Глоссарий


Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық картамен басқа да картографиялық өнімдермен кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері туралы ғылым. Картографияның жетістіктері карталарда, атластар мен глобустарда, ғаламтор желілерінде көрініс тапқан.

Топография – географиялық жəне геометриялық əдістерді пайдалана отырып, жергілікті жерді оқып-үйрену негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейтін картографияның бір саласы.

Геоинформатиканың ғылым ретіндегі анықтамасы: «Деректер базасы мен географиялық білім негізінде компьютерлік модельдеу (үлгілеу) және талдау арқылы табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді зерттейтін ғылыми пән».

Геоинформатиканың ақпараттық технология ретіндегі анықтамасы: «Геожүйелерді басқару, оңтайландыру және жинақтау мәселелерін шешуге бағытталған кеңістікте таралған ақпараттарды жинау, сақтау, түрлендіру, көрсету және тарату технологиясы. ГАЖ - шешім қабылдау процесінде ақпаратты жинақтау мен талдаудың техникалық құралы».

Геоинформатиканың ақпараттық өндіріс ретіндегі анықтамасы: «Кеңістікте таралған ақпаратты жинақтау және өңдеу, кеңістіктік шешімдерді дайындау, сонымен қатар геоақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және пайдалану бойынша өндірістік қызмет атқарады».




Сөз тізбекті әліпби бойынша қарау

Арнайылар | А | Ә | Б | В | Г | Ғ | Д | Е | Ё | Ж | З | И | Й | К | Қ | Л | М | Н | Ң | О | Ө | П | Р | С | Т | У | Ұ | Ү | Ф | Х | Һ | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | І | Ь | Э | Ю | Я | Барлығы
Бұл секцияда жазбалар табылған жоқ