Глоссарий
- Деректер - белгілі бір тасымалдағышта тұрақты сақтауға, беруге және өңдеуге жарамды нысанда жазылған ақпарат жиынтығы.
- Ақпарат - бұл мәліметтерді түрлендіру және талдау нәтижесі. Мәліметтер мен деректердің айырмашылығы мынада: деректер - белгілі бір оқиғалар мен құбылыстар туралы тіркелген мағлұматтар, ал мәліметтер нақты мәселелерді шешуде өңдеу нәтижесінде пайда болады.
- Атрибут – кеңістіктегі нысанды сипаттайтын сапалы немесе мөлшерлік белгі және оның нөмірімен немесе идентификаторымен шамалас; атрибуттар мәндерінің жиынтығы көбіне ДҚБЖ (деректер қорын басқару жүйесі) реляциялық әдістерімен кесте түрінде көрсетіледі; бұл жағдайда атрибуттар класына колонна аты немесе бағана, кесте шекарасына сәйкестеледі.
- Геокодтау - бұл мекен-жайды ендік пен бойлық сияқты географиялық координаттарға түрлендіру процесі.
- Microsoft Excel - әртүрлі салаларда деректерді талдау және басқару үшін кеңінен қолданылатын қуатты бағдарламалық құрал.