№12 практикалық сабақ. ХХІ ғасырдағы қалалық және ауылдық қатынастар
Setup phase
- Setup phaseCurrent phase
- Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
- Submission phase
- Assessment phase
- Grading evaluation phase
- Closed
Мақсаты: Әлемдегі қала және ауыл халқының өзгерісіне тарихи-географиялық баға беру. Дамушы және дамыған елдердегі басты айырмашылықтарды түсіндіру. Урбандалу үрдісіне әсер ететін факторлар тобын анықтау, кешенді бағалау. Құрлықтар бойынша ең жоғарғы және ең төменгі урбандалған аумақтарды анықтау, себебін түсіндіру.
1-тапсырма: Open Office Calc мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 1800-2022 ж.ж. әлем және қала халқының динамикасын бейнелеу. Гистограмманың бірінші көк түсті бағанында әлем халқының арту динамикасы бейнеленсе, екінші қызыл түсті бағанда қала халқының динамикасы беріледі.
2-тапсырма: 1950-2022 ж.ж. дамыған және дамушы елдердегі қала халқының динамикасын бейнелеу. Бір бағанда дамыған елдер, екінші бағанда дамуышы елдердің нәтижесі беріледі.
3-тапсырма: Шеңбер типтегі диграммаға құрлықтар бойынша урбандалу көрсеткіштерін бейнелеу.
4-тапсырма: "ТДМ 11 - Тұрақты қалалар және елді мекендер" тақырыбында зерттеушілік талдау жасау.5-тапсырма: Статистикалық мәліметтерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Қазақстандағы қала және ауыл халқы (1959-2017 ж.ж. (%-бен )
№ |
Халықтың жалпы саны (%-бен) |
1959 |
1970 |
1979 |
1989 |
1999 |
2009 |
2017 |
1 |
Барлық халық |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
2 |
Қала халқы |
44,5 |
50,9 |
54,3 |
57,1 |
56,4 |
54,1 |
57,4 |
3 |
Ауыл халқы |
55,5 |
49,1 |
45,7 |
42,9 |
43,6 |
45,9 |
42,6 |
Қазақстанда қай жылдары урбандалу қарқынды болды? Тоқырау жылдарында не себепті ауыл халқы қалаға көшті? Урбандалу үдерісі Қазақстанды қалай өзгертті?
Жүргізу түрі: Ғылыми әдебиеттермен, ашық ғаламтор желілерімен және дәптермен жұмыс.
Дереккөздер:
1. Peter Hall.
Cities in Civilization: Culture, Technology and Urban Order. – London: Weidenfeld &
Nicolson,1998. – Р. 22-23. 2. Chuanglin Fang, Haitao Ma, Zhenbo Wang, et al. The
sustainable development of innovative cities in China: Comprehensive assessment
and future configuration // Journal of Geographical Sciences, 2014. – №24(6). – Р. 1095-1114. 3. Ch. Landry. The Creative City: A Toolkit for Urban Innovators.
– London: Earthscan
Publications Ltd.,2000. – P. 67-87. 4. In-depth Report: Indicators for Sustainable Cities, November 2015. Iss.12.Bristol//http://ec.europa.eu/environment/integration/research/newsalert/pdf/indicators_for_sustainable_cities_IR12_en.pdf 5. Нұрланова Н.Қ.,
Гайсина С.Н., Мелдеханова М.Қ., Берішев С.Х., Бірімбетова Н.Ж., Киреева А.А.
Қазақстандағы моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі
мәселелері. –Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, 2012. - 156 б. 5. Каймулдинова К.Д., Бейкитова А.Н.
Қалалар географиясы. – Алматы: Ұлағат, 2014. – 80 б. 6. Тетиор А.Н. Устойчивое развитие города:
электронный ресурс // http://leadnet.ru/tet/ 7. United Nations, Department of Economic and Social
Affairs, Population Division (2022). The World’s
Cities in 2022. – New York, 2022. –
29 р.