Глоссарий 2
Геокеңістік - бұл бізді қызықтыратын кеңістік қасиеттері бар табиғи және техногендік сипаттағы географиялық нысандардың, табиғи құбылыстардың, техногендік және табиғи процестер мен оқиғалардың (үстінде, астында) аумақтағы жиынтығы.
Ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелердегі (кітапхана, мұрағат, фонд, дерекқор, музей және т.б.) жекелеген құжаттар мен құжаттардың жекелеген массивтері.
Геоақпараттық ресурстар дегеніміз – ақпараттық жүйелердегі кеңістік туралы деректердің жиынтығы.
Контент – белгілі бір зерделенетін аймақтың ақпараттық ресурстарының жиынтығы.
Геодерек – жіктелген және бірыңғай мәліметтер тобына біріктірілген жер бетіндегі процестер мен құбылыстар туралы ақпарат
Геоақпарат (Geoinformation, Spatial information) – құбылыстар мен нысандардың арасында кеңістіктік қатынастардың болуымен сипатталатын, жер бетіндегі объектілер мен құбылыстар туралы мәліметтер мен сипаттамалардың жиынтығы.
Геоақпарат (қолданбалы мағынасында) - бұл әртүрлі ақпараттық жүйелерде, соның ішінде ГАЖ-да қолдануға және өңдеуге арналған ақпараттық модельдердің жиынтығы түріндегі өзгертілген геодеректер.