінде:педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педогогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.
Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асырутиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру
міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде
іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері
атқарылады.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы
білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық.
Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық –əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптердібасшылыққа
алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі
дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне
себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып
отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның
қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде
қарастыру;
- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік-
инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар
1.Педагогика саласындағы әдіснамалық білімге, оның белгілеріне, даму деңгейлеріне сипаттама беріңіз.
2.Әдіснамалық білімнің негізгі ұғымдарының 2-3-не анықтамаберіңіз (педагогика әдіснамасы», «педагогика әдіснамасының құрылымы»,«педагогика әдіснамасының қызметтері», «педагогика әдіснамасының түрлері»,«педагогика әдіснамасының деңгейлері»,«педагогика әдіснамасының пәні»,«педагогика әдіснамасының деңгейлері», «әдіснамалық зерттеу», «әдіснамалық негіздеу», «әдіснамалық рефлексия», «әдіснамалық аппарат»,
«әдіснамалық
мәдениет», «әдіснамалық білім», «әдіснамалық мәселе»,
«әдіснамалық
бағдар», «әдіснамалық әдіс», «әдіснамалық
қағидалар» және т.б.).