Глоссарий


Мәдениеттің ғаламдануы - ұлттар мен халықтардың арасындағы біртіндеп дәстүрлік шекаралары жойылатын және олар жақындасатын, адамзат өзінің біртұтастығын сезіне бастайтын тарихи үрдіс.

Этноскейп — бұл миграциялық ағымдағы қауымдастық өкілдері. Олардың қатарына туристер, мигранттар, босқындар, шетел жұмысшылары кіреді. Олар ғаламдық мəдениет ұқсастығының өзегін құрайды.

Техноскейп — бұл ғаламдық мəдениеттің техникалық, ақпараттық бөлігі. Техноскейп арқылы жалпы планетарлық деңгейде əрбір тұлға мəдени кеңістікке қатыса алады. Интернет, бұқаралық ақпарат көздері арқылы ақпарат ала алады.

Медиаскейп - бұл арқылы тұлға, мемлекет бейнелері сомдалып, ақпараттық соғыстарға əкеліп соғады.

Идеоскейп  — мемлекет идеологиясына, саяси идеяларға байланысты құрылатын кеңістік. Бостандық, адам құқығы, егемендік, демократия ұғымдары арқылы тұлға санасына қашықтықтан ықпал ету құралдары.

«Мəдени империализм» - шетелдік мəдениеттің құндылықтары мен ғұрыптарын өзге ұлттың мəдениеті есебінен тарату мен көтеру үшін саяси жəне экономикалық билікті қолдану.


Сөз тізбекті әліпби бойынша қарау

Арнайылар | А | Ә | Б | В | Г | Ғ | Д | Е | Ё | Ж | З | И | Й | К | Қ | Л | М | Н | Ң | О | Ө | П | Р | С | Т | У | Ұ | Ү | Ф | Х | Һ | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | І | Ь | Э | Ю | Я | Барлығы
Бұл секцияда жазбалар табылған жоқ