Талқылау форумы

Ермекбай Ақбота

 
Ақбота Ермекбай қатысушының суреті
Ермекбай Ақбота
Ақбота Ермекбай - Friday, 11 April 2025, 2:28 PM келді
 

1. Жобалық оқыту (практикалық-шығармашылық сабақтар)

• Оқушылар нақты өмірлік жағдайларға негізделген жобалар жасайды. Мысалы, “Экология және тұрмыстағы химия” тақырыбында оқушылар өз үйінде қолданылатын химиялық заттардың әсерін зерттеп, экологиялық қауіпсіз баламаларды ұсына алады.

• Бұл әдіс зерттеу, ынтымақтастық, цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастырады.


2. Семинар және дебат сабақтары

• Білім алушылар өз ойын еркін жеткізуді, пікірталас жүргізуді, ақпаратты талдауды үйренеді.

• Мысалы, “Ядролық энергияның пайдасы мен зияны” туралы семинарда оқушылар бірнеше көзқарасты талдап, дәлел келтіреді. Бұл коммуникативтік дағдыны дамытады.