«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» курсының мақсаты мен міндеттері.

«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» курсының мақсаты мен міндеттері.

Қазіргі білім және педагогика ғылымы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1Қазіргі қоғамдағы педагогикалық білімнің ролінің артуы.

2 Білім құндылық, үдеріс, нәтиже, жүйе ретінде

3. Педагогика – білім туралы ғылым

Педагогика ғылымының нысаны мен пәні. Педагогиканың ұғымдық - категориалық аппараты. Педагогика ғылымының дербестігі мен ашықтығы. Педагогика ғылыми білімдер аумағында.4.«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың  пәні мен міндеттері.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазақстанда жаңа білім беру Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан – 2050» стратегиясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, үкіметтің білім беру саясаты мен тұжырымдық қарарларына сәйкес қалыптасады.

Білім беру реформасы – бұл адамдардың мақсатты бағытталған қызметін анықтайтын, өмірдің кейбір тұстарын қайта құрастыратын, сөйтіп бүгінгі таңда білім беру жүйесінің негізін өзгертетін әлеуметтік – білім беру тәжірибесі. Осыған сәйкес, П.Штомканың идеяларына сүйене отырып, білім беруді реформалау, біріншіден, педагогикалық бірлестік өкілдері үшін құндылықты қондырғылар мен құндылықты жаңашылдықтармен қалыптасады; екіншіден, әлеуметті – білім беру реформасын қолдайтын және оларды негіздейтін заңдылық өлшемдер мен идеялар кешенімен анықталады; үшіншіден, педагогикалық бірлестік консолидациясымен реформалау идеясының жанына бекітіледі, (жаңарту қажеттілігіне байланысты қоғамдық консенсус); төртіншіден, бірқалыптылық пен даму құндылықтарының тепе-теңдігімен қолдау көрсетіліп отырылады.

Әрқандай адамзат қауымдастығының шарты – оның мүшелігін мойындаған әр тұлға сол қауымның нақты табиғи және әлеуметтік тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылданған құндылықтарын мойындап, қылық - әрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдеме білуі ғана емес, ол ішінде жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды.Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірді мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы, ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта – ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады.

Білім өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық – тарихи құбылыс, оның мән – жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз- ақ.

            Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің  «Bildung» - «бейне» сөзі негізінде пайда болған әрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей:кейбір иделды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тәуелді қоғамдық санада түбегейлі әлеуметтік өрнек – эталонға сай бекіп,

жүзеге келетін тұлғалық және рухани қалыптасу мен әлеуметтену процесі.

            Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен әлеуметтік құбылыс.

            Білімнің әлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжірбиені ұрпақтан – ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік әректтеріне өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кәсіби адамдардың пайда болуы дәуірінен басталады.Дегенмен, мәдениетке мұралық ету әлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал – тәсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек әрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өрениетжолында өзөрісін тауып келеді.

            Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу заңдылықтарын зертеген ғалымдардың топшылауынша, ол дәуірдегі білім игеру процесі қоғамдық өндірістің нақты іс - әрекетіне тікелей араласу нәтижесінде атқарылатын болған. Оқу мен тәрбие, мәдени құндылықтарды әулеттен әулетке жеткізу қызметтерін орындау әрбір ересектің борышты міндеті есептеленг де, ол міндет балалардың еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттерге тікелей араласып отыруының арқасында шешімін тауып отырған.

Қоғамның әрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог қызметін атқаратын болған,ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу тайпасында ) бұл жүктемені, яғни жас балаларды тәрбиелеу негізінен жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білімқоғам өмірінен ажыралмай, оның ажырамас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге қорек, тауып, ошақ – отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік, өнеге үйренген. Әйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған, ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару – жарақ қстауға, пайдалануға тәрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға үйреткен,көкеніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мегн аспан денелерінің қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, әскери жеңістерге  қуана асыр сала билеп, ән шақырған, тайпаластарының бақытсыздығы мен ашаршылығын, жеңілістерді мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған да жапырған. Осыдан адам білімденуі  комплексті іске асып, өмір бойы үздіксіз дамуда.

            Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мәдениеттің дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тәжірбиенің молыға түсуіне жол ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектелуі болды. Осы қарама – қарсылықтың үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында тартуға арналған арнайы әлеуметтік құрлымдар  мен әлеуметтік(инстут) мекемелердің түзілуіне байланысты болды.

            Әлеуметтік құблыс ретінде танылған білім – ең алдымен шынайы қоғамдық құндылық. Әрқандай қоғамның адамгешілік, интеллектлау, ғылыми – техникалық, рухани - мәдени және экономикалық мүмкіндіктерді білім беру саласының даму деңгейіне тәуелді. Алайда білім қоғамдық – тарихи сипатта бола тұрып, өз кезегінде, әлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тапихи типіне байланысты. Әр дәуір білімі сол кезеңдегі әлеуметтік даму міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мәдениет

деңгейі, саяси және идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың арасында қоғамдық қатынастар субьекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.

             Сонымен, білім – салыстармалы дербес жүйе. Оның қызметі – нақты ғылыми біліктерді, идеялық – ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды, әрекет – қылық нормаларын игеруге бағытталған қоғам мүшелерінің тәрбиесі мен оқуын іске асыру. Ал бұлардың бәрініңастарында болатын мазмұн нақты қоғамның әлеуметтік – экономикалық және саяси құрлымы мен оның материялды – техникалық деңгеймен айқындалып барады.

            Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.

            Білім, әлеуметтік – қажеттілік болуымен бірге біршама қызметтер атқарады. Ғалымдардың пайымдауына (Н.В.Берковский А.А. Реан) білім қызметтері төмендегідей:

   - Адамның ғылым және  мәдениетәлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда әлем және барша планета азаматын тәрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш – қуатын тотастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дауда. Сондықтан да әлем қауымдастығы адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тәуелсіз жаһандық білім стратегиясын қалыптастыру талаптарын алға тартып отыр;

-Тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарынаң, әлеуметтік танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи және әлеуметтік тәжірбиені әулеттен әулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа саяси және экономикалық жағдайларды, қоғам және мәдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге көмектеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола, адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икғемделіп, бейімделеді.

    - Адамның қоғамдық және рухани өмірін, сонымен бірге жалпы халықтық рухани сана қалыптастыру тетіктері. Білім беру және тәрбиелеу мекемелерді белгілі дәуір адамының әлеуметтік – мәдени іс - әрекеттерінің ең жоғарғы өрнек – үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің әлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилык(гуманистік) құндылығы әрбір жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Бір тұтас білім жүйесінің барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал және рухани – инабаттық мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.

    - Мәдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық және қимыл - әрекет үлгілері мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (транслясия)бару. Оқу және тәрбие барысында адам өркение дамуына қажет әрі мәдени – тарихи маңызы бар әлеуметтік – мәдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның әлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге ортақтасу, жеке тұлғалық және іскерлік қатнастардағы моралдық және ізгілік талап өлшемдері.

    - Аймақтық жүйелер мен ұлттық салт- дәстүрлердің даму әдісі. Кейбір аудан тұрғындарының ерекшелігі педагогикалық

міндеттерге өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне ену осы білімнің арасында өтіп жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы әр қилы әлеуметтік топтардың сұраныстары ескеріледі.

    - Тұғырлы мәдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттары бірден бірге өткізіп тұрушы және іске асырушы әлеуметтік институт (ресми құрылым, мекеме).Әлеуметтік институттар жас ұрпақты бүгінгі қоғамда дербес жасауға мақсат бағдарлы жасауға дайындау жұмыстарын іске асырып барады.

     - Жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мәдени ауысулар мен қайта түрленудің белсенді үдеткіш күші.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.            Білім жүйелері туралы түсінік.

2.            Білім берудің философиялық негіздері

3.            Білім берудің философиясының әртүрлі бағыттарының өкілдері.

4.            Біллім беру әлеуметтік өмірдің ерекше саласы ретінде.

5.            Білім беру педагогикалық үдеріс ретінде.