№8 практикалық сабақ. Географиядағы картографиялық үлгілеудің мәні
Setup phase
- Setup phaseCurrent phase
- Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
- Submission phase
- Assessment phase
- Grading evaluation phase
- Closed
Мақсаты – студенттерді сандық-статистикалық материалдарды жинақтау, өңдеу және талдауға үйрету және картографиялық жұмыстарды жобалау және құрастыру туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру.
Көрнекті құралдар:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласы, 2010. 2 том. Әлеуметтік экономикалық дамуы.
2. Кескін карта (Қазақстан Республикасы).
Орындалатын тапсырмалар:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы келтірген деректер негізінде Қазақстан Республикасы халық санының картасын құрастыру (төменде үлгі ретінде ҚР-ның халық саны картасы берілді). Карта мазмұнына қойылатын талаптар:
1) ҚР халқы санының соңғы 5 жылдықтағы динамикалық өзгерісіне гистограмма құру;
2) Облыс халқы санының республика халқы санындағы үлесін (%-пен) анықтау. Алынған нәтижелерді максимум және минимум көрсеткіштеріне байланысты рангтерге жіктеу (рангтерге жіктеу әдістемесі төменде берілді);
3) Облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша халық санына гистограмма құру;
4) Алынған нәтижелер бойынша жазбаша талдау жасау.
Жүргізу түрі: Ашық ғаламтор желілерімен, веб-картографиялық сервистермен жұмыс.
Көмекші құралдар мен жабдықтар:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистика бюросының интернет-ресурсы:
https://stat.gov.kz/edition/publication/collection
Демографиялық жылнамалық бойынша басқа да тақырыптық карталар құрастырылса қосымша балл қосылады
Тексеру формасы: Тапсырмалар дәптерге жазылып, слайд құрастырылады, слайдта веб-картографиялық сервистерден скриншоттар алынып беріледі. Тапсырманы ауызша сұрау арқылы тексеріледі.
*Карта ҚР-ның Ұлттық Атласынан алынды
Рангтерге жіктеу бойынша әдістемелік нұсқау:
Нысандарды сандық деректері бойынша топтастыру үшін рангтерге жіктеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс дүниежүзі елдерінің әртүрлі көрсеткіштер жиынтығы бойынша жасалатын рейтингтерін құрастыруда қолданылады. Әдетте рейтинг бойынша топтастыру кезінде жоғары, орташа және төмен рангтер анықталады. Мысалы, әлем елдерінің туу коэффициенті бойынша топтарын анықтап көрейік. Туу коэффициентінің ең жоғары (46 ‰) және ең төмен (8‰) көрсеткіштерін табамыз. Ендігі кезекте формула бойынша топтардың айырмасын көрсетіп тұратын интервал анықталады:
мұндағы max — көрсеткіштің максимум шамасы; min — көрсеткіштің минимум шамасы, х — интервал .
Осы формула негізінде анықталған интервал шамамен 12,6 тең болады. Енді интервалды қосу арқылы топтардың көрсеткіштерін анықтайық.
8 — 20,6 (туу деңгейі төмен елдер);
20,7 — 33,2 (туу деңгейі орташа елдер);
33,3 — 46 (туу деңгейі жоғары елдер).
Дүниежүзі елдеріндегі туу деңгейі
(Population Reference Bureau деректері бойынша құрастырылды, 2018)