Дәріс 3. Географиялық карталардың математикалық негізі
Дәріс 3. Географиялық карталардың математикалық негізі
Мақсаты: географиялық
глобус көмегімен шешілетін мәселелермен, карта масштабының өзгеруімен танысу.
Қолданылатын құралдар: географиялық глобус, физикалық карта, 6 сыныпқа арналған атлас.
Жоспар: 1. Географиялық глобустың ерекшеліктері және қасиеттері
2. Ортодромия және локсодромия
3. Ұсақ масштабты карталардың масштабы
Жер пішінін – геоид деп атаймыз, ол сұйық деңгей бетімен алынған және де Красовскийдің эллипсоидынан айрмашылығы өте аз. Осы эллипсті бірнеше миллион рет кішірейтіп географиялық глобус бетіне орналастырған.
Географиялық глобустың мынандай ерекшеліктері бар:
-глобуста жер беті 6 материкке және 4 мұхитқа бөлінген. Олардың орналаскан жерлері анық көрсетілген;
-экватор сызығы жерді екі жарты шарға /солтүстік, оңтүстік/, ал нольдік меридиан сызығы / батыс, шығыс/ бөледі;
-меридиан және параллель ұзындығы, олардың орналасуы жер бетінің градус торына сәйкес келеді.
Географиялық глобустың мынандай қасиеттері байқалады:
1. Глобуста масштаб қашықтығы барлық жерінде сақталады, осыны тең аралық дейді.
Мысалы, глобустың масштабы 1:50 000 000 болса, Жердің радиусымен, екі қашықтықтың арасы 50 млн. рет кішірейтілген. Сондықтан меридиан ұзындығы бірдей; параллель экватордан қашықтаған сайын глобуста және Жер бетінде кішірейеді; екі параллель арасындағы меридиан кескіні глобуста бірдей.
2. Глобуста масштаб барлық жерде сақталғандықтан, жер бетіндегі географиялық нысандардың көлемі сақталады, осыны тең мөлшерлік дейміз. Мысалы: географиялық нысандардың көлемі жер бетіндегі орналасқан жерлерімен сәйкес келеді.
3. Меридиан және параллель сызықтарының қиылысқан жерлері глобуста түзу сызық түрінде болады – осыны тең бұрышты деп атаймыз.
Сонымен тек қана географиялық глобуста осы 3 қасиет сақталады, ал басқа картографиялық шығармаларда тек қана бір қасиет сақталады.
Географиялық глобустағы ең кіші ара қашықтықты ортодромия деп атаймыз. Глобуста сызықтар барлық меридиандарды бір бұрыштан қиып өтуі осыны – локсодромия деп атаймыз. Сондықтан, ортодромияны және локсородияның көмегімен мынандай мәселелер шешіледі: теңіз және әуе жолдарында, ғарышта қолданады.
1. Кішірейтілген жер эллипсоиды жазықтықта бейнеленеді. Ол үшін эллипсоид жер бетін, сфералық екі бұрышты зоналарға бөліп, осы зоналарды бөлек жазық кағазға орналастырады.
Орта немесе ось меридианымен, экватор сызықтары бір-біріне перпендикуляр тузу сызық түрінде, бұрмаланусыз орналасады. Ал осы сызықтардан /орта меридиан және экватордан/ алыстаған сайын бұрмалану бірте-бірте өсе береді. Сфералық зоналар жазықтықта математикалық заңдар бойынша есептеледі. Орта меридиан баска меридиандар және параллельдерге қарағанда жазықтықта түзу орналасады. Орта меридиан бойында картаның масштабы сақталады, ал басқа меридиандардың ұзындықтары бірте-бірте өзгереді. Сфералық Жер беті жазықтыққа орналасқан кезде кейбір жерлері созылады немесе қысылады. Ал жердің бейнелеуі картада бір қалыпты болу үшін кейбір жерлерінде бұрмалану қажет етеміз. /Мысалы, экватор бойында/. Кейбір жерлерін қысқан кезде немесе созған кезде глобустан алынған масштаб өзгереді. /6 сынып атласы 4 бет/. Сонда, кейбір сызықтар ұзындық бойынша өзгермейді, ал басқаларының масштабы да өзгереді. Ал, экватор сызығы бойында және орта меридиан сызығы бойында масштаб өзгермейді. Параллельдер бойында масштаб катты өзгереді. Параллельдер экватордан алыстаған сайын созылады және масштабта ірі бола бастайды. Сонымен, картаның бірнеше жерлерін алсақ масштабта бір талай өзгереді. Мысалы: /С/ нүкте бойында масштаб параллель бойында ірі, ал меридиандағы кескінді /СД/ бірнеше созылған зона бойында орналасқан, сондықтан масштабыда әртүрлі болады. Кішірек кескінді алатын болсақ масшабтың өзгергені байқалмайды. /АВ/. Картаны жасаған кезде глобустан алынған масштаб тек қана кейбір сызықтарда сақталады, осыны ең басты масштаб деп аталады. Жеке масштаб нүктенің бойлығымен, ендігімен және картографиялық проекциямен байланысты.
Бекіту сұрақтары:
1. Картаның математикалық негізгі элементтеріне не жатады?
2. Картографиялық проекция дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
3. Проекциялардағы бұрмаланудың қандай басты түрлері бар?
4. Цилиндрлік, проекцияларда қандай карталар жасалынады?
5. Конустық және азимуттық проекциялар қандай карта жасау үшін қолданылады?
