Глоссарий
Демографиялық дағдарыс — әлеуметтiк, экономикалық-табиғи ықпалдардың әсерiнен белгiлi бiр аймақтағы (елдегi, облыстағы, аудандағы, т.б.) халықтың ұдайы өсуiнiң тежелуi. Дағдарысқа соғыс, әлеуметтiк, экономикалық, экологиялық жағдайлар, мемлекеттiң демографиялық саясаты, т.б. тiкелей әсер етедi.
Демографиялық жарылыс (дүмпу) — халық санының шұғыл да қарқынды табиғи өсуi. Мұндай демографиялық құбылыс кезеңiнде өлiмнiң азаюы туудың азаюынан асып түсiп жатады да, ол халық санының қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға тәуелсiз түрде-ақ жедел өсуiне алып келедi.
Демографиялық саясат — халықтың ұдайы өсуiн қолдау немесе шектеу (тежеу) үшiн мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкiмшiлiк, әлеуметтiк, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесi.
Демократия — халықты билiк көзi деп тануға негiзделген қоғамның мемлекеттiк саяси құрылымының формасы. Демократияның негiзгi ұстанымдары: көпшiлiктiң билiгi, азаматтардың тең құқылығы, олардың құқықтары мен бостандықтарының заң түрiнде қорғалуы, заңның жоғары тұруы, билiктi бөлiсу, мемлекет басшысы мен өкiлеттi органдар басшыларының сайланбалы болуы.
