№3 – практикалық сабақ Тақырыбы: Картографиядағы математикалық есептеулер Справка по использованию элемента «План семинара»

Фаза настройки

Сроки проведения семинара с фазами (5)Перейти к текущим задачам
Фаза настройки
Текущая фаза
  • Информация о задаче В настоящее время семинар настраивается. Пожалуйста, подождите, пока он перейдет в следующую фазу.
Фаза представления работ
Фаза оценивания
Фаза оценивания оценок
Закрыто
Введение

Мақсаты: Студенттерге картографиядағы математикалық есептеулерге үйрету

1-тапсырма. Берілген формулалар арқылы келесі өлшемдерді анықтау:

Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар.

1) n параллельдер мен m меридиандар бойынша жеке масштабты;

2) меридиандар мен параллельдер бойынша бұрмаланушылықты;

3) меридиан мен параллель арасындағы бұрышты θ және оның 900 ауытқуын ε;

4) аудандарының бұрмалануын ρ;

5) ең көп a және ең аз b;

6) бұрыштың бұрмалануын ω;

7) пішіндерінің бұрмалануын κ.

Есептеуді жүргізу үшін қажет формулалар:

Сурет

2-тапсырма. Тор жиілігі 150 болатын квадраттық цилиндрлік проекция негізінде картографиялық тор құру. Берілген тор негізінде тақырыптық карта құрастыру керек (19 кесте).

Сурет

Жұмысты орындауға əдістемелік нұсқау: 

Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Бұл проекция меридиандар бойынша қалыпты цилиндрлік тең аралық проекция. Оны құру кезінде келесідей жағдайлар ескеріледі: m=const=1 яғни меридиандар бойымен ұзындықтың масштабы басты масштабқа тең. Бұл жағдайлар торды өзара перпендикуляр түзулер арқылы салынған тең квадраттар құрылғанда сақталады.


Əдебиеттер тізімі:

  1. Тоқпанов Е., Мазбаев О.Б. Картография және топография негіздері – А, 2012. – 464 б.
  2. Мұздыбаева Қ.Қ. Картография топография негіздерімен Практикум – А, 2011 – 112 б.
  3. Жұмаділда Б.Ы., Жантілесова Д.М., Жантілесов Ж.Х. Топография геодезия негіздерімен –   Қарағанды «Ақнұр баспасы», 2012. – 240 б.
  4. Жұмаділда Б.Ы. Картография негіздері оқу құралы Қарағанды, 2012.  – 132 б.
  5. Ян Хейвуд,  Сара Корнелиус, Стив Карвер Географиялық ақпарат жүйелеріне кіріспе А, 2013 – 472 б.