Дәріс 7. Топографиялық карталар мен пландар
Дәріс 7. Топографиялық карталар мен пландар
Дәрістің мазмұны
1. Топографиялық карталар мен пландар туралы түсінік.
2. Олардың қасиеттері, жүйесі мен талаптары.
3. Математикалық негізі, номенклатурасы мен жіктелуі.
Топографиялық карта – шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі.
Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті, кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады.
Топографиялық карталар жалпы мемлекеттің, елдің қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы үшін де қажет.Топографиялық карта көмегімен орындалатын міндеттердің сан алуандығы әртүрлі масштабтағы карталардың болуын керек етеді.
Топография – жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия әдісі қолданылады.
Топографиялық карталарда бұрмалану болмайды, сондықтан, халық шаруашылыгының талай жерлерінде колданады. Мысалы; практикалық іс-тәжірибеде бағдарды анықтаған кезде, жер кадастрында, ауыл шаруашылығында т.б.
2.Топографиялық картаның масштабы деген – жер бетіндегі шын мәніндегі, қашықтық неше есе кішірейтілгенін көрсететін шарты өлшем. Немесе, картадағы сызықтық ұзындығымен осыған сәйкес жер бетіндегі горизонтальды сызықтың ұзындығы арасындағы қатынас картаның масштабы деп аталады.
Масштабтын бірнеше түрі бар:
- сандық масштаб – бөлшек ретінде беріледі. 1: m. Мысалы: 1:100 000, барлық ұзындық өлшемдер 100 000 есе қішрейтілгенін көрсетеді. 1м – 100см, 1км – 1000км. Сонымен, саны үлкен болса масштаб ұсақ болады. Егер масштабтағы берілген санды 100 бөлетін болсақ /ең сонғы екі нольді ошірсе/ онда жергілікті жердігі 1см неше метр болатынын білетін боламыз. Мысалы: 1:100 000, 1см – 1000м немесе 1 км. Осы сан масштабты сөзбен айтатын болсақ – атау масштаб деп атаймыз. 1:20 000 1см-200м; 1:25 000 1 см-250м; 1:1000 000 1см-10 км; 1 см- 50м 1:5000; 1см- 100 м 1:10 000; 1 см- 5 км 1:500 000. Немесе атау масштабты сан масштабқа аудару; 1см – 1м 1:100; 1см – 10м 1:1000: 1см – 100м, 1:10000; 1см – 1км, 1:100 000.
- сызықтық масштаб деген тузу сызық түрінде әр бір кесіндіге бөледі.
«0» - оң жақа қарай салынған кесіндіні /а/ сызықтық масштабтын негізі деп аталады. Ара қашықтықты дәлдікпен анықтау үшін, сызық масштабтың сол жағына қарай, сызылған кесіндіні 1см, 10 бөлікке бөледі, осыны сызық масштабтың ен кіші кесіндісі деп аталады. Сызық масштабтың негізі 1см – 1км, ен кіші сызық масштаб 1мм – 100 м. Мысалы; 1:25 000, 1см – 250 м, 1мм – 25м; 1:50 000, 1см – 500м, 1мм – 50м.
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаныңмасштабына байланысты болады.
Масштабы кішірейген сайын картаныңжер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картағагеографиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Әскери істегі Топография – тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялықсьемкалар қолданылады.
Топографиялық сипаттама беру үшін бөген мысалын негізге ала отырып, топографиялық сипаттамалары ретінде айдын ауданы мен көлемінің тежелу деңгейі араларын байланыстыратын қисық сызықтар немесе бұл сипаттамаларды анықтау үшін жергілікті жердің горизонталды планы түріндегі болашақ су басатын ауданның ірі масштабтағы планды-биіктігі бейнелетін түсірулер жасауға болады.
Ұсақ масштабты түсірулер арқылы алынған топографиялық сипаттамалар шамалап алынған деп есептеліп, көп жағдайларда жобалаудың тек алдыңғы сатыларында ғана пайдаланылуы мүмкін. Ол кейіннен ірі масштабты түсірулер арқылы дәлірек анықталатын болады. Бөген айдынының ауданын анықтау – деңгейдің әр түрлі жағдайларындағы аудандардың түсіру пландарында планиметриялау арқылы жүргізіледі. Айдын аудандарының деңгей белгілерімен байланысын анықтау (сызу) үшін планиметрияны барлық горизонтальдар ауқымында (ең төмеітті деңгей, яғни түбінен ең жоғарғы деңгей – тежелген суға дейінгі аралықта жүргізу қажет.
Топографиялық карталардың жіктелуі мен номенклатурасы. Әртүрлі масштабты топографиялық карта көптеген беттерден тұрады. Беттерге бөлінуі – жіктеу, ал белгілеу жүйесі немесе картаның адресі – номенклатура деп аталады. Номенклатура картаның масштабымен және географиялық орнымен байланысты. Топографиялық карталардын жіктелуі және номенклатурасы негізінде 1:1000 000 масштабты картаның номеклатурасынан алынады.
Осы картаның әр бір беті 6*/ сайын жүргізілген меридиандармен және 4* қашықтағы параллельдермен шектеледі. Соның нәтижесінде жер шарынды мөлшері бойлық бойынша 6* және ендік бойынша 4* трапециялар пайда болады. Екі қөршілес параллельдер арасындағы 4* мөлшерді – қатар деп айтамыз. Қатарды латын алфавитмен экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай саналады (A – Z). А қатары экватордан 0* - 4*, В 4*-8*, С8* - 12* т.б. Сонымен экватордан сол ж/е оңс. 22 қаттар /44/.
Ал енді 6* меридиан арасындағы мөлшерді – колона қатары деп айтамыз. Колоналардың номерациясы батыстан шығысқа қарай араб цифраларымен саналады. 1 колона 180*-174*б.б., 2 - 174*-168*б.б. 3 -168*-162*б.б. т.б. Сонда 0* меридиан сызығы 30 колонада орналасады. Сонымен колоналарды 180* санаған кезде бүкіл дүние жүзінде 60 колонна бар. Ал енді 1000 000 картаның бетін жіктемесі қатар және колона бойынша алынады. Мысалы: ендік 52* - 56*с.е., бойлығы 30* 36* ш.б. Ендік 14 қатарда орналасады, оның әрібі N, ал бойлық 30* - 36*ш.б. 36 колона орналасады.
Сондықтанда, 1:1000 000 картаның номенклатурасы N-36 болады. Мысалы: Мәскеу кіретін беттің номенклатурасы N-37, Сан-Петербург О-36, Астана М-42, Алматы К-43 Полюстерғежақындаған кезде колоналар кішірейеді, сондықтан ендік 12* алынады /60*-76*/, ал 76* /24* ендікпен алынады/. Сан масштаб екі есе өсетін болса берілген территорияны бейнелеу 4 есе арттырады. Сондықтан, 1000 000 картадағы берілген территорияны орта параллельмен меридиан бойынша 4 бөлікке бөлеміз. Трапециянын размері ендік бойынша 2*, бойлық 3*, 1:500 000 масштабтық картаның жіктелуі болып шығады. Беттері орыс алфавитінің бас әріптерімен – А,Б,В,Г белгіленеді. Номенклатурасы бұрынғы 1000 000 картаның атау мен керекті орыс әрпімен тұрады, Мысалы, N-36-A.
30*00ш.б. 36*00ш.б.
|
А хххххххх |
Б |
|
В
|
Г |
56*00с.е.
52*00с.е.
Масштаб ірі болған сайын, берілген территория кішірейеді, келесі 1:200 000 картаның номенклатурасын табу үшің, миллиондық картаның бетін 36 кіші трапецияға бөлсе, 6 бетті 6 қатар болады. Осы картаның бетін рим цифраларымен белгіленеді. Беттері 1* меридиан, 40 параллельдермен бөлінеді. N-36-ХУ,1:200 000
30*00ш.б. 36*00ш.б.
|
1 |
11 |
111 |
1У |
У |
У1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ХУ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ХХХУ |
56*00с.е.
52*00с.е.
1:100000 жіктелу негізін де миллиондық карта жатыр. Оны меридиандармен 30+ сайын және параллаельдермен 20+ сайын 144 бөлікке бөледі. Сонда жүзмындық трапецияның номенклатурасы N-36-54, N-36 миллиондық картанын номенклатурасы, ал 54 жүзмындық картанын номенклатурасы.
30* 31* 32* 33* 34* 35* 36*
30 30 30 30 30 30
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
25 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
37 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
49 |
|
|
|
|
54 |
|
|
|
|
|
|
|
61 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
73 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
85 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
97 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
109 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
121 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
133 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
144 |
56*00с.е.
40
20
55*00
40
20
54*00
40
20
53*00
40
20
52*00с.е.
Масштаб 1:100 000, N-36-54
Бұдан арғы 1:50 000 картаның бетін, 1:100 000, картадан алып соны орта меридиан және параллель бойында 4 бөлікке бөлеміз. Олардын бетін орыс алфавит әріптерімен /А,Б,В,Г/ белгілейміз. Осы беттердің размерлері ендік бойынша 10+, ал бойлық 15+. Сонда, номенклатурасы N-36-54-Г, N-36 1:1000000, -54; 1:100 000, -Г ; 1:50 000. Келесі 1:25 000 картанын беті, 1:50 000 картанын бетін 4 бөікке бөліп, оларды орыс алфавитінін кіші әріптерімен белгілейміз /а,б,в,г/, ендіктері 5+, ал бойлығы 7+5-. Сонда 1:25 000 картанын номенклатурасы N-36-54-Г-а болады. N-36, миллиондык картанын номенклатурасы, 54 – жүзмындық, Г- елумындық, а – 25 000.
32*30 32*45 33*00 ш.б.
|
А
|
Б |
|
В
|
Г хххх |
54*40с.е.
54*20с.е.
Масштаб 1:50 000, N-36-54-Г
32*45 ш.б. 33*00ш.б.
|
а хххх |
б |
|
в
|
г |
54*30с.е.
54*25
54*20с.е.
Масштаб 1:25 000, N-36-54-Г-а
Келесі карта, 1:10 000, бүл картаны бетінің номенклатурасы N-36-54-Г-а-2,
N-36- 1:1000 000, 54- 1:100 000, Г- 1:50 000, а- 1:25 000, 2- 1:10 000. Сонда, 1:25 000 картаның бетін 4 бөлікке бөлеміз, оны араб цифраларымен белгілейміз.
32*45ш.б. 32*54+30 ш.б.
|
1
|
2хх |
|
3
|
4 |
54*30с.е.
54*25с.е.
Сонымен, масштаб өзгерген сайын, территорияның көлемі де және номенклатурасы да өзгереді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. М.Қ. Омаров. Картография және топография негіздері: (оқу әдістемелік құрал) / Құрастырушы М.Қ. Омаров. – Павлодар, ПМПИ, 2013. – 210 б.
2. Тоқпанов Е., Мазбаев О.Б. Картография және топография негіздері – А, 2012. – 464 б.
3. Мұздыбаева Қ.Қ. Картография топография негіздерімен Практикум – А, 2011 – 112 б.
4. Жұмаділда Б.Ы., Жантілесова Д.М., Жантілесов Ж.Х. Топография геодезия негіздерімен – Қарағанды «Ақнұр баспасы», 2012. – 240 б.
