Курс туралы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Базалық ағылшын тілі  (Basic English) жаппай ашық онлайн курсы ағылшын тілінің бастапқы деңгейін меңгергісі келетін барлық студенттерге арналған. Бұл курс менің болашақ кәсібім (my future profession), отбасы және отбасы мүшелері (family and family members),  күн тәртібі (daily routine) және өткен апта немесе демалыс күндері (last weekend or weekends) сияқты қарым-қатынаста күнделікті өте жиі кездесетін тақырыптарды қамтиды. Әр апта сайын тыңдалым, оқылым және жазылым сияқты дағдылар дамытылады, курсты аяқтағаннан кейін қарапайым сұрақтарды қою, қысқа сұхбаттар жүргізу, қарапайым деңгейде ойды жеткізу сияқты қабілеттер қалыптасады.

Курс авторлары

Елубай Еркинай

Сениор лектор, филология ғылымының магистрі,  жоғары оқу орындарында шет тілінен 2005 жылдан бері дәріс беріп келеді. 2003 жылы Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің  педагогика факультетінің  екі шет тілі мамандығын тәмамдаған. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінің «6D010300-Педагогика және психология мамандығы» PhD докторанты. Білім беруді цифрландыру, жаппай ашық онлайн курстары (MOOCs), цифрлық құзыреттілікті дамыту бойынша 10 - астам ғылыми мақалалар авторы. Біліктілікті арттыру бойынша 2016 жылы Ұлыбританияда (Bedforshire University), 2019 жылы АҚШ-та қашықтықтан оқыту, онлайн курс жасау мәселелері бойынша (Pennsylvania State University) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2017 жылы білім беруді жаңаландыру мәселесі бойынша келесі халықаралық жобаға қатысып, кәсіби біліктілін арттырды: C0-funded by Erasmus + Programme of the European Union as part of the Project No.561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP ACCESSIBILITY AND HARMONIZATION OF HIGHER EDUCATION IN CENTRAL ASIA THROUGH CURRICULUM MODERNIZATION AND DEVELOPMENT/ACADEMICA/ from 1st February to 15th May 2017. Burgas Free University, Bolgaria.


Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүслімовна

Ұ.Әбдіғапбарованың 250-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланған. Соның ішінде 3 монографияның, 1 тұжырымдаманың, 3 жалпыға міндетті мемлекеттік  стандарттың, 9 оқулықтың,  2 электронды оқулықтың,  15 оқу құралының, 10 әдістемелік  құралдың авторы. 2 мақаласы Web of science, 7 мақаласы Scopus базасындағы нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда басылым көрген және Хирша индексіне ие. Сондай-ақ, 10 ғылыми еңбегіне авторлық куәлігі бар.

Ұ.Әбдіғапбарованың жетекшілігімен 5 кандидаттық, 7 PhD докторлық диссертация қорғалды.

Ұ.Әбдіғапбарова ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018-2020; 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми бағдарламалар мен жобалар байқауының жеңімпазы, «Дуальді-бағдарлық оқыту – болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдірудің шарты»; «Студентке орталықтандырылған оқытуды цифрлық ортада трансформациялау» атты ғылыми жобалардың жетекшісі. 2021 жылға арналған DAAD халықаралық жобалары аясында «Педагогикалық кәсібилікті дамыту мен білім беруді интернационализациялау» атты Нюренберг-Эрланген (Германия) университетімен бірлестіктегі жобаның Қазақстан Республикасы тарапынан жетекшісі.

Ұлжарқын Мүсілімқызы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің  екі рет "ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының (2009; 2020) иегері, Министрліктің «Ы.Алтынсарин, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім саласының құрметті қызметкері»  төсбелгілерімен марапатталған.