Глоссарий


«Өнеркәсіп географиясы» пәні бойынша

1.       Агломерат (қосамын, жинаймын) – 1) металлургияда кенді әктаспен және кокспен қосып пісіру арқылы алынатын шағын, ұсақ саңылаулы кесектер; 2) геологияда борпылдақ тау жыныстарының сынық кесектері.

2.       Агроөнеркәсіптік интеграция  - бұл қоғамдық өндірістің салалары болып табылатын ауыл шаруашлығы мен өнеркәсіп сфераларының үйлесімді түрде жақындатуға бағытталған процесс.

3.       Аграрлық азық-түлiк нарығы - ауыл шаруашылығы өнiмi мен оның қайта өңдеу өнiмдерiн сатып алумен, өткiзумен және олардың айналымының өзге де элементтерiмен байланысты қатынастардың жиынтығы.

4.       Агрометеорологиялық мониторинг – жер бетiндегi агрометеорологиялық желi арқылы байқау жүргiзуге бағытталған iс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөнiндегi ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесi және ауыл шаруашылығы мүддесiне орай агрометеорологиялық болжаулар жасау.

5.       Агроөнеркәсiптiк кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнiмiн өндiрудi, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеудi және өткiзудi, сондай-ақ тамақ өнеркәсiбiн, оларды қазiргi заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да pecуpcтармен қамтамасыз ететiн iлеспе өндiрiстер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсiздiктi, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы.

6.       Агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесi - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың aгро-өнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн ақпараттық-маркетингтiк және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, технологиялық ресурстарының бiрыңғай жүйесi.

7.       Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерi - агроөнеркәсiптiк кешенде қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

8.       Ағаш коксы- ағашты 350-600°-та, ауанын қатысуынсыз құрғақ айдау арқылы алынады. Жылу қуаттылығы 7300 калория құрайтын ағаш коксынын құрамында күкірттің болмауы осы кокс түрін пайдалану арқылы жоғары сұрыпты шойын алуға мүмкіндік береді.

9.       Ағаш өндірісі - ағаш даындау, оны механикалық  өңдеу және химиялық әрлеу өндірістерінің жиынтығы

10.    Азотты тыңайтқыштар - натрий мен кальций селитралары, аммиак, аммоний сульфаты және т.б.

11.    Алюминий - өзінің жеңілдігімен ерекшеленеді, оның  салмағы 2,7. Оның иленгіштік қасиеті жоғары, қысым астында оңай өнделеді және кесіледі. Алюминий және оның қоспалары жақсы құйылады. Балқу температурасы 660 ° С, жылу және электр өткізгіштігі жоғары.

12.    Алып пресс-автоматтар шығаратын зауыт - басқарушы құрылғылары мен автоматты желілері бар жоғары дәрежедегі автоматтандырылған станоктар жасайды.

13.    Акционер –белгілі бір акционерлік қоғам (фирма, кәсіпорын) акцияларын иеленуші жеке немесе заңды тұлға.

14.    Акционерлік қоғам (АҚ) - өз капиталын құнды қағаздар-акциялар сату арқылы қалыптастыратын кәсіпорын. Акцияның иесі АҚ пайдасының бір бөлігін өзіне алуға құқы бар.

15.    Атаулы субсидиялау - мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусiз және қайтарымсыз негiзде қаржыландыру.

16.    Ауылдық аумақтар - ауылдық елдi мекендер мен олардың маңайындағы жерлердiң жиынтығы.

17.    Ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

18.    Ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымы - тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, спорт, телекоммуникациялар, байланыс, жолдар, пошта-жинақтау жүйесi объектiлерiн, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және суды бұру, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектiлерiн қамтитын жүйесi.

19.    Ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елдi мекендердiң, ауыл тұрғындары тұрмысының қажеттi деңгейiн тiршiлiктi қамтамасыз ету қызметiн көрсетудiң нормативтiк деңгейiне сәйкес қамтамасыз етуге негiзделiп, орналастырылуы.

20.    Ауыл шаруашылығы өнiмi - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикiзаты мен өнiмi, соның iшiнде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнiмдер.

21.    Ауыл шаруашылығы санағы - белгiлi бiр күндегi ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйi туралы ақпарат жинау жөнiндегi статистикалық операция.

22.    Ауыл шаруашылық машиналарын жасау - жер жыртатын, дән себетін, топырақ тегістейтін тракторлар, егіншілік пен мал шаруашылығына қажетті жай және күрделі машиналар жатады.

23.    Әскери-өнеркәсіптік кешен - өндірістік мекемелер, зерттеу ұйымдары, зерттеу ұйымдары,  байланыс құралдары, көлік коммуникациялары мен басқару органдарының әскери техника және қару-жарақтарды шығару жиынтығы.

24.    Баға интервенциясы - ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нарықтық бағасы, инфляция деңгейi ескерiле отырып орташа мерзiмдiк әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарында белгiленген, өткен күнтiзбелiк жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық баға деңгейiнен артып кеткен жағдайда iшкi нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттiң осы өнiмдi мемлекеттiк ресурстардан тiркелген бағалар бойынша iшкi нарықта өткiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар.

25.    Болат - темірдің көміртегімен (2% дейінгі) және басқа элементтерімен қоспасы. Негізінен алғанда мартен, оттекті-конвертерлі және электр пештерде шойынның болат сынығымен қоспасынан алады (қорыту). Құрамы бойынша көміртекті, қоспалы және т.б. болатты бөліп ажыратады.

26.    Біріккен кәсіпорын  (БК) – бірнеше елдер компанияларының ұжымдық қызметі арқылы қалыптасады. БК солардың бірінің аумағында жұмыс істейді және өз меншігі болады.

27.    Ғарыштық мониторинг - жердiң пайдаланылуына байқау жүргiзуге бағытталған iс-шаралар жиынтығы; Жердi қашықтықтан зондтау деректерi негiзiнде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнiң жай-күйi мен өнiмдiлiгiн бағалау және болжау үшiн өңдеу.

28.    Ғылыми-техникалық революция – аз уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегейлі өзгерткен секіріс ретінде аталады.

29.    Ғылымды көп қажет ететін салалар- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) деген жалпы шығын 3,5%-дан көп, ал ғалымдар саны қызметкерлердің жалпы санынан 2,5%-дан кем болмауы тиіс.

30.    Дағдарыс –экономикада адамзат қарекетінің белгілі бір саласының дамуы барысындағы қожыраушылық, күрт құлдырау, қарама-қайшылықтардың шиеленісуі кезеңі.

31.    Дайын бұйым –одан әрі өңдеу, қайта өңдеу, қайта сату үшін, түпкілікті тұтану мақсатымен сатып алынған бұйымдар (тауарлар).

32.    Дамыған елдер –жиынтық ішекі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адам өмірінің ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән.

33.    Дефицит, тапшылық – микроэкономикада әлдебір ресурстың (соның ішінде, тұтыну ресурсының) жетіспеушілігі, тапшылығы; макроэкономикада шығыстың кірістен асып түсуі, оның ішінде валютаның, қаржының, тауар мен ақшаның теңгестірілімділігі.

34.    Дүниежүзілік рынок - өзара сыртқы сауда, тағы басқа да экономикалық  қатынастар түрлері арқылы байланысқан елдердің арасындағы рынок жиынтығы, яғни тауар айналысының өрісі. Дүниежүзілік рыноктың тауар айналымы халықаралық еңбек бөлінісіне негізделеді. Дүниежүзілік рынокта бәсеке заңы әрекет етеді, сол үшін бәрі де тырысады, амалданады.

35.    Дүниежүзілік шаруашылық – дүние жүзіндегі елдердің бір-бірімен экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шаруашылық жүйесі.

36.    Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі – жекелеген елдердің ұлттық шаруашылықтарының арасындағы экономикалық байланыстардың жиынтығы. Бұған келіп қосылушылар саны арта түсуде, олар жан-жақты экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, халықаралық еңбек бөлінісі, дүниежүзілік рынок арқылы өзара тығыз байланысты, мұның өзі мемлекеттердің табысқа жете беруіне қолайлы жағдай жасайды.

37.    Елдің экономикалық даму деңгейін анықтау – жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көпрсеткіші алынады. Бұл көрсеткіш бойынша дүние жүзі елдері арасында үлкен алшақтық байқалады.

38.    Еңбек бөлінісі –еңбек қарекеті түрлерінің аражігін ажырату; еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады; өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы.

39.    Еңбек өнімділігі – алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс процесіндегі тиімділігі).

40.    Жалпы машина жасау - шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін сағаттар, тоқыма және тігін машиналарын шығаруды қамтиды.

41.    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) –жыл бойында бір елде өндірілген тауарлар мен қызметтің рыноктық бағамен шаққандағы толық ақшалай құны.ҮШ түрлі тәсілмен есептеледі: табыс бойынша,шығыс бойынша, шартты таза өнімнің қосымша құны бойынша.

42.    Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіші. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің рыноктық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды.

43.    Жасанды химиялық талшық - апатит, вискоза, мыс-аммиакты талшық, штапель т.б. синтездік химиялық талшықты полиамид, полиэфир, полиакрилнитрид, полипропилен т.б. көптеген талшықтар жатады.

44.    Инвестиция (киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериялық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

45.    Инновация (бүтін, тұтас) – экономикалық субъектілерді біріктіріп, өзара іс-қимылдарды ұйымдастырудың жаңа нысандарына қаражат жұмсау.

46.    Калий тыңайтқышы - хлорлы калий, сильвинит, калий сульфаты және т.б. болады.  Топырақтың  агрохимиялық және физикалық, химиялық қасиетін жақсарту үшін топыраққа шашылатын ақ, гипс жанама әсер ететін тыңайтқыш деп аталады.

47.    Капитал (басты мүлік) – кең мағынада алғанда – табыс әкеле алатын нәрселердідің бәрі немесе адам тіршілік әрекеті барысында тауарлар, өнімдер, т.б. өндіру, қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар; тар мағынада алғанда – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі, ол іске өнідіріс құрал-жабдығы, ақшалай қаражат, зияткерлік меншік түрінде жұмсалады.

48.    Кәсіпкер – иелігіндегі мүлкті, т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде өз бастамасымен шешімдер қабылдауға және кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы заңды немесе жеке тұлға. Ол мемлекеттік тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады.

49.    Кәсіпорын –қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік (шаруашылық жүргізуші субъект); өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны.

50.    Кедейшілік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы. Яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамассыз етуге жағдайының жетпеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы.

51.    Конвертор - пішіні алмұрт тәріздес, қалың болаттан жасалып, іші отқа төзімді кірпішпен қапталған жабық пеш.

52.    Концентрат (шоғарланған, топтастырылған) – пайдалы затты (мысалы кен концентратын) байыту (концентрациялау) нәтижесінде алынатын өнім.

53.    Көлік  машиналарын  жасау - автомобиль, аэроғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі.

54.    Күкірт қышқылы - екі негізді күшті қышқыл, сусыз күкірт қышқылы – түссіз май тәрізді сұйық, күшті тотықтырғыш, қыздырғанда көміртек, күкірт және көптеген металдарды оңай тотықтырады.

55.    Күкірт рудалары – құрамында таза күкірт, түрлі металдардың күкіртті қосылыстары бар минералдық шикізаттар тобы. 

56.    Қоғамның экономикалық потенциалы, мүмкіндігі – халық шаруашылық салаларының белгілі бір тарихи кезеңінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, күрделі құрылыстарды жүзеге асыру, жүк тасымалдау, халыққа қызмет көрсету мүміндігі. Экономикалық потенциал – ұлттық байлықпен тікелей байланысты.

57.    Латунь - таза мыстан гөрі қаттылау және берік, сұйық күйінде ағу қасиеті бар және коррозияға төзімді, кейбір түрлері беріктігі жөнінен болатқа жақын  металл.

58.    Легирленген  металдар – мталдар мен қорытпалардың сапасын жоғарылататын металдар

59.    Мамандану (лат. дара, ерекше)– ауданның мамандануы – ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрлерінің шоғырлануы.

60.    Мамандандырылған ұйымдар - агроөнеркәсiптiк кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн бәсекелестiк нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетiлетiн жекелеген қызмет түрлерiмен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi және (немесе) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық холдинг құратын ұйымдар.

61.    Магнитті темірше немесе магнетит - магниттік қасиеті бар, темірдің мөлшері 72%-ға дейін жететін, балқуы қиын, отынды көп қажет ететін қара түсті минерал.

62.    Машина - энергияның бiр түрiн екiншiсiне айналдыруға немесе қандай да болмасын бiр ұтымды жұмысты аткаруга бағытталған белгiлi бiр қозғалыстарды жүзеге асыратын механизм немесе бiрнеше механизмдердiң үйлесуi.

63.    Машина жасау - әртүрлi болып келетiн машиналардың түрлерi мен олардың бөлшектерiн, басқа да құрал-жабдықтар мен бақылау есептеу құралдарын жасаумен айналысатын өнеркәсiптiң  саласы.

64.    Машина жасау зауытының технологиялық процесi - дайындамалар жасаудан, оны өңдеуден, машина құрастырудан және оны соңғы өңдеуден тұрады.Өндiрiстiк процестiң осындай кезектiлiгi барлық машина жасау зауыттарында сақталған. Машиналарға қажеттi әртүрлi тетiктердi дайындауда материалдар мен дайындамаларды өңдеудiң ортақ әдiсi қолданылады.

65.    Машина жасау өнеркәсібі - ғылым мен техника жетістіктері ең көп енгізілетін салалардың бірі.

66.    Машина жасау өнеркәсiбiнің негiзгi шикiзаты - қара және түстi металдар, әртүрлi металдар, сирек металдар және олардың қоспа корытпалары, шынының арнаулы түрлерi, пластмасса.

67.    Машина жасау өнеркәсібінің дайын өнімдері - ауыр, электротехникалық және ауылшаруашылық машиналары, станок, өнеркәсiп және шаруашылықтың түрлi салалары үшiн технологиялық құрал-жабдықтар шығару.

68.    Машина құралдары - өндiрiстiк қолдану сипатына карай технологиялық, транспорттық және тасымалдық  деп бөлiнедi.

69.    Машиналарды автоматтандыру - еңбек өнiмдiлiгiн көтерудiң өндiрiстi жеңiлдету мен жетiлдiрудiң ең озық формасы болып саналады, мұндай машиналарда адам ауыр қол еңбегiнен босатылады. Екiншi жағынан, мұндай автоматты линиялар өндiретiн өнiмнiң жоғары сапасын, яғни олардың бiртектiлiгiн, дәлдiгiн жұмысшының  қандай еңбек дағдысы болғанына қарамастан, қамтамасыз етедi.

70.    Машина жасау өндірісінің сала аралық байланыстары – металлургия, еңбек қоры, химия, ағаш өндірісі, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы.

71.    Машина жасау өндірісінің орналасу шарты - еңбек қорына, тұтынушыға, шикізатқа, көлікке жақын орналасуы.

72.    Минералды тыңайтқыштар - өсімдікке қажет элементтері бар, егістіктің құнарлығын арттыру үшін тоыпыраққа шашылатын анорганикалық заттар.

73.    Микротыңайтқыштар - құрамында өсімдікке аздаған мөлшерде ғана қажет бор, мыс, марганец, молибден бар жай минералды тыңайтқыштар.

74.    Минералдық тыңайтқыштар жүйесі – екпе дақылдарға қолайлы жағдай туғызып, өнімін арттыру және еңбек шығынын кеміту топыраққа химиялық жолмен әсер ететін шаралар жүйесі.

75.    Мыс - күлгін-қызғылт түсті, өте жұмсақ, созылғыштық және иленгіштік

76.    Негiзгi химияның салалары - органикальқ синтез бен полимер химиясы, сода өндiрiсi, күкiрт қышқылы, минералды тыңайтқыштар, жасанды талшықты жәнекаучукты, пластмасса жасау.

77.    Никель - жоғары дәрежеде коррозияға төзімді, ылғалды орта мен жоғары температураның өзінде ол тотықпайтын, иленгіш металл. Меншікті     салмағы 8,9. Балқу температурасы 1455 °С.

78.    Құрамдастыру -бір кәсіпорын аясында әр түрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндірісті технологиялық жағынан аумақтық және ұйымдық тұрғыда біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі үш түрде: шикізат өнімдерін сатылап өңдеу; шикізат пен отынды кешенді пайдалану; қалдықтарды қолдану бағытында жүзеге асырылады. Бұл форма – металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ, ағаш,мұнай өңдеу, т.б. салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, толық циклді металлургия комбинатында бірнеше (шойын, болат, прокат, кокс, химиялық өөнім, цемент, құрылыс материалдарын өндіру) өндіріс түрлері біріктірілген.

79.    Қалайы - өзіне тән қасиеттері бар ақ түсті, өте жұмсақ болып келетін және тотықпайтын металл. Балқу температурасы 232 °С.

80.    Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің кен және кен емес шикізатты шығару мен байыту жөннідегі, шойын, болат, прокат, ферроқорытпалар, одан әрі қайта балқыту өнімдерін өндіру жөніндегі және құрылыс индустриясына қажетті конструкциялық материалдар шығарумен айналысатын саласы.

81.    Қорғасын - меншікті салмағы 11,3 , ауыр, сонымен бірге өте жұмсақ, иленгіш, механикалық оңай өнделіп, құйылатын және коррозияға төзімді металл. Оның балқу температурасы 327 °С.

82.    Қоспалы болаттар – қорытпа. Темір қорытпаларына белгілі бір физикалық, химиялық немесе механикалық қасиеттер беру үшін, болаттың әдеттегі сорттарының құрамына қоспалы элементтер.

83.    Қызыл темірше немесе гематит - түсі қызыл, 65% дейін темір кездесетін  минерал, бұл минералға жақын мартит жоғары сапалы руда болып есептеледі.

84.    Қоңыр темірше немесе лимонит - қоңыр түсті, табиғатта кең таралған, құрамындағы темірдің мөлшері 30-50% аралығында (сулы тотық) , балқуы оңай минерал.

85.    Өңдеуші өнеркәсіп – аралық өнімдер мен даяр бұйымдар алумен шұғылданатын: металлургия, химия, машина және құрал-жабдықтар жасау, металл және ағаш өңдеу, тоқыма, тамақ, т.б. өнеркәсіп салаларынан тұрады.

86.    Өңдеуші өнеркәсіптің басты салалары - машина жасау, ағаш өңдеу, отын-энергетика, түсті металлургия.

87.    Ормандылық – ел (континент) аумағының орман көмкерген мөлшері (%). Бұл көрсеткіш бойынша елдер аумағы орманмен басым көмкерілген (50-ден 95 %-ға дейін).

88.    Орман өнеркәсібі -  ағаш өндірісі және басқа да ағаш материалдарын өңдеумен айналысатын шаруашылық түрі.

89.    Орман қоры - белгілі бір географиялық аумақта тұрған орман ресурстарының жалпы массасы

90.    Постиндустриялизация – индустриалдық қоғамнан постиндустриалдық қоғамға өту; бұл үрдіс дамыған елдерде ХХ ғасырдың ортасынан, ал басқа топ елдерінде кейіннен пайда болды.

91.    Постиндустриялды кезең – адам факторының күшеюі мен өндірістік емес саланың қарқынды даму нәтижесінде қалыптасты.

92.    Полимер химиясы - химиялық талшық, синтетикалық смола және каучук, пластмассалар

93.    Сода - көмір қышқылының натрий тұздарының техникалық аты.

94.    Субсидия – мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға, салаларға бөлінетін ақша қоры.

95.    Сыртқы экономикалық саясат – елдің үкіметі экспорт пен импорт, кеден бажы, тарифтер, шетел капиталын шектеу, тарту және капиталды шетке шығару, сыртқы қарыз, басқа елдерге экономикалық көмек беру, бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыру саласында жүргізілетін саясат.

96.    Радиоэлектроника және электр техникасын жасау - машина жасау саласында өндірісті қайта жабдықтаудың және автоматтандырудың негізі.

97.    Табиғи жағдайлар (табиғи орта) – адамдар мен олардың шаруашылық қызметіне әсер ететін табиғат пен табиғи процестердің сипаты мен қасиеттері.

98.    Табиғи қорлар – адамзаттың қазіргі және келешек ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани  қажеттіліктерін өтеу үшін қолданылатын барлық табиғи заттар (ауа, су, кен байлықтары, топырақ және т.б.).

99.    Табиғат ресурстары – қоғамның дамуын қамтамассыз етуші, табиғат сферасында қалыптасатын және оның құрамдас бөліктері болып табылатын материя мен энергияның нақты түрлері.

100. Тас көмір коксы -  өте берік және жоғары калориялы, кеуекті, жеңіл отын. Кокстың жылу қуаттылығы 7000 ккал., ондағы көміртегінің мөлшері 85%-ға дейін жетеді, ылғалдылығы - 6%, күлі -15% ал күкірттің мөлшері -2%. Домна пештерінде үлкен кесекті (30 мм.астам) кокстер қолданылады.

101. Тәлімі (богарлық) егін шаруашылығы – суармалы шаруашылықты аудандарда ауыл шаруашылығы дақылдарын суармай өсіру.

102. Технологиялық машиналар -  белгiлi технологиялық процеске қатысатын машиналар, металл өңдеушi, агаш өңдеушi немесе есептеушi машиналар т.б. жатады.

103. Транспорттық машиналар - адамдар мен еңбек құралдарының қозгалысымен байланысты болады. Бұл козгалыс кезiнде транспорттық машиналардың өзi де қозғалады . 

104. Тасымалдық машиналар - жүк пен адамдарды тасымалдай отырып, өзi сол жерде қалады  немесе қозғалу радиусы онша үлкен болмайды. (крандар, лифт, жүк көтергiш)

105. Түсті металлургия - әртүрлі металдардың рудаларын өндірумен, олардың құймалары мен қоспаларын өңдеумен және одан әртүрлі бұйымдар жасаумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіретін өнеркәсіп саласы.

106. Тікелей инвестиция- тікелей қаржы салу; инвестор қаржы салынған объектіге басқармалық бақылау жасауға қатыса алады. Бақылау жасауға осы объектіге салынған акционерлік капиталдың (жарнаның) кем дегенде 10%-ын иелену керек.

107. Шаруа (фермерлік) қожалығы - өз жұмысына жеке иелігіндегі немесе пайдалануындағы меншігі мен жер телімін пайдаланатын ауыл шаруашылығы кәсіпорыны.

108. Шаруашылықтың салалық құрылымы -өнімнің бағасы, негізгі өндірістік қордың бағасы және жұмыс істейтіндердің саны бойынша әртүрлі өнеркәсіп салаларының арасындағы өзара қатынас.

109. Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс-құрал-жабдықтарының еңбек қорларының және өндірілетін өнімнің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жиналуы. Осындай кәсіпорын аясында -  еңбек құралдарын, т.б жарақтарды жетілдіріп жаңғыртып отыру еңбек және шикізат ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру. Олардың ұсақ немесе орта кәсіпорындарға қарағанда, техникалық-экономикалық, т.б. артықшылықтарымен қатар пайдасы да мол, бәсекеге қабілеті де зор.

110. Шихта - домна пешінің қалыпты жұмыс істеуі үшін руданың, отын мен флюстің нақты түрде есептелген  мөлшері.

111. Шпатты темірше немесе сидерит - рудасы кедей, темірдің  мөлшері 45% төңірегінде. Зиянды қоспалары, әсіресе, фосфордың болмауы және марганецтің болуы бұл руданы құнды етеді.

112. Фитосанитариялық қауiпсiздiк - ауыл шаруашылығына арналған объектiлер мен өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң өсiмдiк зиянкестерiнен, ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйi.

113. Флюстер - бос жыныстармен бірігіп оңай балқитын қосылыстар түзетін заттар.  

114. Фосфор тыңайтқыштары - суперфосфат, преципитат,қос суперфосфат, т.б.

115. Химия өнеркәсiбi - шаруашылықтың дамуында үлкен рөл атқарады. өнеркәсiптің түрлi өнiмдерiн химиялық жолмен өңдеу, сол өнеркәсiптiң өнiмiн, көлемiн ұлғайтады.

116. Химия өнеркәсiбiнiң орналасу факторлары -  шикiзатқа бағдарланған өндiрiстер кен химия өнеркәсiбi, сондай-ақ тасымалға қолайсыз шикiзатты пайдаланатын өндiрiстен (күкiртті, коксты газдар) не оларды жоғары мөлшерде шығындайтындар (мысалы, кальциленген сода шығару).отын-энергетикалық бағдарланған салалар (синтетикалык каучук, химиялық талшық, пластмассаның кей түрi және синтетикалық смола).

117. Химия өнеркәсiбiнің бағыттары - фосфориттің мол қорын игеру және фосфор тыңайтқыштарын өндiру; қара және түстi металлургиялық күкiрттi газын толық пайдалану; мұнай химиясы синтездiк өнiмдерiн шығару; шаруашылық айналымға түрлi тұздардың қорларын тарту.

118. Химия өнеркәсібі дамуының көрсеткiшi - мұнай химиясымен байланысты жоғарғы сападағы отын түрлерi, iштей жанғыш қозғалтқыш, аммиак, метил спиртi, глицерин, ацетон, фенол болып табылады.

119. Химиялық талшықтабиғи органикалық және синтездік поимерлерден алынатын талшықтар.

120. Химия өнеркәсiбiнiң салалары - тау-кен химиясы, минерал тыңайтқыштарды өндiру, негiзгi химия өнiмдерi, органикалық синтез және полимер материалдарын шығару.

121. Химия  өнеркәсiбiнiң шикiзаттары - мұнай  өңдеу және мұнай айырудан қалған қалдықтар, кокс-химия, фосфорит, күкiрттi колчедан, бром, ас тұзы, калий тұздары, борат және натрий сульфаты.

122. Химиялық жолмен алынатын тыңайтқыштар – екпе дақылдарға қолайлы жағдай туғызып, өнімін арттыру және еңбек шығынын кеміту топыраққа химиялық жолмен әсер ететін шаралар жүйесі.

123. Химиялық мелиорация - өсімдік тамыры өсетін топырақ қабатындағы өсімдікке зиянды тұздар мөлшері кемиді, топырақтың қышқылдығы және сілтілігі төмендейді. Химиялық мелиорация топырақта қоректік заттардың түрлерін молайтады, оның физикалық-химиялық күйін жақсартады. Жер жағдайы, ауа райы ерекшеліктеріне, өсірлетін дақылдар және  оның агротехникасының әртүрлілігіне байланысты топырақ құрамы мен құнарлылығын арттыруға бағытталған.

124. Химиялық мелиорациялық шаралар - топырақтың өсімдік тамыры жайылған қабатында фосфор тыңайтқыштарын, шымды-батпақ топырақтарға құрамында мыс бар тыңайтқыштар шашу, бұл топырақтардың қышқыл түріне мыс пен әк тыңайтқыштарын аралас қолдану. Суландырылған жерлерге бағалы дақылдар себу, өсімдіктерді арам шөптерден, зиянкестер мен  аурулардан қорғауды тиімді ұйымдастыру, топырақ өңдеу, егін егу және  баптау жұмыстарын кезінде жүргізу, тыңайтқыштарды егіс танабына біркелкі енгізу.

125. Целлюлоза - ұсақталған және химялық өңделген ағаш массасы.

126. Целлюлоза қағаз өндірісі -  химялық технологияларды пайдалана отырып, ағашты механикалық өңдеумен үйлестіре отырып, целлюлоза, қағаз және картон шығаратын ағаш өнеркәсіп саласының бірі

127. Экономика- шаруашылықты жүргізу «өнері»  туралы қоғамдық ғылым. Ол қоғамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шектеулі қорларды тарту әдістерін зерттейді.

128. Экономикалық әлеует – қоғамдық өндірісті  дамыту, шығарылған өнімнің көлемін ұлғайтып, сапасын жақсарту, күрделі құрылысты еселей түсу және жүктерді экономикалық тұрғыдан тиімді ауқымда тасымалдау, халыққа қызмет көрсету үшін қажетті құралдар мен жағдайлардың жиынтығы.

129. Экономика мен оның салаларының аумақтық құрылымы – салалардың елдің бүкіл экономикасына байланысты экономикалық аудандар бойынша қарым-қатынастық, үйлесу және орналасу ерекшеліктері.

130. Экономика тиімділігі - өндіріс нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш. ОЛ тиімділіктің (алынған өнімнің) жұмсалған шығынға (еңбек, материалдар, еңбек құралдары) қатынасымен өлшенеді.

131. Экстенсивті (кеңейту) жол - қосымша қорларды (табиғи, материалдық, еңбек) пайдалану арқылы өндіріс көлемінің сан жағынан өсуі; интенсивті жолға қарама-қарсы.

132. Энергетикалық дағдарыс – энергетикалық ресурстардың, ең алдымен, мұнайдың өте-мөте тапшы болып, әрі қымбатты кетуі. Энергетикалық дағдарысты монополиялар әдейі туғызады, сөйтіп олар энергияны көбірек тұтынуға итермелейді, сонымен қатар бірқатар елдерде мұнай өндіруді әдейі тежеп тастайды, сол арқылы мұнай өнімдерінің бағасын қымбаттатады.

133. Энергияны көп қажет ету – белгілі бір тұтыну көзінің энергиясы қажетсінуі өнімді өндіруге, жұмысты орындауға жұмсалған энергия (электр, жылу, атом, сәуле энегиясы, т.б.) шығынын (қатынасын) білдіретін көрсеткіш. Жекелеген өнім шығаруға, жұмысты орындауға кеткен энергия шығынының натуралды бірлігін көрсету, немесе өнімнің (жұмыстың) өзіндік құны құрылымында жұмсалған құнын пайыз түрінде білдіру.

134. Электротехника және электроника саласы - автоматтандырылған басқару жүйелері мен телекоммуникация құралдарынан бастап, тұрмыстық техникаға дейінгі алуан түрлі өнімдерді шығарады.

 

 

Browse the glossary using this index

Special | A | B | C | D | E | F | G | H | I | J | K | L | M | N | O | P | Q | R | S | T | U | V | W | X | Y | Z | ALL
No entries found in this section