Әдіснама – ғылымды тану туралы ғылым

Әдіснама – ғылымды тану туралы ғылым

Әдіснама  – ғылымды тану туралы ғылым

Қарастырылатын сұрақтар:

1.«Әдіснама» ұғымының мәні

2.Әдіснама деңгейлері;

3.Ғылым әдіснамасы

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Философиялық энциклопедиялық сөздікте әдіснама (грек сөзінен methodos – путь исследования, познания, теория, учение; logos – слово, понятие) қағидалар жүйесі және тәжірибелік теориялық іс-әрекетті ұйымдастыру және құру тәсілдері, ғылыми таным әдістері туралы оқу; қандай да бір ғылымда қолданатын әдістердің жиынтығы дегенді білдіреді делінген.

    Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

      Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді.

     В.А.Штоф былай деп анықтайды: «Әдіснаманың айырмашылығы кең философиялық мағынада, әдіснаманың рөліне, эвристикалық мәніне ең негізгісі антологиялық қағидаларға, заңдарға және категорияларға талдау жасағанда көңіл аударарлығы сол, ғылымның мағынасы тар мағынада гнесологияның бөлшегі болумен қатар, ол ғылымға тән көп қырлы, бір-бірімен байланысты формадағы ғылыми таным теориясына бейімді екендігін көрсетеді». Әдіснама шығармашылық процесс ретінде ғылыми зерттеу мен ғылыми танымның құралының теориялық жағдайларын шешу жолдарымен айналысады.

Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.

Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.

Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама –зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді.

Әдіснамалық негіздер – бұл ғылыми зерттеудің әдістері мен принциптерінің жүйесі, олардың негізінде ғылыми білім алу үрдісі жүзеге асады.

Әдіснаманын негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға негізделсе, зерттеу барысында қателіктер болмауы тиіс. Жалпы алғанда, әдіснама танудың елеулі қызметін атқарады, оның ішінде белгілі білім саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдарының әртүрлі саласына қатысын орындайды. Бұл қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық, түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды  бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Әдіснамаұғымыныа берілген анықтамаларды сипаттау

2.Әдіснаманың деңгейлерін сипаттау

3.Әдіснаманың қызметін түсіндіру