Бақылау сұрақтары
1. Нормандиялық жаулап алудың басты екі нәтижесін анықтаңыздар.
2. Норман жаулап алушылығы Англия тарихында прогрессивті құбылыс болды деген пікірді қолдайсыздар ма? Егер қолдасаңыздар пікірлеріңіздің дұрыстығын қалай дәлелдер едіңіздер?
3. XI ғасырда виллан термині кімдерге қатысты қолданылды?
4. Орта ғасырлардағы еуропалық парламенттердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын атаңыздар.
5. Мемлекетті бір орталықтандырудағы II Генрих реформаларының маңызы туралы түсінік беріңіз.
6. II Генрихтың әскери реформасының мазмұны.
7. Қабылданған «Еркіндіктің ұлы хартиясы» король қазынасына қалай әсер етуі мүмкін деп ойлайсыздар?
8. Хартияның прогрессивті маңызын анықтап беріңіз.