Глоссарий
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық картамен
басқа да картографиялық өнімдермен кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері
туралы ғылым. Картографияның жетістіктері карталарда, атластар мен глобустарда,
ғаламтор желілерінде көрініс тапқан.
Топография –
географиялық жəне геометриялық əдістерді пайдалана отырып, жергілікті жерді оқып-үйрену
негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейтін картографияның бір
саласы. Геоинформатиканың
ғылым ретіндегі анықтамасы: «Деректер базасы
мен географиялық білім негізінде компьютерлік модельдеу (үлгілеу) және талдау
арқылы табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді зерттейтін ғылыми пән». Геоинформатиканың
ақпараттық технология ретіндегі анықтамасы: «Геожүйелерді басқару, оңтайландыру
және жинақтау мәселелерін шешуге бағытталған кеңістікте таралған ақпараттарды
жинау, сақтау, түрлендіру, көрсету және тарату технологиясы. ГАЖ - шешім
қабылдау процесінде ақпаратты жинақтау мен талдаудың техникалық құралы». Геоинформатиканың
ақпараттық өндіріс ретіндегі анықтамасы: «Кеңістікте таралған ақпаратты
жинақтау және өңдеу, кеңістіктік шешімдерді дайындау, сонымен қатар
геоақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және пайдалану бойынша
өндірістік қызмет атқарады».