Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін басқару және ұйымдастырудың ерекшеліктері

2021 жылғы 06-17 қыркүйек аралығында  Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы магистранттарға «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін басқару және ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында 80 сағаттық қазақ және орыс тілдерінде қашықтықтан оқыту режимінде біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курсқа жаратылыстану және география, тарих және құқық, педагогика және психология институттарының магистранттары қатысты.

Орталық оқытушылары Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б., Белденбаева М.Т. тыңдаушыларды жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін басқару мен ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық құжаттармен, тиімді және белсенді оқыту әдістерімен, саралау тәсілдерімен, критериалды бағалаудың жаңа талаптарымен таныстырды.Тәжірибелік сабақтарда өз пәндері бойынша оқу мақсатына негізделген сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін, белсенді оқыту әдістері мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар құрастырып дескрипторлар, кері байланыс пен рефлексия әдістерін жинақтады. Әріптестермен әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда коучинг және тәлімгерлік жұмыстың тиімділігімен танысты. Қашықтықтан білім берудің заманауи трендтері: e-learning, u-learning, m-learning, smart-learning, fleeping-learning және  оқу процесінде GoogleDrive «бұлттық технология» қосымшаларын пайдалана отырып жоғары сапалы байланыс және құжаттаманы жүргізумен  машықтанды. Курс соңында тыңдаушылар тарапынан курста қарастырылған тақырыптардың өзектілігінің өз зерттеу тақырыптарымен байланыстылығын және мектептегі тәжірибесі үшін тың ақпараттармен қамтамасыз етілгендерін  ерекше атап өтіп, алғыстарын білдірді.