Глоссарий
Демографиялық көрсеткіштер – халықтың сандық жəне сапалық ахуалын (туу, сөлім-жітім, табиғи өсім, фертильділік жəне т.б.) сипаттайтын көр сеткіштер.
Демографиялық өтпелі кезең – елдің əлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгерістерге байланысты бала туу деңгейі жəне өлім-жітім деңгейін жоғары халықтың қайта өндіру типінен бала туу деңгейі жəне өлім-жітім деңгейін төмендеп кеткен түріне ауысуы.
Демографиялық саясат – мемлекеттің туу процесін реттеуге бағытталған əлеуметтік, экономикалық жəне заң саласындағы іс-шаралары. Жүргізілетін саясаттың мақсаты – уақыттың берілген кезеңіндегі демографиялық үдістерді сақтап қалу немесе өзгерту
Елдегі бала туу коэффициенті – бір жыл ішіндегі туылған балалардың 1000 адамға шаққандағы саны.
Еркін сауда аймағы – шетел мемлекеттері арасындағы сауда айналымына тарифтік жəне сандық шекте улер қойылмайтын ерекше статусқа ие болған аймақ.
Жалпы өнім – өнім өндіру көлемінің құндық көрсеткіші, яғни кəсіпорынның, ұйымның (бірлестіктің) белгілі бір кезеңдегі қызметінің ақшалай нəтижелерін сипаттайтын өнім өндіру көле мінің қорытынды лаушы көрсеткіші.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – берілген елдің ішіндегі шетел компанияларының табыстарын шығарып тастау, сонымен қатар берілген елдің кəсіпкерлері шетелде алған табыстарын қосу арқылы есептеледі.
