Жаңартылған білім мазмұны жағдайында педагогикалық практикадан өтуге дайындық

2021 жылдың 01-24 қыркүйек аралығында Абай ат. ҚазҰПУ профессорлық-оқытушылар құрамы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ тренерлерімен бірге «Жаратылыстану және география», «Өнер, мәдениет және спорт», «Тарих және құқық», «Математика, физика және информатика», «Педагогика және психология», «Филология және көптілді білім беру» институттарының педагогикалық мамандықтарының бітіруші курс студенттеріне дуалды оқыту аясында «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында педагогикалық практикадан өтуге дайындық» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

2021-2022 оқу жылының ерекшелігін ескере отырып, 72 сағаттық курстардың бағдарламаларын Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының оқытушылары Оракова А.Ш., Корнилова Т. Б., Белденбаева М. Т. дайындады.

Курстардың тақырыптарына орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру мен басқаруда басшылыққа алынатын жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен, тиімді және белсенді оқыту әдістерімен, саралау тәсілдерімен, критериалды бағалауға қойылатын жаңа талаптармен танысу кірді.

Педагогикалық мамандықтардың бітіруші курс студенттері практикалық сабақтарда өз пәндері бойынша оқу мақсаттарын пысықтауға, оларды сабақ мақсаттарына айналдыруға, қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша бағалау өлшемшарттары мен тапсырмаларын қалыптастыруға, белсенді оқыту, кері байланыс және рефлексия әдістерін пайдалануды көрсетуге мүмкіндік алды.

Студенттер қашықтықтан білім берудің заманауи трендтерімен жұмыс жасады: e-learning, u-learning, m-learning, smart-learning, fleeping-learning; оқу процесінде GoogleDrive «бұлтты технологиялар» қосымшаларын қолдана отырып, жоғары сапалы байланыс және құжаттаманы жүргізу әдістерінде қолданды. Курс соңында тыңдаушылар университеттің ПОҚ мен  «Өрлеу» БАҰО» АҚ тренерлеріне жаңа ақпаратпен қамтамасыз еткендері үшін алғыстарын білдіріп, оқытудың практикалық бағыттылығын және курста қарастырылған тақырыптардың өзектілігін атап өтті. Тыңдаушылармен кері байланыс келесі курстарға жаңа сұраныстарды: мектепке дейінгі ұйымдар үшін ұқсас форматтағы курстардың бағдарламаларын әзірлеуді анықтауға көмектесті.