Ықшамсабақ

Оқу нәтижелерін бағалау

 

Ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау бойынша ықшамсабақ.

Мақсаты-осы біліктілікті арттыру бағдарламасының модульдерін игеру қорытындысы бойынша жаңартылған бағдарламасына сәйкес нәтижелерді жоспарлау мен бағалаудың инновациялық тәсілдерін түсіну мен қолдануды бағалау. Ықшамсабақ - белгілі бір оқу материалын меңгеру және оқытудың әртүрлі әдістерін практикада көрсету үшін кәсіби біліктері мен дағдыларын пысықтау мақсатында "зертханалық" жағдайларда өткізілетін сабақ.

 «Ықшамсабақты дайындауға қойылатын талаптар:

    1.ЖОО қолданылатын технологиялардың бірін қолданып дәріс немесе семинар жоспарын жасау.

   2.Ұсынылған сабақ бойынша таныстырылым дайындау (5 слайдтан артық емес, 5-7 минуттан аспайды).

Ықшамсабақты бағалау критерийлері:

Ықшамсабақты бағалау бойынша қорытынды ең жоғары балл саны – 35 балл.

Таныстырылым келесі шәкілдер арқылы бағаланады: 0 – дәлелдемелер ұсынылмады, 1 – дәлелдемелер әлсіз, 2 – дәлелдемелер күшті, 3 – дәлелдемелер өте күшті (әрбір критерий бойынша максимальды балл - 3).  Таныстырылымның ұзақтығы: 5-7 минут